Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Табиғат - адам өмірінің негізі
КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН
Мектеп басшының мәдени Мектеп басшының тәрбие
жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары
__________ М.К.Умирбекова __________А.О.Молдабекова
<<___>>______2015ж <<___>>______2015ж
Сынып сағаты
Тақырыбы: <<Табиғат - адам өмірінің негізі>>
Сыныбы: 7 <<Б>>
Сынып жетекшісі: Б. Исабекова
Жаңаөзен қаласы

Мақсаты: Халықтың бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты. Адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы. Сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр. Осы тәрбие сағаты арқылы оқушыларды атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан табиғатты көзінің қарашығындай сақтау керектігін сезіндіру. Ол үшін қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұраларды осы тәрбие сағаты арқылы түсіндіру, табиғатқа деген адамгершілігін ояту.
Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген.
Халқымызыдың мақтанышы болып отырған ғалым Ш.Уәлиханов <<Табиғат пен адам! Өзіңізт айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттың кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі>> деп, атап көрсеткен.
Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерлі <<әулие-бұлақ>>, <<әулие-ағаш>> деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның <<Жер- қазына, су- алтын, мол байлық>> деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.
Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен.
Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.
1 - оқушы : Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.
2 - оқушы: Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш, Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді.
Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.
Табиғат - бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат - адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз <<Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі>> деп дәріптеген. Табиғат - адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
3 - оқушы: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
4 - оқушы: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
5 - оқушы: Табиғат тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
6 - оқушы: Табиғат та әке болып еңіреп,
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
Табиғат - әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын - дегендей кезекті биге береміз.
7 - оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
8 - оқушы: Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
Табиғаттың құшағы кең шуақты
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты
Күйіп-пісіп табиғат та кейде бір
Адамдарша күңіренетін сияқты.
9 - оқушы: Табиғатты тарих талай сынаған
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған
Табиғат та әке болып еңіреп
Табиғат та ана болып жылап
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
<<Жүректен жүрекке>> Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат - кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
<<Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!>> деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz