Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Қатынас ыдыстар. Су құбыры
Физика 7 - сынып.
<<Бекітемін>>
<<___>>____2015ж
ОІМ ________
Күні:
Сабақтың тақырыбы: §38 - 39. Қатынас ыдыстар. Су құбыры.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Биіктік пен тығыздық арасындағы байланыс жөнінде түсінік бере отырып, қатынас ыдыстаржөнінде білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Қысым мен тығыздық және сұйық зат жөнінде алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, логикалық ойлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Плакат, сызбалар, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Сұйықтың ыдыс қабырғасына, табанына түсіретін қысымының формуласы?
2) Сұйыққа Fа күшінің түсіретін қысымы?
3) Сұйықтың қай деңгейде қысымы жоғары?
4) Сұйықтың табанына түсірілетін қысымы S-қа тәуелді ме ?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өзіміз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген шайнектің шүмегін салыстырып қарасақ олардың деңгейі бірдей биіктікте тұрады. Ал ол шайнекке су құятын болсақ, құйылған судың деңгейі де бірдей деңгейде болады. Күнделікті өзіміз қолданып жүрген шайнек қарапайым қатынас ыдысқа мысал бола алады. Мұндай ыдыс пішіні әр түрлі болуы мүмкін.
Өзара резеңке түтікпен жалғасқан ыдысты қатынас ыдыстар деп атаймыз.
Мысалы: Шайнек, құмған, лейка т.б.
Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болатыны белгілі, бірақ оң жақтан да, сол жақтан да бірдей қысым түскенде тепе-теңдікте болады. Екі ыдыста да сұйық бағаны бірдей болады.
Енді әр түрлі пішінді қатынас ыдыс алып, сұйық құйсақ онда да сұйық деңгейі бірдей болады. Енді түтіктің екі жағына екі түрлі сұйық құйсақ, қай сұйықтың тығыздығы жоғары болса сол түтіктегі сұйық биіктігі кіші болады.
Сұйықтың ыдыс қабырғасымен жанаспайтын бетін сұйықтың еркін беті деп атаймыз.
Біз сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігі мен оның тығыздығына тура пропорционал екенін білеміз. Демек, р1=р2 болғанда тығыздығы үлкен сұйық бағанның биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанның биіктігінен кем болады.
Оң жақта р1=ρ1gh1 сол жақтан р2=ρ2gh2 , p1=p2 онда ρ1gh1= ρ2gh2
h1h2=ρ1ρ2
Қатынас ыдыстағы әрекеті сұйық бағандарының биіктігі оның тығыздығына кері пропорционал.
Қатынасыдыстар қасиеті үй тұрмысында қолданылатын ыдыстардан басқа қоғамда су бұрқағы, су құбыры, кеменішлюздеуде практикалық қолданылады.
Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Су құбыры - су тасымалдауға арналған құбыр. Су құбырының екі түрі болады: тұрмыстық және өндірістік.
Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады.
Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Су бұрқағы - қоғамда қалаға әдемілік, көрік беру үшін және гүлзарларды суару үшін т.б. қолданылады. Қалада балалар паркінде әртүрлі сумен ойын түрлерінде шоу ретінде қолданылады.
Су құбырының жұмыс істеу принципі мынадай: су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Құбырдың үйдегі немесе пәтердегі ұшы (шеті) шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең болатын су бағанының қысымына тең. Бұл біршама елеулі қысым, өйткені су құбырының мұнарасы қаланың, ауылдың, аймақтың ең биік жеріне салынады. Мұнаралық су құбырының жұмысы катынас ыдыстардың қасиетіне негізделген.
Есептер шығару.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
2. Қатынас ыдыстардың үш тармағы бар. Оларға су, керосин және сынап құйылған. Осы әр текті сұйықтардың еркін беттері қалай орнаасады?
3. Қатынас ыдыстардың қасиетері қандай қондырғыларда қолданылады?
4. Су құбыры не үшін керек?
5. Қандай мақсатта қолданылатын су құбырларын білесіңдер?
6. Жұмыс істеу принципі қандай?
7. Мұнаралық су құбырының құрылысы қандай?
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §38 - 39. Қатынас ыдыстар. Су құбыры.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz