Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу туралы

Арқалық медицина колледжі

ӘКЦ отырысында «Бектітемін»

Қаралды Директордың оқу ісі

Хаттама№ 2013ж жөніндегі орынбасары Төрайым Казбаева Д. М.

«Физика»пәні

сабағының әдістемелік талдауы

Тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу

Пән: «Физика»

Мамандығы : «Емдеу ісі»

Курсы: I

Семестрі: I

Дайындаған: «Физика, информатика » пәндерінің II категория

дәрежесіндегі оқытушысы Алжаппарова А. Е

Арқалық 2013ж

Пәні: Физика

Мамандығы: Емдеу ісі

Тобы: 19Фкк

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштері тізбектей және параллель қосу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, көрнекілеу, тәжиребелік, бағалау.

Мақсаттары:

1. Білімдік: Тұрақты ток заңдарын үйрету, білімдерін күнделікті тұрмыс

Қажеттілігінде қолдана білуге үйрету;

2. Дағды машығын ұйымдастыру: Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу

3. Тәрбиелік: Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу

Мамандығына қойылатын талаптар:

Не білу керек: өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу тұжырымдамасын, қасиеттерін, ережелерін, тоқ заңдарын білу.

Не жасай білу керек: эксперимент жасай, күнделікті тұрмыс қажеттілігінде қолдана білу және схема түрінде сыза, практикада есептер шығара білу.

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, сызу, т. б

Сабақтың жабдықталуы: слайдтар, дәрістер

ТОҚ компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, электр шамдары, кілт, батарея, бүктеме қағаз, үлестірме қағаз, кодоскоп, реостаттар.

Үлестіріліп берілетін материалдар: тесттер, карточкалар, бағалау парағы,

Әдебиеттер:негізгі Мякишев Г. Я. Буховцев Б. Б. «Физика»11сынып

қосымша Р. А. Гладковой «Сборник задач и вопросов по физике».

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері
Уақыты
№: 1
Сабақтың кезеңдері:

Сабақты ұйымдастыру, оқушылармен сәлемдесу.

Сабаққа қатысу мен дайындықты тексеру

Сендер болашақтарыңа сенімді қадам жасауларыңа болады деп ойлаймын. Қазақстан жолы -2050 : бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Елбасының кезекті жолдауында Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына еніуінің ұзақ мерзімді басымдылықтары нақты айтылған. Жолдауда әдеттегідей білім саласына үлкен мән берілген. Бағалау жүйесімен таныстырады. . Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы бағалау парағы арқылы өзіне тиісті ұпайын қойып отырады.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көніл-күйін байқау

2) сабаққа керекті құрал-жабдықтарды түгендеу

3) сабаққа қатысуын қадағалау, сабақ мақсатымен таныстыру

Карточкамен жұмыс

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Өткізгіштік ток дегеніміз не?

3. Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары қандай?

4. Ток күші дегеніміз не?

5. Ток тығыздығы дегеніміз не?

6. Электр кернеуі дегеніміз не?

7. Ток көзінің электр қозғаушы күші дегеніміз не?

8. Вольтамперлік сипаттама деп не айтылады?

9. Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не?

10. Ток күшінің кернеуімен кедергіге тәуелділік заңын ашқан қай ғалым?

Уақыты: 1-2 мин
№: 2
Сабақтың кезеңдері:

Оқытушының кiрiспе сөзi, сабақтың мақсаты мен жоспарын айтуы.

Оқушылардың оқу-таным қызметін жүйелеу.

Тұрақты ток заңдарын білу, білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

Уақыты: 1-2 мин
№: 3
Сабақтың кезеңдері:

Білім тереңдігін тексеру, фронтальды, жалпылай сұрау, тестілік бақылау.

Миға шабуыл: Сыныпты екі топқа бөліп, топпен жұмыс жүргізу. Компьютер-мен жұмыс жасау.

1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 12 В, ал оның кедергісі 6 Ом, ток күші неге тең? I= U R = 2 А \frac{U}{R} = 2\ А

2. Егер 20 с ішінде 12 Ом кедергі арқылы 6 Кл заряд өтетін болса, кедергідегі кернеуді табыңдар? I= q t \frac{q}{t} = 6 20 \frac{6}{20} =0, 3А, U=IR=0, 3·12=3, 6 В

3. Электр бұрғы орамының кедергісі 20 Ом, егер электр бұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс? I= U R \frac{U}{R} \Rightarrow U=IR=20·19=380 В

4. Өткізгіштен 0, 40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8, 0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең? R= U I \frac{U}{I} = 8 , 0 0 , 40 \frac{8, 0}{0, 40} =20 Ом

Уақыты: 10-15 мин
№: 4
Сабақтың кезеңдері:

Жаңа сабақты түсіндіру

Түсіндіру жоспары

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру ( Тірек конспект, кодоскоп арқылы)

1. Тұрмыста және техникада әртүрлі қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, тұтынушылар, электрқозғалтқыштары т. б. қолданылады.

Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар

1) тізбектей жалғау схемасы

R 1 R 2

R n

1. I=I 1 =I 2 = . . . =I n 3. R=R 1 + R 2 + . . . + R n

2. U=U 1 + U 2 + . . . + U n 4. U 1 :U 2 : . . . :U n =R 1 :R 2 : . . . :R n

Сонымен өткізгіштерді тізбектей қосқанда:

1) барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей;

2) тізбектің жалпы кернеуі жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең;

3) тізбектің жалпы кедергісі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына тең;

4) өткізгіштердегі кернеу түсі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал.

2) параллель жалғау схемасы

I 1 R 1

I 2 R 2

Iа b I

I n R n

1. U = U 1 = U 2 = . . . = U n . 3. 1 R \frac{1}{R} = 1 R 1 \frac{1}{R1} + 1 R 2 \frac{1}{R2} + . . . + 1 R n \frac{1}{Rn} .

2. I = I 1 + I 2 + . . . + I n . 4. I 1 : I 2 : . . . : I n = 1 R 1 \frac{1}{R1} : 1 R 2 \frac{1}{R2} : . . . : 1 R n \frac{1}{Rn} .

Қорыта айтсақ өткізгіштерді параллель қосқанда:

1) әр өткізгіштегі кернеу түсуі бірдей және тізбектің берілген бөлігіндегі жалпы кернеуге тең;

2) тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші өткізгіштердегі токтардың қосындысына тең;

3) жалпы кедергіге кері шама өткізгіштердің кедергілерінің кері шамалары-ның қосындысына тең;

4) өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілері-нің шамаларының қатынасына тең.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электр желдеткіш, аспаптар, музыкалық центрлерде қолданылады.

Сынып жұмысы

1. Диалог.

2. Бетпе-бет: «Сен маған, мен саған» екі топ бір-біріне сұрақ қояды.

- өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?

- өткізгіштерді параллель қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?

- тізбектің учаскесі үшін Ом заңы қандай?

- өткізгіш кедергісі дегеніміз не, белгіленуі, өлшем бірлігі?

3. Кім шапшаң? Әр топқа құрылғылар беріледі де, сызба бойынша екі топ тізбек құрастырады.

4. Деңгейлік есептер шығару.

а) Егер R 1 =120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, R 2 = 80 Ом кедергі арқылы өтіп жатқан токты табу керек.

Берілгені: Шешуі:

R 1 =120 Ом I 1 R 1 = I 2 R 2

I 1 = 6 А R 1 R 2

R 2 = 80 Ом I 2 = I 1 R 1 R 2 \frac{I1\ R1}{R2} = 6 А 120 О м 80 О м \frac{6\ А\ \cdot 120\ Ом}{80\ Ом} =9 А

т/к: I 2 -?

б) Ом резисторларды АВ нүктелерінде ток көзіне қосқандағы олардың жалпы кедергісі қандай?

R 2

А В

R 3 R 1 Жауабы: 1 R \frac{1}{R} = 1 R 2 \frac{1}{R2} + 1 R 1 + R 3 + R 4 \frac{1}{R1 + R3 + R4} ⇒ R = 1, 6 Ом

R 4

в) Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?

Уақыты: 45-55 мин
№: 5
Сабақтың кезеңдері:

Тақырыпты бекiту. Тестiнiң сұрақтарына жауап /қосымша 2/

Сабақты топтастыру стратегиясы әдісімен қоры-тындылау.

I = I 1 = I 2 = . . . = I n

U = U 1 + U 2 + . . . + U n

R = R 1 + R 2 + . . . + R n

U 1 U 2 \frac{U1}{U2} = R 2 R 1 \frac{R2}{R1} .

U = U 1 = U 2 = . . . = U n .

I = I 1 + I 2 + . . . + I n .

1 R \frac{1}{R} = 1 R 1 \frac{1}{R1} + 1 R 2 \frac{1}{R2} + . . . + 1 R n \frac{1}{Rn} .

I 1 I 2 \frac{I1}{I2} = R 2 R 1 \frac{R2}{R1}

Топтастыру стратегиясы Ом заңы - электр тогының негізгі заңдарының бірі.

Сабақты оқушылар Венн диаграммасы арқылы қорытындылайды.

«Ой қозғау» Венн диаграммасы.

Уақыты: 1-2 мин
№: 6
Сабақтың кезеңдері:

Сабақты қорытындылау, баға қою.

Оқушы білімін бағалау «Бағалау парағы» арқылы

"5"-

"4"-

"3"-

Уақыты: 1-2 мин
№: 7
Сабақтың кезеңдері:

Үй тапсырмасы

§41.

20 жаттығу.

№4 - №6 есептер.

Уақыты: 1-2 мин

Қосымша 1

Жаңа сабақ

Презентация арқылы көрсету


Ұқсас жұмыстар
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Сабақтың тақырыбы
Тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері, осы бөліктердегі кернеу. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты
Электр тізбегіндегі есептеулерге зертханалық сабақ.10-сынып
Электр тогының жұмысы мен қуаты формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену
Кернеудің формуласы
Тізбек үшін ом заңы. өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Тізбектей және параллель жалғау шарттарындағы кернеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz