Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Батик. Матаға сурет салу өнері

Пәні: Технология
Сыныбы: 8 а, 8 в
Күні: 23.02.2015ж
Сабақ саны: 24
Сабақтың тақырыбы: Батик. Матаға сурет салу өнері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға батик өнері туралы ұғым қалыптастыру. Батиктің жасалу технологиясымен таныстыру, оры1ндалу тәсілдерін үйрету.
Білімділік: батиктің шығу тарихымен және оның түрлерімен таныстыру. Қазіргі өмірдегі батик өнерінің қажеттілігі туралы мәлімет беру;
Дамытушылық: оқушылардың шеберлігін, өнерге деген ынтасын, эстетикалық талғамын шыңдау;
Тәрбиелік: еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға, әсем безендіруге баулу, сұлулықты қабылдау сезімдерін ояту.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс
Көрнекілігі: мата, керілген рама, қылқалам, қайшы, үлгі қималар
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. (шаттық шеңбері)
Топқа бөлу:
Шеңберде тұрған оқушылар гүл таңдайды гүлдің түсіне қарай үш топқа бөлінеді
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық
І Топтық тапсырмалар:
1. Топ сызба арқылы мата туралы мәлімет береді
2. Топ сызбаға матаға байланысты өнер түрлерін жазады
3. Топ сызбаға білетін мата түрлерін жазады
Әр топ өз жауаптарын тақтаға шығып қорғайды, үш шапалақпен қошемет көрсетіледі.
2 - тапсырма Сөзжұмбақ
(Батик өнері)
1. Мата атауы? (бархыт)
2. Жібек тектес мата? (атлас)
3. Иненің бір түрі? (Тебен)
4. Ұшақ тәріздес жәндік? (инелік)
5. Төрге жайылатын төсеніш (көрпе)
6. Киімге көрік беретін... (өрнек)
7. Ас атасы (нан)
8. Ат әбзелі (ер)
9. Гүл (раушан)
10. Түйме өзгеше (ілгек)
ІІІ. Жаңа сабақ Батик өнері
Батик өнері арқылы жасалын бұйымдар.
Қолөнердің бір түрі батик өнері. Батик өнерінің Отаны Қытай және үнді елі. Бірақ бұл батик өнері ХVII ғасырда Индонезия елінде Ява және Бали аралдарында дамып, бүкіл әлемге тараған өнер. Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик. Негізі <<Батик>> сөзінің аудармасы <<ыстық балауызбен сурет салу>> Яғни матаға суретті түсіру үшін ерітілген балауызды қолданған. Батик- жібек матаға көркем сурет түсіру - сәндік - қолданбалы өнердегі сұранысқа ие және нәтижелі техника түрі. Матаға көркем сурет салу- батиктің отаны болып Оңтүстік - Шығыс Азия есептеледі.
Қазіргі таңда батик сәндік-қолданбалы өнерде жетекші орынға ие болып отыр. Ол акварель, кескін, витраж, мозаика сияқты дәстүрлі көркемсуреттік техникаларды біріктіреді. Батик бөлменің ішкі көрінісі дизайнында қолданылады, әр түрлі стилистикалық және түрлі - түсті шешімдермен үндес келеді. Батик - сән шеберлерінің, модельерлердің сұранысына ие еркін түрдегі киімдерге арналған қайталанбас маталар түрлерінің жасалуы.
Матаға көркем сурет салу үш түрге бөлінеді: суық батик, ыстық батик және еркін көркем сурет. Біз сіздермен суық батикке тоқталамыз.
Суық батик үш техникадан тұрады:
· <<Классикалық>> -шектеулі сызықтарды түсіру әдісі арқылы жабық жазықтықтар жасалады, нәтижесінде бір қабатты(бетті) витражға ұқсас сурет пайда болады;
· <<Көпқабатты>> - бұл да витражды әдіс бойынша жасалады,сонымен қатар бірнеше түстердің бір бірінің үстіне түсірілуі қолданылады:
· <<Ашық кескін>> - жабық жазықтарды қолданбай жасалады, бұл техникада шектеулі сызықтар ашылады, сонымен бір жазықтағы түстердің екінші жазыққа шығуына жол береді.

Біз бүгінгі сабағымызда батиктің суық түрін қолданамыз.
Сергіту сәті.
Интерактивтік тақтадан (қара жорға )
3 - топтық тапсырма:
Үш топқа үш түрлі үлгі сурет тапсырылады.
<<Классикалық көркемсурет>> түсіруден бұрын жібек матаны рамаға тартып оған шаблонның көмегі арқылы ойға алған суретті түсіреміз.Сонымен бірге композиция қандай түсті гаммада орындалатынын, оның бөліктері қандай жүйелілікпен (тізбекпен) түсірілетінін шешу керек.
Орындалған тапсырманың үлгілерін көрсету. Эстетикалық бастамаға, орындалу мәдениетіне баса назар аудару. Композиция заңының орындалуының қажеттілігіне көңіл аудару.
Біздің жағдайда ұлттық нақыштағы сурет түсіру екі кезеңнен тұрады:
- реңді салу(түсіру)
- айшықтарды салу
Жұмысты композицияның ортасынан, яғни айшықты салудан бастаймыз. Егер ортада жылы түстер болса, реңі суық түсті болуы керек, немесе керісінше
Әр топ өз жұмысын ортаға салып қорғайды.
Сабақты бекіту.
Зымыран сұрақтар
1. Батик өнері қай елде шықты?
2. Қай ғасырда және қай елде батик өнері дамыған?
3. Батиктің қандай түрлері бар?
4. Батиктен қандай бұйымдар жасауға болады?
5. Батик сөзінің мағынасы нені білдіреді?
6. Қазіргі заманда бұл өнер қажет пе?
Рефлексия.
Пікір ағашына сабақтың ұнағандығын білдіретін түстер жапсырамыз.
Бағалау.
Жұлдызды сәт
Топтар бірін - бірі бағалап жұлдызшалар сыйлайды

Ұқсас жұмыстар
Көркемдік жазба
Суретшілер шығармалары
Бейнелеу өнерінің түрлері
Қарындашпен сурет салу
Су моншақпен бұйым жасау технологиясы
Жіп сурет технологиясының ерекшеліктері
Текстильдік аппликация. 10-сынып
Шебер қолдар. Ұлттық ою-өрнек
«су моншақтан бұйым жасау технологиясы»
Музыка пәнінен оқу бағдарламасы
Пәндер