Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Ана тілім - ардағым

Тақырыбы: Ана тілім - ардағым!

Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Біздің тіліміз - ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.
<<Тіл ақылдың өлшемі>> деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда.
Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев <<Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде>> деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер - білімді, ғылымды игереміз, өткен - кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес.
Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал - мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді.
Ертеде билер мен шешендер ел - елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы <<Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді>> деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай - ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады. Жақсы сөзбен оның көкірегі мен көзін ашуға болады.
<<Өнер алды қызыл тіл>>
- Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуге үйренейік.
- Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы - кітап. олай болсакітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздер, сөйлемдерге назар аудар, есіңде ұста, сөзіңде пайдалан.
Әдемі сөйлеудің көзді бұлағы халық тілінде.
а) Шешендік ақыл - нақылға негізделген даналық сөздерге назар аудар. Ол үшін жыраулар толғаулары, терме жырлар, ауыз әдебиеті үлгілерін көп оқы.
ә) Мақал - мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, оларды ұтымды пайдалануға тырыс.
<<Ең әдемі сөз - аз сөз>> дейді халық. <<Көп сөз
- көмір, аз сөз алтын>> дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын айтарыңды қысқа, әрі нақты, нық айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Әуелі өз ойыңды айту үшін ішіңнен не айтатыныңды жинақтап ал. Сонда ғана сен әдемі де әдеби сөйлейсің.
б) << Шешендік қоржынын >> жаса. Бұл қоржыныңа осындай сөздерді жинап, оны жазба жұмыстарында пайдалануға тырыс.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1. елбасымыз Н. Назарбаев дүниежүзі қазақтардың құрылтайында не деген екен ?
2. Енді қазақ тілі жайында кім айтар екен ?
3. Қай жылы <<Тілдер заңы>> қабылданды ?
4. тіл білімінің атасы кім?
5. Халық тілін ана тілі деп атаудың мәнін түсіндіріңіз.
6. <<тілден қымбат қазына жоқ >> дейміз осыған байланысты қандай мысал келтірер едіңіздер ?
7. Тілге байланысты қандай өлеңдерді жатқа айта аласыңдар ?
8. Тілге байланысты көрініс көрсетіңіздер.
9. Ата Заңымыз жайлы кім айтады ?
10. Қазақ елінің бас қалалары жайлы кім не айтады ?
11. Тілге байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз ?

Ұқсас жұмыстар
Тіл мерекесіне арналған тәрбиелік шара
Ана тілім- ардағым Тіл- қатынас құралы
Қазақ тілі - бай тілім. тәрбие сағаты
Кітап сөзі
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету
Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті менің ана тілімде
Ана тілім, ана тілім жүрегім
Шешеннің тілі
Ана тілің - анаң
Пәндер