Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Қош бол, әйбат Әліппе

Қош бол, әйбат Әліппе!
Мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.Әліппені сүюге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта , слайт
Жүрісі: 1.Ұйымдастыру.
2 Кіріспе.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар , ұстаздар , Қош бол, әйбат Әліппе! Атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қоңыр күзде жез қоңырау үніменен алғашқы мектеп табалдырығын аттап, алғашқы оқулықтары әліппені қолға алған 1-сынып оқушылары , енді , міне бүгін жаңа жыл қарсаңында сол әліппе оқулығымен қоштаспақшы!
Жаза білер ол егер
Қолға берсең қаламсап
Зуылдата жөнелер
Әліппені ала сап ,-деп ортаға бүлдіршіндерімізді шақырып, қарсы алайық.(бүлдіршіндер ортаға шығады.)
Олай болса ертеңгілігімізді мектебіміздің басшы апйларымыздың әдемі тілектерімен ашайық.
1-оқушы: Қыркүйектің бірінде
Оқушы болдым мектепке
Қоңырау мектепте
Шақырды мені жолға алыс
Әкетті мені жетектеп.
2-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты
міне балаңыз
3-оқушы: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыннан
Әләппе білім бесігі.
4-оқушы: Өтті оқу , сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достастып
Әліппемен қоштасып
Өсті білім, бойымыз
Құтты болсын тойымыз.
5-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда <<Әліппені>>
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
6-оқушы: Бар кітапқа бас болған
<<Әліппе>> ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
1-сынып бүлдіршіндері бүгін бір асудан асып , қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажыратып , буынды меңгерген бөбектер бүгін әліппені толық танып шықты.
Бар кітапқа бас болған
<<Әліппе - ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріппең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар әліппең!-деп әліппені әсем әнмен ортаға шақырайық
Ән: <<Әліппе>>

(Әліппе сөйлейді)
Армысыңдар жас достар!
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Оқушы: Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Уртеңгі сәуле жарықпен.
Әліппе: Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Оқушы: Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Әліппе: Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы халықтың
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп, не білдік.
Оқушы: Әліппем менің әліппем
<<А>> деген басты әріппен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Әліппе: Ал балалар, қазақ тілінде қанша әріп бар ? маған осыны кім айтады ?
Оқушы: Алфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Оқушы: Біз енді әліппемен қоштасамыз
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз
Білімнің бұлағынан сусындауға
Көптеген кітаптпрмен достасамыз
(Әліппемен қоштасады) Қош болыңдар балалар, сендерге көп рахмет. Ризамын сендерге . Енді менің ана тілі бауырым бар. Сендерді ұлы жолға же,тектеп әкетер. Сол жаңа достарыңды мендей сүйіп, құрметтеңдер.
Ана тілі: Сәлем ойшыл достарым
Терең білім ой - саналы,
Әрбір сөзің ой салады
Ғылым, тәлім өнерім көп
Достасқанға берерім көп
Армысыңдар жас достар! Енді мен сендермен жыл соңына дейін бірге боламын. Одан әрі де сендермен біргемін. Кел достасайық. Ынта қойып оқысаңдар менен көп нәрсе үйренесіңдер. Ылғи жақсы нәрселер.
Мұғалім: Қош келдің ана тілі! Амансың ба? -Ана тілі, дана тіліміздің, дара тіліміздің мәртебесін жоғары көтеріп , биік ұстаймыз деп уәде береміз. Енді бізбен бірге болып , балалардың дайындаған өнерін тамашалаңыз.
Жеміске құты толама
Бір-бірлеп теріп алмасаң?
Әп-сәтте шыға қояма
Еккен дәнің ойласаң

Білімде сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам-шырағың жолында

Ұқсас жұмыстар
Қош бол, әйбат әліппе ( Тәрбие сағаты )
Әліппемен қоштасу мерекесі. Оқушылардың алған білімдерін Әліппемен қоштасу кешінде бекіту
Қош бол, сүйікті Әліппем
Аяулы анам болып сен
Ана өмірдің бастауы - әліппе білімнің бастауы
Қош бол, әліппем!
Қош бол, құтты әліппем Әліппе
Қош бол, менің қасиетті әліппем ( ертеңгілік )
Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын
Бар білімге бас болған - әліппе ғылым анасы
Пәндер