2-сынып бейнелеу өнері: Күзгі бұтақ - затқа қарап графикалық натюрмортты салу

Күні: 2014 жыл

Пән: бейнелеу өнері 2-сынып

Пән мұғалімі: Тасыбай А. Қ.

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күзгі бұтақ

Сабақтың мақсаты: күрделі емес қойылым суретін затқа қарап, графикалық материалдармен салыстыру.

Жоспарланатын нәтиже:

Пәндік: затқа қарап сурет салу дағдыларын қалыптастыру;

Жүйелі-қызметтік: графикалық натураны қабылдау және объект пропорциясын көрсету дағдылары мен білімдерін дамыту.

Тұлғалық: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын қалыптастыру.

Сабаққа арналған материалдар мен жабдықтар:

Мұғалім үшін: графикалық натюрморттардың көшірмесі, күзгі тұтақ

Оқушылар үшін: жұмыс дәптерлері, жай қарындаш, өшіргіш, қара гельді қалам.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткенді пысықтау.

Жаңа сабақ.

Оқушылармен бірге қойылым натюрмортын қарап шығу.

  • Балалар, біз затқа қарап сурет саламыз. Ол не деген сөз? Бұның алдындағы сабақтарда өзіміздің есіміздегі және қиялымыздағыны елестете отырып, сурет салдық.

Кескіндемеші-суретшілердің К. Бейсембинованың жұмыстарын қарастыру.

  • Жапырақтары бар күзгі бұтақты заттай қалпында, яғни бұтақшаны жан-жақты қарап, сол қалпында салуға тырысамыз. Зер салып қараңдар. Бұтақшалар иілімі қандай?
  • Жапырақтардың пішіндері қандай?

1-кезең. Бұтақтың суретте қанша орын алатынын, суреттің тігінен немесе көлденеңінен тұрғаны дұрыстығын анықтау.

2-кезең. Бұтақшалардың қозғалысын және жапырақтардың пішінін жеңіл-желпі белгілеп қою.

3-кезең. Зат пен суреттің ұқсастығын беруге тырыса отырып, бұтақшаларды, жапырақшаларды толық, анығырақ етіп салу.

Көрме ұйымдастыру.

  • Қай жұмыс әдемі, дұрыс орындалған?
  • Өздеріңнің жұмыстарың жайлы туралы не айтасыңдар?

Рефлексия.

  • Графика дегеніміз не екен?
  • Жұмыстың қандай әдістері ұнады?

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Затқа қарап бейнелеу (натюрморт): сабақ жоспары
5-6 сыныптарға арналған бейнелеу өнері: күзгі пейзаж және натюрморт (акварель, гуашь)
2-сыныпқа арналған бейнелеу өнері: әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс жасау
Сызба: нәрсеге қарап сурет салу - схемалық әдіс, штрихтау және жарық-көлеңке
2-сынып бейнелеу өнері сабағы: Дәрумендер - акварельмен жеміс суреті
3-сынып бейнелеу өнері: Пропорция және таңғажайып жануарларды бейнелеу
Сабақ жоспары: Табақ бетіне өрнек салу (сайыс сабағы, бейнелеу және сызу өнері)
5-сынып бейнелеу өнері: Сәндік қолданбалы өнер - киіз үй суретін салу (сабақ жоспары)
6-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабағы: Сурет салуды меңгеру және сурет салу кезеңдері
Хайуанаттарды мүсіндеу: 2-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz