Денсаулық-басты байлық ( Отбасылық спорттық мереке )

“Денсаулық-басты байлық”

( Отбасылық спорттық мереке )

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар:

Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар.

Жүргізуші:

Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.

Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”, ”Айгөлек” тобы ата-аналары қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, ортаға шақыралық.

“Балбөбек” тобы :

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,

Бәріміз біріміз үшін,

“Айгөлек” тобы :

Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

“Ат жарысқа” кезек берелік.

Шарты:

Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп, тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып, өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді.

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

“Тез адымда” сайысы.

Шарты:

Бас пен аяқ киім киіп, (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу.

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білеиікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

“Кім епті” сайысы .

Шарты:

А) Үңгір астынан өту.

Ә) Жіппен секіру.

Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

“Балық аулау” сайысы.

Шарты:

Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп, шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу.

Жүргізуші:

Жарқын, шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

( Қортындылау, мадақтау ) .


Ұқсас жұмыстар
Жанпейсовтар отбасы
«ТОЛАҒАЙ» (отбасылар сайысы)
Әділ қазы алқасы
Басталды сайысымыз бүгінгі күн
Денің сау болса, жарлымын деме. тәрбие сағаты
Дені сау бала - болашақ жемісі
Спорттық құралдар
Денсаулық - салауатты өмір салты 3 сынып
Денсаулық тірегі
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz