8-сынып физика: Тұрақты магниттер және ток өтетін түзу өткізгіштің магнит өрісі

Физика 8 - сынып.

«Бекітемін»

«___»2015ж

ОІМ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: §52, 54. Тұрақты магнит. Магнит өрiсi.

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тұрақты магнитер дегеніміз не, оның қасиетері, жердің магнит өрісі, аспан денелерінің магнит өрісі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ақыл ойын дамыту.

Тәрбиелік: Білімділікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: магнит, плакат.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Тізбектей жалғанғанда ток күші өзгереме?

2. Өткзгіштерді тізбектеп қосқанда жалпы кедергісі неге тең?

3. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?

4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

5. Электр тогының жұмысы?

6. Электр тогының қуаты?

Есептер шығару.

1. 12В кернеуге есептелінген электр шамының қуаты 36 Вт. Шамның кедергісін және ток күшін табыңыз.

2. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2В, ток күші 0, 5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ .

Тұрақты және қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтамыз. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.

Тұрақты магниттердің қасиеттері

Магниттің әртүрлі бөліктері әртүрлі магниттеледі, ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады.

Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі бар Солтүстік: N, Оңтүстік: S.

Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.

Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді.

Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.

Магнит өрісінің негізгі қасиеттері: 1) Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады; 2) Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған; 3) Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс) .

Эрстед тәжірибесін жасау.

Электр тогы бар мыс өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілгшені қозғалысқа келтіретін күштер болатынын тәжірибе нәтижесі көрсетті.

Бірдей бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіш бірін-бірі тартады, ал қарсы бағыттағы ток өтетін өткізгіштер бірін-бірі тебеді.

Электр тогы өтетін өткізгіштер арасындағы мұндай өзара әрекеттесу магниттік өзара әрекеттесу деп аталады.

Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.

Түзу сызықты токтың магнит өрісін табу және зерделеу үшін ұсқа темір ұнтақтарын пайдаланамыз.

Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немесе магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.

Түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын екі тәсілмен анықтауға болады:

1. Бұрғы ережесімен:

Егер бұрғыны токтың бағытымен қозғалта бұраса, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді.

2. Егер өткізгішке ток бағытымен қараса, онда магниттік күш сызықтары сағат тілімен бағыттас болады.

Тогы бар шарғының магнит өрісі күш сызықтарының бағытын бұрғы ережесі арқылы табуға болады: егер бұрғы тұтқасын ток бағытымен айналдырса, оның ұшының қозғалысы шарғының магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді.

ІV. Сабақты бекіту
1. Тұрақты магниттер дегеніміз не?
2. Магниттің қанша полюсі бар?
3. Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
4. Аномалия ұғымына түсінік
5. Оңтүстік полюс қалай белгіленеді

V. Үйге тапсырма. § 52, 54 оқу

VІ. Оқушыларды бағалау


Ұқсас жұмыстар
8-сынып: магнит өрісі мен күш сызықтары - тұрақты магниттер, тоғы бар өткізгіштер және Жер мен Күннің магнит өрісі
Магнит өрісі: анықтамасы, қасиеттері мен индукциясы
Магнит өрісі және электромагниттің түзілуі: іс-тәжірибе сабағы
Магнит өрісі мен Ампер күші: 10-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Магнит өрісі, магниттік индукция және кернеулік: 90 минуттық оқу-әдістемелік аралас сабақ жоспары
Магнит өрісі тарауын қайталау: сайыс форматындағы сабақтың әдістемелік жоспары
Электр және магнетизм: тұрақты ток, Кирхгоф ережелері, Джоуль-Ленц пен Фарадей заңдары, газ разряды және Ампер заңы (5-8 дәрістер)
8-сынып физика сабақ жоспары: Ток күші, амперметр, электр кернеуі, вольтметр және электр тізбегі
8 сыныпқа арналған Тұрақты ток тарауын деңгейлеп және ойын элементтерімен қайталау сабақ жоспары
10-сынып физика: Магниттік өзара әрекеттесу - Эрстед пен Ампер тәжірибелері және магнит өрісінің күш сызықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz