Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту

Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің мақсат-міндеттері:

Білім беру саласы:
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
Білім беру саласы:: Бөлімі:
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: ҚМТҚ
Білім беру саласы:: Тобы:
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: Ортаңғы топ
Білім беру саласы:: Тақырыбы:
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»:

Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. (кіріктірілген кешенді сабақ)

«Аққала» өлеңін мәнерлеп оқу.

Дидактикалық ойындар: «Қандай пішін, ата!», «Жануарларға геометриялық пішіндерден үй құрастырайық», «Аққаланы құрастыр» т. б

Білім беру саласы:: Ақпараттық құзіреттілік:
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: Балалардың геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімдерін жетілдіру.
Білім беру саласы:: Коммунакативтік құзіреттілік:
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды тауып, сәйкестендіре білу қабілеттерін қалыптастыру.
Білім беру саласы:: Проблема шешу құзіреттілігі
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: Балалардың зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау сияқты танымдық үдірістерін дамыту.
Білім беру саласы:: Пәнаралық байланыс
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: «Математика негіздері», «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту»
Білім беру саласы:: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: Слайд көрсету, ойын-жаттығу
Білім беру саласы:: Оқыту құралдары
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: Геометриялық пішіндердің макеті, кубиктер, пішіндер бейнеленген карточкалар
Білім беру саласы:: Әдіс-тәсілдер
«Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»: Түсіндіру, сқрақ-жауап, көрсету, қайталау, дидактикалық, дамытушылық ойындар өткізу, ғажайып сәт ұйымдастыр, тіл дамыту жаттығулар т. б
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әректі
Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы бөлімі
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Телефон шырылдайды. (тәрбиеші телефонмен сөйлеседі)

Балалар, сүйенші!

Жаңа ғана досымыз аққала телефон соқты. Бүгін бізге қонаққа келетінін айтты. . .

(Аққала келіп билейді) .

«Аққала» әнін шырқау

Аула сырты баққа да

Тұрғызамыз аққала

Аққаланы айналып

Ойнаймыз біз шаттана. (бірге билейді) .

-Балалар, аққала бізге бірнеше тапсырмалар алып келіпті. Қане, бәріміз бірге орындайық

Сұрақ-жауап:

Аққала неше бөліктен тұрады? Қандай бөлшектерден?

Көзін, мұрынын, аузын неден жасаймыз?

Балалардың іс-әректі:

Аққаланы қуанышпен қарсы алып, амандасып ризалық білдіреді. . .

Ойынды бірнеше рет ойнайды

Мәнерлеп оқылған өлеңді зейін қойып тыңдап, бірнеше рет қайталайды.

Жаңа сөздерді, жеке және көппен бірге қайталайды.

Өлеңді тәрбиешімен бірге қайталады.

-үш

-үлкен, орташа, кіші дөңгелектерден

- көмір, сәбіз, шелек, сыпырғыш т. б

Іс-әрекет кезеңдері: Іздені-ұйымдастырушы кезең
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Тәрбиеші балаларға тапсырмаларды ұсынады:

Дидактикалық ойын: «Геометриялық фигуалардан аққала құрастыр»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндердер туралы білімдерін толықтыру.

Сергіту сәті: «Пішін құрастыр»

Балалар жәшіктен әртүрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.

Дидактикалық ойын: «Жануарларға геометриялық пішіндерден үй құрастырайық»

Мақсаты: Өз бетінше жеке және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната отырып, ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.

Дидактикалық ойын: «Қандай пішін, ата!»

Мақсаты: Өз қиялымен құралдар құрастыру, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіру, бастаған ісін аяғына дейін орындау дағдысын қалыптастыру.

Орындау шарты: Тәрбиеші балаларға карточкалардағы суреттерді көрсетеді (жастық, теледидар, күн, доп, пирамида, т. б) . Бала доп-дөңгелекке ұқсас, жастық-төртбұрышқа ұқсас деп түсінік беруі қажет.

Балалардың іс-әректі:

Аққала тапсырмаларын орындап, дидактикалық ойын ойнайды. Суреттерді қарап, сұрақтарға толық жауап береді, қандай пішіндерден құралғанын атайды.

Сергіту сәтін үйренеді, өздеріне ұнаған геометриялық пішіндерді таңдап алып ойынға қатысады.

Балалар ойын шартын сақтай отырып, өз бетінше, өз қиялымен әртүрлі жануарларға үйшік жасайды.

Үйлестірмелі суреттердегі заттардың атауын атап, қандай пішінге ұқсас екенін анықтайды.

Рефлексивті коррекциялаушы бөлім
Аққала: - Балалар, өнерлі балалар екенсіңдер, тапсырмалардың бәрін дұрыс орындадыңдар, сендерге де рахмет. Сау болыңдар!

Балалар, өз жауаптарын өздері бағалайды. Аққала да оларды қошметтейді.

Аққалаға рахмет айтты.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Геометриялық пішіндерді біледі.

Балалардың меңгеруі: Сурет бойынша мазмұндауды, заттар мен пішіндердің ұқсастығын ажыратуды, сергіту сәтін меңгерді.

Балалардың жасай алуы: Өз бетімен геометриялық пішіндерден заттар құрастырады, тәрбиешінің айтқанын қайталайды, берілген тапсырманы орындайды.


Ұқсас жұмыстар
Өте жақсы балалар
Геометриялық пішіндер туралы ертегі
Дидактикалық ойындар
Соңғы аялдама балалар Дөңгелек аялдамасы
Әртүрлі заттар суреттері, пішіндер
Білімдерін тексеру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда логикалық ойын - жаттығуларды пайдалану
Суретті тіз
Күлдіргінің барлық тапсырмасын орындадыңдар
Геометриялық пішіндер ғаламшарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz