Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Ана - өмірдің шуағы Анашым
Тақырыбы: <<Ана - өмірдің шуағы>>
Мақсаты: 1. Оқушыларға 8-наурыз туралы түсінік беру.
2. балалрды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулап, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
3. Оқушылардың логикалық ой- өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: суреттер, альбом
Түрі: тәрбие сағаты
Барысы: (үнтаспадан М.Омаровтың орындауында <<Анашым>> әні баяу естіліп тұрады)
Мадияр:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ақбота: Құлпырған көктем келді,
Жылу тарап бойымда.
Ұстаз, ана кемеңгерді
Құттықтау тұр ойымда.
Дамир: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі <<Ана - өмірдің шуағы>> атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
(Балжан тақпақ)
Сынып іші: Әли терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Нұрсұлтан кіріп келіп:
Нұрсұлтан: -Әли, неге көңілсіз жүрсің?
Әли: - Е - е, Нұрсұлтан , мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Нұрсұлтан: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт......
Әли:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Нұрсұлтан:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Әли: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Нұрсұлтан: - Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты <<Ана>> туралы ән айтайық.
<<Анашым>> әні орындалады.
Темірлан: Бүгін - наурыздың сегізі! Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ
(Мөлдір тақпақ)
Ерзат:
Ана деген - асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай
Қарақат:
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Нұрсұлтан: Бүгін - наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз - Адамның
Анаға айтар лебізі
Әли: Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы.
Таусылмасын әрдайым,
Отбасымның сауығы.
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала оның жұбанышы, жүрегі.
Балжан:
Мама - бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. Ана алдында ел жауы да бас иген. Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Хор: <<Өмір шырағы>>
Сабина:
Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.
Мақсат:
Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз
Маматайдың мамасын
(Арай тақпақ)
Би: Қарақаттың орындауында
Нұрай: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Нұрым: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
Айым: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.
Ән: Тоғжан мен мамасы Ғалияның орындауында
Сахналық көрініс: <<Әжесі мен қызы>>
Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға <<қарқ-қарқ>> етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
М.Әли:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Айнеля:
Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Мағжан:
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
<<Құлыншағым, күнім>>, - дейтін.
Диана:
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Ән: Адинаның орындауында
Ақерке: Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек -
Бәрін іздеп табасың.
Дамира:
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Ақторғын:
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.
Би: Мөлдір мен Балжанның орындауында.
Аяулым:
Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
Кенжегүл:
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Айдана:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Тоғжан:
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана
Хор: <<Ананың тілі>>
Дамир: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Балжан:
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.
Ойын: <<Өз баласын иіскеп табу>> (көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек).
Ойын: <<Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады?>> (ол үшін жылдам- жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек).
Мұғалім: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ. Сондықтан осы балаларды жарық дүниеге әкелген аналарымыз аман болсын деп тілейік.
Хор: <<Әрқашан күн сөнбесін>>
- Ал құрметті қонақтар, қымбатты аналар, оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызды назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz