Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Қазақтың батыр қыздары (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: <<Қазақтың батыр қыздары!>> (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлар қыздардың суреттері, аудио және видео слайдттар.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі <<Қазақтың батыр қыздары >> аталатын кезектен тыс ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
Айгүл: Саламатсыздарма құрметті ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! <<Қазақтың батыр қыздары>> атты ашық сабағымызға қош келіпсіздер!
Ән ұран
Ақерке:
70 жыл -- бейбір көктем таңы атқалы,
70 жыл -- шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл -- жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 67 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығы.
Көрініс <<Әке туралы баллада>>
Айгүл : Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Бірақ1945 жылы 9 мамыр күні жеңіс жарияланды!
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.
Ән <<Катюша>>
Айгүл:
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.
Саида: Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.
:
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз!
Айгүл: Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.

Дайындаған слайдшоуымызды көріңіздер
<<Сұрапыл соғыс>>

Көп қой батыр апалар
Жаттап алар балалар
Болашақты бізге мирас етемін деп
Қыршын кетті Әлия,Мәншүк, Хиуаз апалар!

Алия, Мәншүк, Хиуаз Батыр апаларымыздың өмірбаяндары.
Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.
1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп <<Моншағылым>> деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала <<Мәншүк>> деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми - зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: <<Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта>>. Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, <<халық жауы>> аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: <<Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз>>, деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы>>.
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы - дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір - түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.
Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.
Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.
1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға көшіп барды. Нағашысы Түркістан - Сібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.
1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшті, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияні Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды, қазір бұл № 140-шы мектеп. 1980жылы Ленсоветтің атқару комитетінің шешімімен Гурдин көшесіне Әлия Молдағұлованың аты берілді.
Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жауқауларды жек көріп, олар бүкіл балалардың алдында сынап, ұрсатын. 6-7-ші сыныпта Әлия староста болған. Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп оқыды.
Соғыс басталған жазда Әлия детдомның балаларымен бірге Сиверская станциясында болған, маусымның аяғында олар Ленинградқа қайтып келді. Балалар үлкендерге көмектесті: кішкентай балалардың тобына бағып, қарады, қаланың сыртында қорғаныс қамалдарын салысты. Суық бөлмедегі сабақты ауа ескерту сигналы бұзғанда, Әлия балалармен шатырға жүгіріп, немістің тастаған <<зажигалкаларын>> - өрт бомбаларын сөндірді. Сабақтан кейін Әлия госпитальға барып, жарақаттанған жауынгерлерге көмектесті. Ленинградты немістер қамауға алып, оның тұрғындарын ашаршылыққа ұшыратты. №46 балалар үйінің аға пионер жетекшісі Лидия Костинаның естелігінде Әлия шанамен суға барып, аштықтан көшеде есінен танып құлаған, сөйтсе ол өз нанының жартысын Қаты деген қызға береді екен. 1941 жылдың 4-ші қарашасында Әлия комсомолға өтті. 1942 жылдың наурызында № 46 балалар үйімен Әлия Ладога көліндегі <<өмір жолымен>> Ленинградтан Ярославль облысы Некрасов ауданы Вятское селосына көшті. Бұнда балалар оқу мен қатар колхозда жұмыс істеді. Сол ауыл мектебінің ботаника мұғалімі татьяна Суворовнаның айтуы бойынша, Әлия жақсы оқитын, ән салатын, билейтін, достары көп болатын, бірақ мінезі тұйық, өзі туралы ашылып ештеңе айтпайтын. 1942 жылдың тамыз айында Әлия Рыбинск қаласына ұшқыштың оқуына кететінін Лида Кротова деген досына айтты. 1942 жылдың 1-ші қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ оқудың ұзақтығына шыдамай 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші желтоқсанында техникумнан шығып кетті.
Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер курстары ашылды. Осы курстар негізінде 1943 жылдың мамырында снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды. Әуелі курстар Москва облысы Перов ауданы Вешняки селосында граф Шереметьев усадьбасының оранжереясында, кейін Москва облысы Щелков ауданы Амерово деревнясында және Подольск қаласында Силикатный поселкесінде орналасқан. Әлия снайпер мектебінің бірінші түскен тобының 4-ші ротасында оқыды. Кішкентай бойы үшін бұл ротаның қыздарын <<қарындаштар>> деп атаған. 1943 жылдың 23-ші ақпанында курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Сонымен қатар ол жер жорғалап еңбектеуді, қол және станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді. Оқу жеңіл болған жоқ. Әлия жақсы атқыш болды. Бірақ оның майданға бару мақсатына тағы бір кедергі пайда болды. Мектеп басшылары емтиханнан кейін Әлияні майданға жібермей мектепте басқа жаңа курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып, <<бәрібір майданға кетемін>>, деп тұрып алды.
1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік - Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты. Бір рет немістің сынық танкісіне бұғып отырып, екі немісті атты, үшінші оқпен окоптан шығып тұрған стереоқұбырды атты. Фашистер снайперді байқап, миномет пен зеңбіректерден оқ жаудырды. Танктің астынғы люгін ашып, Әлимя жерді бауырлап, өз бөлімшесіне жетті. Ұлы Октябрь мейрамы алдында Әлия бір күні жеті немісті атып түсірді. Бір күні дос қыздармен келе жатып, жеті фашистке жолықты. Біреуін Әлия, екеуін достары атты. Қалғаның қыздар қамауға алып, бастыққа әкеп тапсырды.

Музыкалық қойылым <<Алия>>

Айгүл:
9 мамыр - Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Сол жеңістің әнін айтқызған, сұрапыл соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың рухына бас иіп 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Ал аман қайтқан аталарымызбен апаларымызға бас иеміз! Бүгінгі ашық сабағымызға алтындай уақытын бөліп келіп отырған ардагер атамыз Жолшыбеков Нұрсеит!
Саламатсызба ата сізге бірер қояр сұрақтарымыз бар еді . Ал қыздар сұрақтарыңды қойыңдар!
Нулифар:
Арылтып жаудан жерінді
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
Тоғызыншы мамыр күні!

Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай,
Ұмытылмас мәңгілік.

Жүйрік озар әйгілі
Күні бүгін бәйгенің
Ура, Ура балалар!
Тоғызыншы май бүгін.

Зина:
Отан үшін жанымызды береміз
Отан үшіе барлығына көнеміз
Отанныңда анаңныңда алдында
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің сен Отан
Мәнгі соғып тұратын
Жүрегімсін сен Отан
Туған жерде толамыз
Ертең жігіт боламыз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді әнмен күйіміз
Диана:
Отан сенің ата анаң
Отан досың бауырың
Отан өлкең Астанаң
Отан аудан ауылың
бақытты жүргенің
Сенің арқан ұлы отан
Елің менің тірегім
Құшағыңды гүл атам
Асыр салған таласып
Біз туған ел баласы
Қандай байтақ Отаным
Жан жағыма қарашы.
отаным кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған шалғай алып дән
Бәрі менің несібем
Гүлзада:

Ән <<Атамекен>> Е.Хасанғалиев

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Ән <<Жаса Қазақстан>>
Қуандық және Бақберген
Осымен ашық сабағымыз аяқталды тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ана өмір шуағы жайлы ақпарат
Ұмытылмас ерлік
Отан үшін алға
Ұшқыны Ұлы Жеңістің
Топ старостасы
Қазақ қыздары мен жігіттерінің киім үлгілері
Қазақтың қаһарман қыздары
Ерліктің асқақ өрені
"ер есімі- ел есінде" тәрбие сағаты
Қазақ қыздары
Пәндер