Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Шуақты көктем

Сабақтың тақырыбы: <<Шуақты көктем>>
Сабақтың мақсаты: Балалардың көктемгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету,көктем мезгілін басқа мезгілдерден aйыра бiлуге тәрбиелеу.
Балаларды табиғатты аялай білуге,орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру. Тақпақ айтып сөздік қорын байыту. Балалардың белсенділігін арттырып,табиғатқа қамқор болуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,сиқырлы жолдар,гүлдер,топырақ салынған құмыра,тұқым.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:- Қане балалар,біз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберіне тұрайық.
<<Біз кішкентай баламыз.
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Әлемдегі бар адамға.
Жақсылық біз тілейміз.>>
Тәрбиеші: Балалар сендер орманда жүру ережесін білесіңдер ме?
Балалар: -Орманда шуламау керек.
-Бір-бірінен қалмай жүру керек.
-Айқайлап өлең айтпау керек,себебі құстар,аңдар шошып кетеді.
-Бұтақтарды сындырмау керек.
-Орманға қоқыс тастауға болмайды.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар,балалар сендер орманда жүру ережесін біледі екенсіңдер.Олай болса мына сиқырлы жолдармен орманға саяхатқа барайық.
-Мына жолдың түсі қандай балалар?
Балалар
-Мына жол қызыл түсті.
-Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді?
-Бұл түс жаз мезгілін білдіреді.
-Бұл жол ұзын ба, қысқа ма?
-Бұл жол ұзын.
-Балалар , маған күз мезгілінің түсін білдіретін жолды тауып беріндерші.
-Балалар:
-Күз мезгілінің жолы сары.
-Тәрбиеші:
-Неге күз мезгілінің жолы сары?
-Балалар:
-Себебі күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары сары түсті.
Тәрбиеші:
-Мына жол қай түсті?
Балалар:
-Бұл ақ түсті.Бұл қыс мезгілің білдіреді.
Тәрбиеші:
-Ал,соңғы жолдың түсі қандай және неге ұқсайды?
Балалар:
-Жасыл түсті.Шөптердің түсі сияқты.
Тәрбиеші:
-Балалар көктем мезгілінде кандай ерекшеліктер болады?
Балалар:
-Жер беті жасыл шөпке толады,құстар ұшып келеді.Адамдар жеңіл киінеді.Ағаштарға бүршіктер шығады.Алғашқы гүлдер бәйшешек
қызғалдақ ,сарғалдақ шығады.( Балалар көктем мезгілі жайлы тақпақтарын айтады) .
Балалар:
-Балалар міне біз орманға келдік.Ормандағы қоқыстарды жинап тазалайық.
Енді отырып дем алайық, құстардың дауысын тындайық.(Құстардың дауыстары)Сергіту сәтін жасайық.

Жүр көжегім топ-топ бас.
Міне былай топ-топ бас.
Сұр қасқырым қолың соқ.
Міне былай қолың соқ.
Жүр аюым билей ғой.
Міне былай билей ғой.
Ормандағы аюдың.
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
Сергіту сәті;
Тәбиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.
Тәрбиеші;-Балалар аю нені жақсы көреді?(балды)
-Тиын нені жақсы көреді?(жаңғақты)
-Қоян нені жақсы көреді?(сәбізді)
Топқа Қөктем ханшайымы келеді, тапсырма әкеледі.
Бірінші тапсырма;
Жұмбақтың жауабың шешу;
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтындаршы.
Бұл қай кезде болады ?(көктемде)
Екінші тапсырма;
-Балалар , төрт түлік мал көктемде төлдейді.
Қойдың төлін не дейміз?(қозы)
Сиырдың төлін не дейміз?(бұзау)
Жылқының төлін не дейміз?(құлын)
Түйенің төлін не дейміз?(бота)
Үшінші тапсырма;
<<Көктем>>мезгілін құрастыру (мазайка)
Біз көктемде өсетін гүлдерді білеміз.(слайд - гүлдер).
Бүгін сабақта біз де қолымызбен құмыраға гүл себеміз.(Топырақ салынған дайын құмыралар, гүл тұқымдары,су құйғыш.)Балаларға құмыраға гүл тұқымын егіп көрсету,су құю.Балалардың жұмысы.
Тәрбиеші; Ал, балалар енді орнымызға отырайық.-Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Саяхат несімен ұнады?
Балалар;
-Сиқырлы жолдармен жүрдік.
-Ойын ойнадық.
-Гүл тұқымын ектік.
Тәрбиеші;-Балалар , сендер сабақты жақсы менгеріпсіңдер.Сабақ аяқталды.
Жақсы сабақта қатысқан балаларды айту.

<<Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені>> КММ-сі
Кіші орталық тобы

Тақырыбы:Шуақты көктем
Өткізген: С.Т. Еспаева

2014-2015 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
«көктем» қасым аманжолов
Сөз таптары. қазақ тілі, 2 сынып
Үстеудің түрлерін ажырату
Менің кітап дегенім
Әнімді анама арнаймын
«көктем» қабыкен мұқышев
Жасыл көктем, сен көктем
Сайысқа қатысқан төрт топ
Аналар мейрамы
Ана - өмірдің шырағы
Пәндер