Бастауыш сыныпқа арналған әдебиеттік оқу: Төрт түліктің кеңесі

C:\Users\комп\Desktop\Махаббат презентация\1 001.jpg

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты ауылы

№36 Н. Сауранбаев атындағы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарғалиева М. Е.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы : Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын тереңдету, төрт түліктің адам өміріндегі пайдасын түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды мейірімділікке, төрт түлікке деген сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа баулу.

Сабаққа керекті көрнекі құралдар : интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойындар, топтастыру

Пәнаралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі, музыка

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт (1 слайд)

Біз бақытты баламыз!

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лауалап жанамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Түйе»өлеңін жатқа айту

2 слайд. Топтастыру

Ойсылқара

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ребус шешу арқылы хабарлау.

3 слайд. «Төрт түліктің кеңесі»

ІV. Сабақты түсіндіру:

1. Оқушыларға мәтінді оқып, түсіндіру.

2. Төрт түлік туралы мәлімет беру

4 слайд. *Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті бар. Ерте кезде түйеге жүк артып көшіп-қонып, көлік ретінде пайдаланған.

Басқа жануарлардан бір ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді және өркеші болады. Пірі «Ойсылқара»

*Қой-төрт-түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетінкиіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады. Пірі «Шопаната»

*Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе тағы да басқалары. Сиырдың еті де дәмді болады. Пірі «Зеңгібаба»

*Ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы. Оның әсіресе терісі мықты болады. Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын ыдыс жасаған. Оны «Мес»деп атаған. Пірі «Сексеката»

*Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы-қарта, жал-жая. Сүті «Қымыз»деп аталады. Оның емдік қасиеті бар. Пірі «Қамбарата»

3. Рөлге бөліп оқыту

5 слайд. * Сергіту сәті

Менің халім тамаша!

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

Дәптермен жұмыс

3. Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптеріңе теріп жаз.

Берілген сөздер
Мәтіндегі осы сөздердің мәні
Берілген сөздер:

1. Тұрмыс жағдайы төмен адам

2. Еңбекқор адам

3. Батыл, өжет адам

4. Шаруасы жақсы, бай адам

Мәтіндегі осы сөздердің мәні:

Кедей

Бай

Мықты, батыр

Еңбекқор адам

6 слайд*«Төлді қалай шақырады?» ойыны

V. Сабақты бекіту:

7 слайд.

4. Мына суреттерге зер сал. Қай түлік қай жердіқалайтынын айт. Мәтіндегі тіркестерді пайдалан.

5. Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін ата.

8 слайд. *«Төлін тап» ойыны

VІ. Сабақты қорыту: «Қошақаным» әні

Үй тапсырмасы:

1. Мәтінді оқу 58-бет

2. Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер жаттап келу

3. Өз қалауымен төрт түліктің суретін салып келу

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу: Төрт түліктің кеңесі - сабақ жоспары
2 А сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары - Төрт түліктің кеңесі
Төрт түліктің кеңесі тақырыбы бойынша 2 А сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы: Төрт түлік
2-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Төрт түліктің төресі - жылқы
7-сыныпқа арналған биология сабағы: Түйе - төрт түліктің төресі
Түйе - төрт түліктің төресі: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы Төрт тілек: жыл мезгілдерін түсіндіру және салыстыру
1-сыныптың әдебиеттік оқу пәні: Қой, Жылқы, Түйе және төрт түліктің пайдасы - орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар
Мал шаруашылығы: төрт түліктің ерекшеліктері және ұлттық тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz