Машина өлеңі Н.Әлімқұлов

«Айжұлдыз» мектепке дейінгі кіші орталық

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Машина» өлеңі Н. Әлімқұлов

Тәрбиеші: Рысбаева Баян Рүстемқызы

Қызылорда қаласы

2015 жыл

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Н. Әлімқұловтың «Машина» өлеңі

Мақсаты: Балаларды шағын өлеңді жатқа айтуға дағдыландыру, шығарманың мазмұнын түсініп, қоршаған ортамен байланыстыруға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ, әңгімелеу, көрсету, жаттау, ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Бейнетаспа, үнтаспа, ойыншық машина, суреттер, дидактикалық ойындар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: тарт алға, құр босқа, зулаймын.

Билингвалды компонент: көлік-транспорт, машина-машина, жол-дорога, ұшақ-самолет, пойыз-поезд.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекеткезеңдері: Мотивациялық-қозғаушылық
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Балалар, бүгін ерекше күн, өйткені біздін топқа көп қонақтар келді. Қонақтарға таңғы сәлемімізді жолдайық.

«Айжұлдыз» атты бақшаның

Тәрбиелі баласы

Алдыменен үлкенмен

Амандасып алады.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Қош келдіңіздер.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар қонақтарға, достарына таңғы сәлемін жолдайды.

H:\Новая папка (2)\DSC_0629.JPG

Іс-әрекеткезеңдері:

Ұйымдас-тырушылық

ізденістік

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің қазір қай айы?

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табуға тырысындар.

Жұмбақ.

Төрт аяғы дөңгелек,

Қозғалады орнынан

Жүреді ол дөңгелеп,

Жүйткиді желменен,

Дауысы бар гүрілдек.

(Машина)

-Жарайсындар, дұрыс таптыңдар. Ол-машина. (Қораптан ойыншық машинаны алып көрсетемін)

-Машина қайда жүреді?

-Дұрыс айтасындар, машина жолда жүреді. Машинаның қандай түрлерін білесіңдер?

Ғажайып сәт:

Балаларға бейнетаспа көрсетемін.

Бейнетаспада машина сөйлейді:

-Саламатсыңдар ма, «Балапан» тобының бүлдіршіндері! Мен сендерге тапсырма алып келдім. Мен жайлы тақпақ жаттап үйреніңдер.

-Балалар, машинаның тапсырмасын орындаймыз ба?

-Бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетімізде Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Машина» өлеңімен танысамыз.

Машина

Ойыншық машина

Тарт алға асыға

Сенімен тасимын

Көмір мен тасымды.

Құр босқа тұрмаймын

Тек алға зулаймын.

-Балалар өлең не туралы?

-Машинамен не тасиды екен?

Билингвалды компонент: машина-машина, жол-дорога, көлік-транспорт

Сөздік жұмысы:

тарт алға-алға қарай жүру,

құр босқа-босқа қарап тұрмау,

зулаймын-жылдам жүру.

-Енді «Машина» өлеңін жаттап көрейік.

Ойыншық машинаны жүргізіп корсету арқылы өлеңді балаларға қайталатамын.

-Балалар білімімізді кеңейту үшін белсенділік орталықтарға бөлінейік.

Әдебиет орталығы: Н. Әлімқұловтың «Машина» өлеңін жаттау. Кітапшамен жұмыс.

Мақсаты: өлеңді суретпен көрсету арқылы (мнемотехника) және ойыншық машинаны пайдаланып жаттату.

Кітапшада берілген көлік түрлерін жүретін жолына қарай қарындаш арқылы сызып көрсету.

Үстел үсті ойын орталығы: 1. Дидактикалық ойын «Ұшады, жүреді, жүзеді»

Мақсаты: балаларды көліктердің аттарын атап, түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре орналастыруға үйрету.

2 . Үстел үсті ойыны «Машина құрастыр»

Мақсаты: балаларды дайын текшелер мен доңгелектерден машина құрастыруға үйрету.

Өнер орталығы: Жапсыру

«Жүк машинасы»

Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндерден жүк көлігін жапсыруға үйрету, ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сылдырмақ арқылы балаларды ортаға жинаймын

Сергіту сәті: «Машина» әні

Т. Тұяқбаев

«Бип-бип, бип, »- дейді

«Жолдан былай кет, »- дейді

Күшікті басуға, басуға

Болмайды, болмайды машина.

«Бип-бип, бип, »- дейді

«Жол шетінде күт, »- дейді

Көшеде жүруге асыға

Болмайды, болмайды машина.

-Балалар, бойымызды сергітіп алдық. Енді өздерің қалаған орталықтарыңа барып, жұмыстарыңды жалғастырыңдар. (балалардың ауысымдық жұмыстары. )

Балалар жұмыстарын аяқтаған соң ортаға жинап, қай орталықта қандай жұмыс жасағандарын сұрау.

-Балалар, олай болса қазір «Көлік түрін дауысынан таны» ойынын ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Көліктің түрін дауысынан таны»

Мақсаты: балаларды көлік түрлерін дауысынан ажыратуға үйрету.

Шарты: балаларға әр-түрлі көліктің суреттері таратылып беріледі. Үнтаспадан көліктердің дауысы тыңдатылады. Қандай көліктің дауысы естілсе, сол көліктің суреті бар балалар карточкаларын көрсетіп, көліктің атын атап орнына апарады.

ұшақ-самолет, пойыз-поезд, кеме-теплоход, машина-машина.

-Балалар ойын ұнады ма?

-Көліктің дауыстарын жақсы ажырата алады екенсіңдер.

Балалардың іс-әрекеті:

-Қыс мезгілі.

-Ақпан айы

-Машина .

H:\Новая папка (2)\DSC_0632.JPG

-Машина жолда жүреді

-Жеңіл машина, жүк машина, автобус.

-Балалар машинаға таңдана қарайды. Бейнетаспадағы машинаның тапсырмасын тыңдайды.

-Ия, орындаймыз.

H:\Новая папка (2)\DSC_0633.JPG

-Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

-Машина туралы

-Машинамен көмір, тас тасиды.

-Балалар қайталайды.

-тарт алға-алға қарай жүру,

Балалар сөздердің орыс тіліндегі аудармасын қайталайды.

тарт алға-алға қарай жүру,

құр босқа-босқа қарап тұрмау,

зулаймын-жылдам жүру.

Балалар сөздердің мағынасын түсінеді.

-Балалар өлеңді қайталайды.

H:\Новая папка (2)\DSC_0646.JPG

-Балалар суреттер арқылы мазмұнын түсініп, жаттайды. Кітапшамен жұмыс жасайды.

H:\Новая папка (2)\DSC_0645.JPG

Балалар көлік түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре қояды.

Балалар дайын текшелер мен дөңгелектерден машина құрастырады.

H:\Новая папка (2)\DSC_0644.JPG

Балалар дайын қиылған


Ұқсас жұмыстар
М.өтемісовтің «соғыс» өлеңі
Буырқанған даланың дауылпазы
Абайтану курсы
Шәмшінің батасы
Тәуелсіздік алған күн. Қайрат Әлімқұлов
Тәкен Әлімқұловтың Қараой әңгімесіндегі Махамбет образы
Қамбар батыр жыры
Махамбет-ерліктің жалынды жаршысы
"толағай" отбасылық -спорт сайысы
Сарыжайлау тақырыбына сурет салу, шығарманың мазмұнына дайындалу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz