Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біздің Отанымыз - Қазақстан Қазақстан - көп ұлтты, дербес, тәуелсіз мемлекет

Павлодар облысы
Май ауданы, Көктөбе ауылы
Ерсін Мұқашев атындағы
Жалпы білім беру орта
мектебінің қазақ тілі
мен әдебиет мұғалімі
Жұмабекова Амангүл Толеубекқызы
Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін саралай отырып, ойды жүйелеп айтуға қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету, сөздік қорын молайту.Отынды сүюге, қадірлеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, мақалдар айту, өлең оқу. Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу және сабаққа даярлықтарын тексеру.
Кезекшімен сөйлесу.
I. Үй тапсырмасын сұрау
II. Бүгінгі сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бұл өлең не туралы?
oo Туған жер, Отан туралы.
oo Отан деген не?
oo Отан деген адамдардың туып-өскен жері.
oo Сендер қай жерде, қай мемлекетте туып-өстіңдер?
oo Қазақстанда.
oo Қазақстан қайда орналасқан мемлекет?
oo Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан.
oo Қазақстан қандай мемлекет?
oo Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
oo Сонда, сендердің Отандарың қай мемлекет?
oo Біздің Отанымыз - Қазақстан.
IV.Сабағымыздың тақырыбы: <<Біздің Отанымыз - Қазақстан>>.
Сабақтың мақсаты - жеке тұлғаны қалыптастыру.
Біздің міндетіміз: Өткен сабақтарда оқыған тақырыптар бойынша алған білімдерімізді пысықтап, одан әрі дамыту.
Әр азамат өзінің туған жерін, елінің тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.
oo Ал, енді, Қазақстан туралы сендер қандай өлеңдер білесіңдер?
Мақал - мәтелдер айту.
V.Енді, алдымен жаңа сөздермен танысайық.
Жарияланды - объявлен;
Дербес - самостоятельная;
Дамыған - развитая;
Қуатты - сильный, мощный
Еркін - свободный;
Елшілік - посольство;
Таңғажайып - удивительно.
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тақтаға жазу.
oo Енді осы шетсіз - жеткіз даласы бар, таңғажайып қазақ жері туралы мәтін
тыңдаңыздар.
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Қазақстан - көп ұлтты, дербес, тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз бай,әрі қуатты ел. Халқының саны 17 млн. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан мемлекеті.
1991 жылы 1-желтоқсанда Президент сайлау болды. Тұңғыш президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді.
Қазақстан - құқықтық мемлекет. Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы - қазақ халқы. 1993 жылы қараша айында ұлттық ақша - теңге айналымға түсті.
Қазақстанның бас қаласы және астанасы - Астана қаласы.
Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан. Қазір Астана - өте әдемі қала. Оңтүстік астана - Алматы қаласы да таңғажайып әсем қала.
Қазақ жері - пайдалы кендерге өті бай. Қазақстан табиғаты өті әдемі, біз өз Отанымыздың табиғатын сүйеміз.
VI.Мәтін бойынша сұрақтар қою.
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. ҚР мемлекеттік тілі қандай тіл?
4. Қай жылы ҚР-ң мемлекеттік рәміздері бекітілді?
5. Қай жылы Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланды?
6. ҚР-ң Конституциясы қашан қабылданды?
7. Теңге қашан айналымға түсті?
8. Астанамыз қай қала?
9. Халқының саны қанша?
10. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
Мәтін бойынша топпен жұмыс.
1-топ - Қазақстан мемлекеті.
2-топ - Қазақстан рәміздері.
3-топ - Астана, Алматы қалалары туралы.
VII. Ендігі кезекте ережеге байланысты тоқталып өту.
Мәтіннің ішінен зат есімдерді тауып айту.
VIII. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. 6 түрлі кәртішкеден 6 деңгейге байланысты тапсырмалар қойылады. Кубтың 6 жағына алты түрлі сөздер жазылған. Кубты лақтырғанда қай жағы түссе, соған сәйкес кәртішкені алып жауап береді. Білу, түсіну, қолдану, талдау, жіктеу, бағалау.
1. Білу: Зат есімнің ережесін айт. Зат есімнің септік жалғауларын ата.
2. Түсіну: <<Ел>> сөзін септе.
3. Қолдану: Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.Дербес, дамыған, таңғажайып, елшілік.
4. Талдау: Бірнеше сөздерді сөз құрамына қарай талдау.
5. Жіктеу: <<Біздің Отанымыз - Қазақстан>> тақырыбына шағын әңгіме құрап айту.
6. Бағалау: <<Біздің Отанымыз - Қазақстан>> тақырыбы бойынша өзара сөйлесу.
IX. Жаңа сабақты қорыту.
Кластер бойынша толықтыру

X. Үйге тапсырма беру. Сөздікті жаттау. <<Біздің Отанымыз - Қазақстан>> тақырыбына шағын шығарма жазу.
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан - менің отаным! 11 сынып
Ұйымдастыру мин
Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері
Мен, Қазақстанның патриотымын! тәрбие сағаты. 2-сынып
Астана жаңа қала
Ашық тәрбие сағаты
Тәуелсіз Қазақстан Қазақ тіліне тән дыбыстар
Мамыр мерекелері
Орал - тарихи қала
Сиқырлы Жаңа жыл
Пәндер