Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қыз тәрбиесі - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

<<Қыз тәрбиесі - ұлттың ұяты, халықтың шырайы >> атты ата-аналарға арналған коучинг сабағының жоспары


Коучинг сабағының тақырыбы:
<<Қыз тәрбиесі - ұлттың ұяты, халықтың шырайы>>

Коучинг сабағының мақсаты:
Ата-ананың қыз бала тәрбиесіне дұрыс мән беруі, ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға,ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салуы үшін көмектесу.

Табыс критерийлері
* Қыз бала тәрбиесі туралы біледі;
* Қыз бала тәрбиесінің мақсаттарын анықтайды және негіздейді;
* Қыз бала тәрбиелеуде тиімді жақтарды нақтылап өмірде пайдалану жолдарын үйренеді
* Қыз балаға дұрыс тәрбие беру жолдарын талқылайды

Негізгі идея
Қыз бала тәрбиесінің баршаға ортақ екенін ұғыну

Ресурстар
флипчарт, маркер, стикер (әртүрлі қағаздар), тапсырмаларға арналған қағаздар, видеоролик.

Жүру барысы
Кезеңдері
Уақыты
Жұмыс барысы
Ұйымдастыру
2 мин
Коуч тақырыпты және оның мақсатымен таныстырады
Жаттығулар.
<<Шаттық шеңбері>>
5 мин
<<Шаттық шеңбері>> Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, "Тілек шамы" жаттығуын жасайды.

Топқа бөліну
5 мин
Таңдап алған конфеттің түсіне қарай топқа бөлінеді.
Ой толғау
Жұптық жұмыс
10 мин
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. <<Қамаудағы балалық>> атты видео көрсетіледі.Әр топқа төмендегі сұрақтар төңірегінде тапсырмалар беріледі.
Берілетін сұрақтар:
Сіздер бұл бейнефильмнен не көргеніңіз
туралы ойланыңыз. Жұбыңызбен
көргеніңіз туралы ой бөлісіңіз. Сізде
қандай сұрақтар туды?

Топпен жұмыс
10 мин
Топта ақылдасып, барлық ойларыңызды
ортаға салып, бала тәрбиесіне кім
жауапты деген сұраққа жауап іздеп,
ойымызды жинақтап постерге түсіреміз
1топ. "Қызыңыздың өзі үйде, қылығы
түзде" дегенді қалай түсінеміз?
2топ. "Қызға қырық үйден тыю"
деген мақалдың мағынасын ашсаңыз...
3топ. "Қыз баланы тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу" дегенді қалай түсінесіз?
Сергіту сәті
3 мин
<<Қаражорға>> биі көңілді видео-көрсетілім
Топпен жұмыс

2 мин
Видеокөрсетілім <<Бәрі де өз қолыңда>>
Автор орындығы
10мин
oo Осы көріністің қыз бала тәрбиесіне қатысы қандай деп ойлайсыз?
oo Қазіргі қоғамда қыз балалардың арасында қатыгездіктің туындауына не әсер етуде деп ойлайсыз?
oo Қыз балалардың арасында темекі тарту мен ішімдікке әуестіктің көбеюіне үлкендердің өздері кінәлі деп ойламайсыз ба?
oo Қыз бала тәрбиесіндегі негізгі басты тұлға кім? (мектеп әлде ата-ана )
oo Сіз қызыңыздың әр қадамын қадағалайсыз ба?
oo Ұрпақтың саналы да сапалы болуы үшін үлкендер тарапынан қандай іс-әрекет жасалу керек?
Ой-толғау
8 мин
Фильм төңірегінеде ой бөлісу

Рефлексия
5 мин
Ата-аналармен кері байланыс <<Екі жұлдыз бір тілек>>

Ұқсас жұмыстар
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы
МЕКТЕП тәрбиесі
Отбасы және қоғам
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Тәрбие отбасынан басталады
"Адамгершілік" – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары
Қазақ қыздары
Ата салтым - асыл қазынам
МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ Төменгі сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш
Пәндер