Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Елімнің іргесі берік болсын

"ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРЫТТЫРУ ҰЛТТЫҚОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРЫТТЫРУ
ИНСТИТУТЫ

Баяндама

Тақырыбы: "Елімнің іргесі берік болсын!"

Орындаған: Тарих пәнінің оқытушысы Айтмаганбетова Б.С

Қостанай - 2015жыл
Осынау ХХІ ғасырда тарихи биік белеске қол жеткізген істің бірі, Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы игілікті істердің жалғасы болғаны рас. Бұл біздің өзге елдерге көрсетер үлгіміз деп те айта аламыз. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзін мысалға келтіріп кететін болсам "Мені еліміздің әрбір аймағын мекен еткен , ұлты, нәсілінің кім екеніне қарамастан мемлекеттік тілде сөйлейтін жастардың күн өткен сайын көбейіп келе жатқаны қуантады" деген салиқалы ойында елдің бірлігі мен ынтымағы жолында аянбай еңбек етуді, еліне адал болуды, ел іргесінің беріктігіне себеп болар жастарға бар мүмкіндікті беріп отырғаны белгілі. Ел тыныштығының тағы бір көрінісін сипаттар болсам, Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтап, оны дамытуына толыққанды жағдай жасап отырғандығы. Бүгінгі бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан - бақытты ұрпақ. Сол үшін де біздің шалқып өмір сүруімізге аз тер төкпеген ата-аға буынға кейінгі ұрпақ үлкен құрметпен қарауға тиіспіз. Тәуелсіздіктің шуағына шомылып, нұрына кенелген қазақ елі берекелі бірлікте, ынтымақты тірлікте, татулығы жарасқан ұлттармен бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Әр ұлт өкілдері мен достықты арқау, бірлікті тіреу етіп келе жатқанымызды мақтан етеміз. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы халқының арасындағы достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, әр халықтың өнері оның рухани байлығының негізі. Өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу де татулықтың белгісі болмай ма. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, тыныштықты сақтаушы ел екенімізді айқындай түседі.
Сталиндік саясат салдарынан, сенімсіз халықтар қатарына қосылған ұлт өкілдері Қазақстан жеріне келіп қоныс теуіп, қазақ халқының құшағын аша қарсы алғандығының нәтижесінде әлі күнге дейін Қазақстан жерінде бейбіт өмір кешуде. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы Тәуелсіз мемлекетімізді уақыт талабына сай ойлы ақылмен, терең парасат-пайыммен басқарған Н.Ә.Назарбаев сынды ерен Елбасын қалай мақтап, қалай мадақтасақ та артық айтпаған болар едім. Көп ұлтты халықтың арасында "ши" шығармай бірлік пен ынтымақтың берекесін қашырмай, дер кезінде Республикадағы ұлттардың Ассамблеясының жұмысын жандандырып, олардың тілін, әдет ғұрыпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде. Мемлекетімізде істелініп жатқан игі істердің барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп, үндесіп тұратындығы айқын.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылғы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтып өтті, және де 1995
жылғы 16 ақпанда Президент Н.Ә.Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонымен қатар Елбасы
Республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін жаңа қоғамдық институт - Президент жанындағы консультативті - кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттігі туындап отырғандығына назар аударып, 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.
Бұл Ассамблеяның мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету;
өрениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалаптастыру болатындығы айқындалды.
Қазақстан Халқы Ассамблясына Қазақстанның қай өңірі болмасын ерекше көңіл бөлуде. Мысалға: Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы көп ұлт өкілдерінің ұлт арасындағы татулық пен достықты ерекше қадірлейтіндігін тілге тиек еткім келеді. Сол Арқалық қаласындағы өзім қызмет атқаратын білім ордасы туралы айтып өтпегенім жөн болмас. Қазіргі таңда, өзім қызмет ететін білім ордасы Арқалық Политехникалық колледжінде 283 білімалушы болса, оның ұлттық құрамы 232 қазақ, 29 орыс,7 украин, 3 беларус, 2 өзбек, 5 татар, 4 молдаван, 1 башқұртты құрап отыр. Осындай өзге ұлт өкілдерінен құралған білім ордасы болса да, бір атаның баласындай татулықты ту етіп отырған жайымыз бар.
Ал Республикамыз қысқа мерзім ішінде көпұлттылығымен қоса, бірлігі жарасқан, құт - берекесі молайған ел ретінде әлем назарына ілікті. Бұл Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ұстанып отырған салиқалы саясаты мен тұңғыш рет Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрғандығы көрегендігінің жемісі деп айта аламыз. Елбасымыз жыл сайынғы жолдауында Қазақстан халқының тыныштығын, ертеңгі күнге деген сенімділігін шыңдап отыруда, осының арқасында Елбасымыздың жолдауы - қоғамымыздың басты құжатына айналды десек қателеспейміз.
Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір - бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Егенмен Қазақстан газеті 19 сәуір 214 жыл
2) Назарбаев.Н.А "Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улешение благосостояния всех казахстанцев", А., 1997г
3) Айқын апта газеті 11 сәуір 2013 жыл.

Ұқсас жұмыстар
Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні
Тәуелсіздікке 20-жыл
Тәуеліздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тірегім
Қазақстан, мәңгілік жансын бағың!
Рәміздер
Аналарға – мың алғыс!
Алғашқы сабақ. Сабақтың тақырыбы
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Наурыз тойын жұп жазбай
Пәндер