Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жыл оқушысы-2015

С.Меңдешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:
<<Жыл оқушысы-2015>>

Қосымша білім беру педагогы:А.Е.Аюпова

2015 оқу жылы
<<Жыл оқушысы 2015>> мектепішілік байқау
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушыларының арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани - танымдық жағынан өздігінен талпынатын, көшбасшылық қабілеті мен өзі ұстанатын өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау. Байқауға қатысушылар: 8-9-10-11 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар. Мектебімізде ұйымдастырылып отырған "Жыл оқушысы - 2015" байқауына қош келдіңіздер! Жүргізуші: Бүгінгі күн - білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн! Бүгінгі күн - өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні! Бүгінгі күн - оқушының жұлдызы жанған күні! Сонымен, алдарыңызда, <<Жыл оқушысы - 2015>> сайысына қатысушылар. Олар үздіктер, олимпиада жеңімпаздары, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары, оқу шеберлері, спорт майталмандары мен өнер тарландары! Қарсы алыңыздар! Жүргізуші: 8 а сынып оқушысы - Төлеуғалиева Назерке 8 ә сынып оқушысы - Бадленова Дана 9 а сынып оқушысы - Қазбек Еділ 9 ә сынып оқушысы - Ибрайкулов Есей 10 а сынып оқушысы - Ғабитов Бейбарыс 10 ә сынып оқушысы - Салауатов Келдібек 11а сынып оқушысы - Мизамғалиева Айзада 11 ә сынып оқушысы - Қабиев Асылбек Бұл сайыскерлер сайыстың әр қырынан жұлдыз болып көріне алады. Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз. Біз - ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз. Байқауымыздың ашылу құрметі мектебіміздің директоры Рая Рақымқызына беріледі. Жүргізуші: Әділқазы, аққазыға бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем, Жүйрік озар байқауларда неше бір. Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, демекші, ендігі кезекте әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік. Мектеп директоры - Рая Рақымқызы Математика пәнінің мұғалімі - Сәуле Үмбетқалиқызы Оқу ісінің меңгерушісі - Айгүл Сапарғалиқызы Байқауымыздың шарттарымен таныс болыңыздар: І. <<Мен - өз елімнің ұланымын>> Өзін - өзі таныстыру. ІІ. <<Өнерлі өрге жүзер>> Өз өнерін көрсету. ІІІ. <<Кім үздік?>> Блиц-турнир. ІV. <<Білімді мыңды жығар>> Бейіндік сұрақтар. V. <<Егер мен .....>> Жоба қорғау. Жүргізуші: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін-деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдірген ақын Мағжан Жұмабаевтың сенімін сөзбен емес іспен көрсететін жастарымыз ендігі кезегімізді <<Мен - өз елімнің ұланымын>> атты өзін - өзі таныстыруға береміз. Ал, сайыскерлер барлықтарыңызға сәттілік тілейміз! Жүргізуші: Таныстыру кезеңі бойынша әділқазылардан бағалауын сұраймыз. Жас мұраты білім, тәлім талабы, Өнер, оқу - жастық қару жарағы - демекші бүгінгі байқауға қойылатын екінші шарт <<Өнерлі өрге жүзер>> өз өнерін көрсету. Жүргізуші: Екінші кезең бойынша бағаларын білсек. Сараланар сайыскерлер білімі, Білімділер озар бүгін ілгері,- деп келесі кезекті <<Кім үздік?>> кезеңіне берейік. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр сайыскерге жалпы пәндер бойынша 10 сұрақ қойылады. Мұнда сіздердің ұшқырлықтарыңыз бен сұраққа тез жауап берулеріңіз есептеледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай. Жүргізуші: №1 1.Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы? (Томирис) 2. <<Мен Қазақпын>> поэмасының авторы? (Ж.Молдағалиев) 3.Әлемдегі ең үлкен арал? (Гренландия) 4.Сөйлем мен сөз тіркесін зерттейтін ғылым? (синтаксис) 5. Өсімдік тамырлары қандай екі топқа бөлінеді? (кіндік және шашақ тамырлар) 6.Период нөмірі сәйкес келеді..... (электрон қабаттарының санына) 7.Қабырғалары бірдей фигура? (шаршы) 8. <<Ағылшын грамматикасы>> деп қай етістікті атайды? (To be) 9.Әлемнің жеті кереметінің бірі. <<Аспалы бақ>> қай қалада орналасқан? (Вавилон) 10.ҚР-дағы мереке күндері? (1-2қаңтар, 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 16 желтоқсан, 9 мамыр, 30 тамыз, 1 маусым )

№2
1.Сөйлем неден құралады?(Сөзден) 2.Математикада неше амал бар?(төрт) 3. <<Кел, балалар, оқылық>> өлеңінің авторы?(Ы.Алтынсарин) 4.Дүние жүзінде халық саны көп мемлекет?(Қытай) 5.Алюминийдің валенттілігі нешеге тең?(3) 6.Құстарды зерттейтін ғылым? (Орнитология) 7.Биыл қазақ хандығына қанша жыл толады? (550 жыл) 8.Үш арсызды ата? (Ұйқы, күлкі, тағам) 9.Гомердің поэмалары? (<<Илиада>> және <<Одиссея>>) 10.Біздің заңымызға сәйкес неке жасы? (18 жас)
№3 1.Абайдың шын есімі? (Ибраһим) 2.Биология сөзіне анықтама бер? (био- тіршілік, логос-ғылым) 3. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге ашық пен қысаң) 4. Теріс иондарды қалай атайды? (аниондар) 5. <<Тұманды Альбион>> қай елге қатысты? (Ұлыбритания) 6.Тарихтың атасы? (Геродот) 7. Латын тілінен аударғанда <<дөңгелек сымдары>> мағынасын білдіреді? (Радиус) 8.Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медалмен оралған боксшы? (Б.Артаев) 9. <<Моно Лиза>> картинасының авторы? (Леонарда да Винчи) 10.Құқықтық қабілет басталады? (Дүниеге келгеннен)
№4 1.ІХ ғасырда өмір сүрген қазақ математигі? (Ғаббас Жауһари) 2. Герьалдика ғылымы нені зерттейді? (Рәміздерді) 3.Жер шарындағы ең тұйық көл? (Каспий) 4.Организм өзіне ен жұқпалы аурулар мен бөгде заттарды қабылдамауы қалай аталады?(Иммунитет) 5. <<Еңлік -Кебек>> кімнің туындысы? (М.Әуезов) 6.Өнеркәсіпте оттекті қайдан алады? (ауадан) 7.Диалект сөздер? (Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер жиынтығы) 8.2011 жылы Алматы - Астана қаласында оздырылған қысқы спорттық жарыс? (Қысқы Азиада ойындары) 9.Орта ғасырлардағы жер иесі? (Феодал) 10.Парламент неше палатадан тұрады? (2 сенат, мәжіліс)

№5 1. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(Аксиома) 2. Түркия елінің астанасы? (Анкара) 3.Ертарғынның жары? (Ақжүніс) 4. Түбірге не жалғанады? (Қосымша) 5.Экология нені зерттейді? (Қоршаған ортаны) 6.Оттек жай зат түрінде кездеседі? (Атмосферада) 7.Қазақ хандығы қашан пайда болды? (1465жылы) 8.Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген?(Барыс) 9.Ресей Федерациясының қазіргі президенті? (В.Путин) 10.ҚР Президенті неше жылға сайланады? (7 жыл)
№6 1.Ядролық полигон орналасқан қала? (Семей) 2.Барыс септік жалғаулар?(на,не,та,те) 3.Қазақ альфавитінде тұңғыш енгізген?(А.Байтұрсынұлы) 4 Футболдағы бір тайм ұзақтығы?(45 минут). 5.Химиядағы элементтер саны? (102) 6. Суда өседі тамыры жоқ?(Балдыр) 7. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр) 8.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын? (Ақсүйек) 9.Ұлы Отан соғысы басталды? (1941 ж 22 маусым) 10.Баланың пікірі неше жастан бастап тыңдалады? (10 жастан)
№7 1. <<26>> неше таңбалы сан?(2) 2.Сөйлем түрлері? (хабарлы, сұраулы, лепті) 3.Халық поэзиясының алыбы, ХХ ғасыр Гомері? (Ж.Жабаев) 4. Есту мүшесі? (құлақ) 5.Тау жынысьтарының жел әсерінен үгілуі? (Дефляция) 6.Мойыны ұзын жануар? (Жираф) 7.Д.Менделеев кім? (Химия саласының майталманы) 8. Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған? (Қажымұқан Мұңайтпасов) 9.Хеопс перғауынға арнап салынған пирамиданың биіктігі? (150м) 10.ҚР-тұңғыш Конституциясы қабылданды? (1993 ж 28 қаңтар) Жүргізуші: Әділқазылар кезеңнің бағасын көрсетсе.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз байқауымыздың келесі кезеңіне келіп жеттік. Жүргізуші: Бұл кезеңде бейіндік пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
9 а сынып оқушысы - Қазбек Еділ Жаратылыстану бағыты бойынша
Таңдау пәні: <<География>>
1.Францияның астанасы? (Париж) 2.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл) 3.Қазақстанның шығысындағы тау? (Алтай) 4.Қоршаған орта туралы ғылым? (экология) 5.Икарус автобусы шығатын ел? (Венгрия) 6.Жапонияның ұлттық валютасы? (йена) 7.Көңіл - күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? (Африка) 8.Жер шарын айналып шыққан саяхатшы? (Ф.Магеллан) 9.Табиғатты зерттеуші жас ғалым? (натуралист) 10. <<Қазақстан Швейцариясы>> деп аталған өлке? (көкшетау) Жүргізуші: 9 ә сынып оқушысы Ибрайкулов Есей Гуманитарлық бағыты бойынша Таңдау пәні: <<Қазақ әдебиеті>> ( 10 сынып)
1.<<Егемен Қазақстан>> газетінің 1920жылдардағы аты? (<<Еңбекші қазақ>>)
2.М.Шахановтың <<Арман>> өлеңінің оқиғасы қай жерде өткен? (Мысыр)
3.Сұлтанмахмұдтың балалық шағы өткен жер? (Павлодар)
4.<<Алпамыс батыр>> жырындағы қалмақ батыры? (Қараман)
5.<<Аягөз, қайда барасың?>> кімнің өлеңі? (Д.Бабатайұлы)
6.Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбы? (Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау)
7.Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездеседі? (Ер Төстік)
8.Жыраулар толғайында кездесетін өлең үлгісі? (Эпиграмма, арнау жырлары)
9.<<Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ>>,-деген қай ақын?
(Р.Ғамзатов)
10.<<Қыз Жібек>> жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы болған топ? (Базарбай тобы)
Жүргізуші: 11 а сынып Мизамғалиева Айзада гуманитарлық бағыты бойынша Таңдау пәні: <<Биология>>
1.Тірі организмдерді зерттейтін ғылым? (Биология)
2.Цитология қандай ғылым? (Жасушаны зерттейді)
3.Өсімдіктердің қосарланып ұрықтануын ашқан ғалым? (Навашин)
4.Мәдени өсімдіктердің шығу орталыөтарын зерттеген ғалым? (Вавилов)
5.Жасуша теориясының негізін салушылар? (Шванн мен Шлейден)
6.Қан беруші адам? (Донор)
7.Қандай сүтқоректі қыста басын төмен қаратып ұйықтайды? ( Жарқанат)
8.Ұша алмайтын құс? (Түйеқұс)
9.Каспийдің ең үлкен балығы? (Бекіре)
10.Қан алушы адам? (Реципиент)
Жүргізуші: 10 а сыныбының оқушысы Ғабитов Бейбарыс Гуманитарлық бағыты бойынша Таңдау пәні: <<Қазақ әдебиеті>>
1.<<Зар заман>>, <<Бала зары>>, <<Насихат>> шығармаларының авторы? (Ш.Қанайұлы)
2. М.Өтемісұлының жауынгер досы, көтеріліс басшысы? (Исатай)
3.<<Сот реформасы туралы жазбалар>>, <<Жоңғария очерктері>> еңбектерінің авторы?(Ш.Уәлиханов)
4.<<Жазғытұры>> өлеңінің авторы? (А.Құнанбаев)
5.А.Құнанбаевтің өмір сүрген жылдары? (1845-1905 ж)
6.Ас бергенде бас берсін, Өмірі ұзақ жас берсін. Кетпес дәулет, кең пейіл, Қайырымды дос берсін,-деген бата тілектің түрі? (Ас қайыру батасы)
7.<<Жастарға>> өлеңінің авторы? (Ш.Құдайбердіұлы)
8.М.Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабы? (Оян, қазақ)
9.<<Суһайл мен Гүлдерсін>> кімнің шығармасы? (Сайф Сараий)
10.Қарахан мемлекеті қай ғасырда пайда болды? (Х ғасырдың орта кезеңі)
Жүргізуші: 11 ә сынып оқушысы Қабиев Асылбек Жаратылыстану бағыты бойынша Таңдау пәні:<<Физика>> 1. Атомның планетарлық моделін ұсынған кім? (Резерфорд).
2.Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық, газ)
3.Фотоэффект құбылысын ашқан (Столетов)
4.Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)
5.Жұмыстың өлшем бірлігі? (Джоуль)
6.Диффузия деген не? (әр түрлі зат молекулаларының араласуы)
7.Өткізгіштерді жалғаудың неше түрі бар, қандай? (екі, тізбектей, параллель)
8.Линзаның түрлері? (жинағыш, шашыратқыш)
9.Өтімділігі ең жоғарғы сәуле? (гамма)
10.Атомның құрамында қанша электрон бар? (қанша протон болса, сонша электрон)
Жүргізуші: 8 а сынып оқушысы Төлеуғалиева Назерке Гуманитарлық бағыт бойынша Таңдау пәні: <<Қазақ әдебиеті>>
1.<<Мал жимақ>>, <<Адамдық борышың>> атты өлеңдер авторы? (Ш.Құдайберді ұлы) 2.Сопылық әдебиет өкілі? (А.Яссауи) 3.Абайдың қазақ өлеңіне енгізген ұйқас түрі? (Шалыс ұйқас) 4.Абайдың Гете мен Лермонтовтан аударған өлеңі? (Қараңғы түнде тау қалғып) 5. Б.Майлин оқыған медресе қай қалада орналасқан? (Уфа) 6.<<Шығыстың Аристотелі>> (Әбу Наср әл-Фараби) 7.<<Күлдір-күлдір кісінетіп>> толғауының авторы? (Ақтамберді) 8.<<Қызыл жебе>> романының авторы? ( Ш.Мұртаза) 9.Ең алғаш қазақ даласына сауат ашу мектебін ашқан? (Ы.Алтырсарин) 10.Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда берген білім, деп басталатын үзінді авторын тап? (С.Торайғыров) Жүргізуші: 10 ә сынып оқушысы Салауатов Келдібек Жаратылыстану бағыты бойынша Таңдау пәні: <<Биология>> 1.Қан топтарын ата? (І,ІІ,ІІІ,ІҮ)
2.Мейоздың неше фазасы бар? (Төрт фаза)
3.Балықтарды зерттейтін ғылым? (Ихтиология)
4.Генетиканың негізін салушы ғалым? (Чех жаратылыс зерттеушісі: Грегор Менделль)
5.Бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы? (Онтогенез)
6.Қан қысымын өлшейтін құрал? (Тонометр)
7.Адам жүрегі неше бөліктен тұрады? (Төрт)
8.Ұлулар типінің үш классын ата? (Бауыраяқты ұлулар, Қос жақтаулылар, Басаяқтылар)
9.Мәдени өсімдіктердің орталықтарының саны қанша? (7)
10.Адам анатомиясы деген ғылым? (адам ағзасының құрылысы, атқаратын қызметі, дамуы туралы)
Жүргізуші: 8 ә сынып оқушысы Бадленова Дана таңдап отырған бағыты гуманитарлық.Таңдау пәні: <<Қазақ әдебиеті>> 1.<<Әдебиет>> сөзі қай тілден енген? (Араб тілі)
2.Орхон жәдігерліктері қай ғасырда табылған? (ХҮІІІ ғ)
3.Қазақ жерінің дөңгелек картасын сызған? (М.Қашқари)
4.<<Оғыз>> сөзінің мағынасы? (Бір анадан сүт емген)
5.Адам қайтыс болғанда айтылатын жыр? (Жоқтау )
6.ҮІ-ІХ ғасыр әдебиетінің аңыз-әңгіме кейіпкері?(Қорқыт ата) 7.ҮІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері? (Қорқыт ата кітабы)
8.Арыстан бабты ұстазы еткен Ислам уағыздаушысы? (Қожа Ахмет Йасауи)
9.<<Үш бақытым>> өлеңі авторын табыңыз? (М.Мақатаев)
10.<<Сұлушаш>> кімнің поэмасы? (С.Мұқанов)
Жүргізуші: Әділқазылардың бағалауын сұраймын.
Ал, сіздерге, балалар, Ақыл ойды саралар. Жауапты сәт туды енді, Жеңіп шығар даралар,- деп байқауымыздың соңғы кезеңіне берейік. Бұл кезеңде әрбір сайыскер <<Егер мен.....>> деп аталады. Қазір ортамызда 5 оқушы бар білімі мен біліктілігін ортаға салмақ. Сіздерге бір тақырып беріледі. 10 минут уақыт ішінде сол тақырып бойынша жоба жасайсыздар. Жобада мақсаттар, міндеттер, атқарылатын жұмыстар көрсетілуі тиіс. Яғни, оқушы бұл тақырып бойынша не істейді, нені жақсартады, неге көңіл бөледі, соны көрермендерге жеткізуі керек. Ендеше іске сәт, сіздерге берілетін тақырып: <<Егер мен Мәстексай ауылың әкімі болсам>> Жүргізуші: Сайыскелеріміздің жобасы дайын болғанша келесі кезекті әнге берейік.
Ән: << Мектебім>>
Орындайтын: Айболатова Жадыра Жүргізуші: Соңғы кезеңіміз бойынша әділқазылардан баға сұрап, сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға уақыт беріледі. Жүргізуші:
Түсті бүгін бұр жарысқа бал құрақ,
Жақсы оқу, терең білім - шамшырақ,
Бәріңізге шаттық, табыс тілейміз,
Бүгінгіден ертең болсын жақсырақ, -деп бүгінгі сайсымызды аяқтаймыз. Барлықтарыңызға оқуда сәттілік тілеймін.

Ұқсас жұмыстар
Қыз аруы - 2015 байқауының ЕРЕЖЕСІ
Ана тілім, ана тілім жүрегім
"әнші балапан" 1 сыныптар арасындағы ән байқауы
Нұрлы бағыт
Бүгінгі білім - ертеңгі болашағымыз
Экспо көшбасшысы
Отбасы шеруі мерекесі
Сыңғырла соңғы қоңырау сценарий
Спорт –мемлекетті көтерер сала
Интеллектуалды сайыс "бала тілі - бал!"
Пәндер