Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Жаса, жайна, ару Астана

Ашық тәрбие сағаты
Сыныбы: 4-сынып
Тақырыбы: <<Жаса, жайна, ару Астана!>>
Мақсаты: Қазақ елінің кіндік қаласы Астана туралы толдық ақпарат жинап,мағлұмат алу. Оқушыларды жобалау, зерттеу жұмыстарына үйрету.
Бас қаламыз Астананың болашағын жалғастыратын, қазақ халқының
адал, адамгершіл ұрпағын тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық тәрбие
беру, елін, жерін сүюге баулу.
Әдісі: жобалық оқыту
Көрнекілігі: техникалық, мультимедиялық құрылғылар, бейнетаспа, суреттер.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. ҚР-ның Гимні

Негізгі зерттеу сұрақтары:
Ежелгі Сарыарқа туралы не білеміз?
Ақмола қаласының Астана аталуы қалай болды?
Астанада қазір қандай өзгерістер жүріп жатыр?
Елордамызға көркем келбет беріп тұрған жаңа ғимараттарымыз қандай екен?
Жоба барысында нені білгім келеді? (оқушы көкейіндегі сұрақтар)
Астанадағы жаңа ғимараттар туралы білгім келеді?
Бұрынғы Ақмола қандай болды?
Қаланың атаулары қай жылдары, қалай өзгерді?
Алғашқы кездегі тұрғындары және білім ордалары туралы білгім келеді.
Жүру барысы:
1. <<Астана - болашаққа ұмтылысымыздың тарихымызбен, мәдениетімізбен және дүниетанымымызбен ажырағысыздай байланысты символы. Сондықтан, барша қазақстандықтар өз елін, өз астанасын, мақтаныш етуі үшін мен сіздермен бірлесіп осында Отанымыздың Елордасын салып жатырмын. Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі>> Н.Ә.Назарбаев
2. <<Астана>> сөзіне ассоцация құру

3. Презентациялар шеруі
1 - топ: <<Ежелгі Сарыарқа, астықты алқап>>
Ақпарат, мәлімет жинау: топ мүшелері
Өнімі: мультимедиялық презентация Қорғау: Саягүл Әбдірешова

Ақмоланың тарихы 1830 ж. Қараөткелде Ақмола қамалының салынуынан бастау алады. Алғашқы 30 жыл ішінде Ақмола тұрғындарының саны 2000-нан асады. Одан кейінгі 30 жылда қала халқы 3 есеге көбйеді. Қалада небәрі 5 мектеп пен училище, 3 фабрика болды.
Тың жерлерді игеру жылдары қала өміріне түбегейлі өзгерістер әкеледі. 1960 ж. 100 мыңға жуық тұрғыны бар Ақмола тың өлкесінің орталығы болып бекіді. Көп ұзамай қаланың аты Целиноград болып өзгерді. Кейіннен қаланың атауы бұрынғы атауын иемденеді. 1997 жылдары қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгін де Астана 710,2 шаршы шақырым жерді алып жатыр.

2 - топ: <<Жылдардан қалған естелік>> (жылдар хрониасына шолу)
Ақпарат, мәлімет жинау: топ мүшелері
Өнімі: мультимедиялық презентация
Қорғау: Арайлым Маратова
> 1830 жылы қазіргі Астананың іргетасы қаланды;
> 1860 жылдары Ақмола қалашығының тұрғындары 2000-нан асты;
> 1890 жылдары қала тұрғындары 3 есеге артты;
> 1960жылдың желтоқсанында ақмола қаласы Тың өлкесінің орталығы болып бекіді;
> 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді;
> 1992 жылы Целиноград қайтадан Ақмола болып өзгертілді;
> 1994 жылдың 6-шілдесінде ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі елорданы Ақмолаға көшіру туралы Қаулы қабылдады;
> 1998 жылы Ақмола атауы Астана болып өзгеріп, еліміздің кіндік қаласына айналды;
> 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға алтын медаль және <<Әлем қаласы>> деген жоғарғы атакғы берілді;

3 - топ: <<Көрікті Астананың көркем келбеті>> (Астанадағы бой көтерген жаңа ғимараттарр туралы)
Ақпарат, мәлімет жинау: топ мүшелері
Өнімі: мультимедиялық презентация
Қорғау: Мерей Болатұлы, Мерей Құрманғазы, Ақөзен Бекежанова, Саяжан
Сабитова, Нұрқуат Мұсаев
(Қорғалған барлық ғимараттардың ішкі - сыртқы фотосуреттері көрсетілді)
►Ақорда. ҚР Президентінің <<Ақордасы>> 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Жалпы көлемі 36720 шаршы метр. ҚР Президентінің ресми тұсаукесері 2004 жыл, 24-желтоқсан күні өтті.
►ҚР сы Парламентінің Сенаты, ҚР Парламентінің мәжілісі ғимараттары
►ҚР-ның Үкімет үйі
►ҚР-ның Жоғарғы Соты
►ҚР-ның Сыртқы Істер Министрлігі
►ҚР-ның Тұңғыш Президентінің мұражайы
►ҚР-ның Президенттік Мәдениет орталығы
►Астана халықаралық әуежайы
►Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
►<<Думан>> ойын-сауық орталығы
►Мұхитарал
►Ұлттық ғылыми медициналық орталық
►<<Астана-Бәйтерек>> монументі
►<<Бейбітшілік пен келісім>> сарайы
►<<Нұр - Астана>> орталық мешіті
►<<ҚазМұнайГаз>> кешені
► Жаңа көпір
►<<Астана - Арена>> стадионы

4 - топ: <<Жаса, жайна, ару Астана!>> (Астана туралы шығармашылық жұмыстар
көрмесі және әдеби монтаж дайындау)
Сурет салу, өлең шығару: топ мүшелері
Өнімі: мультимедиялық презентация, әдеби монтаж
Қорғау: топ мүшелері

4. Бейне көрсетілім <<Астана - менің қалам>>
4. Сөзжұмбақ <<Астана>>
5. Қорытындылау. <<Не үйрендік? Не білдік?>>

Ұқсас жұмыстар
Біз қай топтың балаларымыз
Жаса, ҚАЗАҚСТАН Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраның тексті туралы заң
Біз отанның сарбаздары. ересектер тобы
Қазақстан, мәңгілік жансын бағың!
Оқушы жетістіктері
Тәуелсіздік - таң нұры жайлы ақпарат
Менің Қазақстаным - менің болашағым 4 сынып
Оқушылар шығармашылығы
Ана тілін қадірлейік, балалар
Түбірлес сөздер.қазақ тілі.3сынып
Пәндер