Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Гидросфера тарауын қорытындылау

Қ а р а б ұ л а қ о р т а м е к т е б і

СЫНЫБЫ: 6
ПӘНІ: Г Е О Г Р А Ф И Я
ТАҚЫРЫБЫ:

Пән мұғалімі: Тлегенова.А.Б

2014-2015 оқу жылы
Күні: 30.01.2015жыл
Сыныбы: 6
Тақырыбы: <<Гидросфера тарауын қорытындылау>>
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың танымдық, тапқырлық дағдыларын жетілдіру,пәнаралық байланысты кеңейту,картамен жұмыс жасауды жандандыру.
Дамытушылық: су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, логикалық - шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту, кескін картамен жұмыс жасауды дамыту.
Тәрбиелік: <<Судың да сұрауы бар>> деген мақалды негізге ала отырып, болашақ ұрпаққа елін, жерін қорғауға экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, әдеби журналдар, интернет материалдары.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Ұйымдастыру кезеңі: оқу құралдарын ретке келтіріп, оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Оқушыларды <<өзендер>> және <<көлдер>> топтарына бөлу.
<<Шаттық шеңбері>> психологиялық дайындық.

Сабақтың барысы:
I. <<Кім шапшаң>> викториналақ сұрақтар
1.Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді? /промилле/
2.Ең төменгі тұздылық қай мұхитта кездеседі? /солтүстік мұзды мұхит/
3. <<Цунами>> сөзі қандай мағына береді? /қойнаудағы үлкен су/
4.Дүниежүзіндегі ең жылы ағыс /гольфстрим/
5. Ең ірі теңіз аталатын көл? /каспий/
6.Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы /минералды су/

1.Мұздықтардың неше түрі бар? /2 түрі,жабынды және тау мұздығы/
2.Ең үлкен мұхит? /Тынық, 180 км/
3.Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа ауысу процесі..../дүниежүзілік су айналымы/
4. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі не деп аталады? /Арал/
5. Ішкі теңіздерді ата? /Қара, Жерорта/
6. Үндістер тілінде <<гүрілдеуік су>> деп аталған сарқырама /Ниагара/

II. <<Алып алтылық>> (мұхиттарға, теңіздерге саяхат)
1.Мұхиттағы ағыстар
Сұрақ: Солтүстік мұхиттың Баренц теңізіне құяды. Бір ендікте орналасқан Кар, Лаптевтер және Шығыс Сібір теңіздерін мұз басып жатқанда, не себептен Баренц теңізі қатпайды? Жауап беру үшін картаны пайдаланыңдар. Сұрақта қай ағыс жайында айтылған? /Солтүстік Атлант ағысы/

2.Мұздықтар
Сұрақ: Біздің елімізде тау мұздықтары Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында және Алтайда таралған. Ұзындығы 12 км болатын тау мұздығы қалай аталады,қайда орналасқан? /Корженевский, Іле Алатауы/

3.Жер беті сулары.
Сұрақ: <<Бөген>> дегеніміз не? /Жасанды су қоймасы. Бұқтырма, Шардара, Қапшағай/

4.Мұхит пен теңізді қорғау.
Сұрақ: Мұхитта кездесетін ең ірі жануар. Денесінің ұзындығы 33 м, салмағы 120т /кит/

5. Мұхиттардың адам өміріндегі маңызы.
Сұрақ: Адамның шаруашылық қызметіндегі өзендердің маңызы /Өзен суын зауыттар мен фабрикалар көп пайдаланады/

6.Жер асты сулары.
Сұрақ: Жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа дейінгі су қалай аталады? /еспе су/
III. <<Білім минуты>> географиялық диктант
Егер жартас өзен арнасын арнасын кесе көлденең алып жатса, су одан төмен қарай құлап ағып, сарқырама жасайды. Жер шарындағы ең биік сарқырама-Анхель,ол Оңтүстік Америкада. Екінші биік сарқырама Африкадағы Виктория. Дүниежүзіндегі ең ірі сарқырама Игуасу. Оның ені 2700м, биіктігі 72 м.

Сергіту сәті. <<Көңілді күн>>

IV. Ең...ең...ең.... (географиялық сергіту)
1.Дүниежүзіндегі ең ірі, ең терең көл /Байкал/
2.Азиядағы ең ұзын өзен /Янцзы/
3.Ең биік сарқырама /Анхель, 1054м/
4. Оңтүстік жарты шардағы ең ірі ағыс /Батыс желдер ағысы/
5. Ауданы жөнінен ең кіші мұхит /Солтүстік мұзды мұхит/
6. Дүниежүзіндегі ең лас теңіз /Жерорта/
7. Ең жоғарғы тұздылық қай мұхитта /Атлант мұхиты/
8. Ені ең кең, ең терең бұғаз /Дрейк/
9. Ең ұзын бұғаз /Мозамбик 1670км/
10. Ең үлкен арал /Гренландия/
11.Ең суы мол өзен /Миссисипи/
12. Мұхитты ең көп ластайтын зат /мұнай/
13. Ең ірі кит денесінің ұзындығы /33 м/
14. Ең күшті толқын.../Цунами/
15. Ең терең шұңғыма қай мұхитта /Марианна, Тынық/

V. <<Білім кемесі>> ситуациялық сұрақтар.
1. Бұл теңіз Атлант мұхитының ағыстарымен айнала қоршалған орта бөлігінде орналасқан. Мұхиттың осы бір бөлігінде саргассо балдырлары өседі. Бұл теңіз қалай аталады? /Саргасс теңізі/

2. Дауылы тынбай, тұманы сейілмей ылғи түнеріп жататын бұл теңізді түріктер XII-ғасырда <<жаман теңіз>> атаған. Бұл қай теңіз? /Қара/

3. Бұл теңізде қызыл түсті микроскопиялық балдыр көп. Бұл теңіз қалай аталады? /Қызыл/

4. Бұл сарқыраманың шатқалға құйылуы кезінде аспанға шашыраған су тамшылары алыстан көз тартады. /Ниагара/
VI. <<Карта>> еліне саяхат
I - топ /теңіздерді табу/
1.Жапон
2.Охот
3.Баренц
4.Араб
5.Жерорта

II-топ /түбектерді табу/
1.Арабия
2.Лабрадор
3.Үндістан
4.Пиреней
5.Скандинавия

VII. <<Ой толғаныс>>
Оқушылар өзенді, көлді, теңізді қорғау жөнінде өз ойларын айту.

VIII. Үйге тапсырма
<<Гидросфера>> тарауын қайталау. Арал теңізінің экологиялық проблемалары жайында мәнжазба жазып келу.

IX. Бағалау.
Бағалау жетондарын санап, жеңген топты анықтау.

Ұқсас жұмыстар
Гидросфера (қорытынды сабақ)
Сабақтың көрнекілігі. Сабақтың түрі
Гидросфера тарауын қайталау
Терең жері Зонд шұңғымасы
Қарағайлы орман
Литосфера тарауын қайталау
Гидросфера-Жердің су қабығы
Гидросфера туралы ұғым. дүниежүзілік су айналымы
Тіршілік тобының сұрақтары
Сабақтың тақырыбы. Сабақ барысы
Пәндер