Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар
Физика 7 - сынып.
<<Бекітемін>>
<<___>>____2015ж
ОІМ ________
Күні: 31.01.15 - 7 г, 04.02.15 - 7 а, 05.02.15 - 7 б, 11.02.15 - 7 ә, в, 11.02.15 - 7 ғ.
Сабақтың тақырыбы: §34-35. Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға гидравликалық машиналар, олардың құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: түсідіру, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: Слайдтар, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?
2. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?
3. Автомашинаға ауыр жүк тиегенде қысым қалай қарай беріледі?
4. Қысымның формуласы?
5. Қысымның өлшем бірлігі?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немес түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.
Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.
Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.
Техникада іс - әрекеті сұйықтардың тепе - теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Бұлар гидравликалық машиналар (грекше гидор - су, аулос - түтік) деп аталады. Мыс: автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетінорындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады.
Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір - бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады. Мұнда кіші поршеньнің көлденең қимасының ауданы S1, ал үлкен поршеньдікі S2 болсын. Паскаль заңы бойынша сұйық бұл қысымды үлкен поршеньге береді. Сол себепті үлкен поршеньге Ғ2 күш әсер етеді. Ендігі осы күшті есептейік: F2=pS2, p=F1S1 олай болса,
F2=F1S1S2=F1s2S1
F2F1=S2S1
яғни үлкен поршеньнің көлденең қимасының ауданы кішісінен қанша есе үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе үлкен күш әрекет етеді.
Престеуге жаныштауға арналған гидравликалық машина гидравликалық пресс деп аталады.
Гидравликалық машиналар -- механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданылатын машиналар. Гидравликалық машиналар сорғылар, гидравликалық қозғалтқыштар, гидравликалық берілістер, гидравликалық қозғауыштар болып сараланады.[[][1]]
Техникада іс - әрекеті сұйықтардың тепе - теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір - бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады.
Қолданылуы: Қазіргі қуатты гидравликалық престер 700000КН-ға күш өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай престер зауыттарда металл бұйымдарға қажетті пішін мен өлшем беру үшін қолданылады.
Есептер шығару. 21-жаттығу
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Паскаль шары дегеніміз не?
2. Гидравликалық машиналар дегеніміз не?
3. Гидравликалық престің құрылғысы қандай?
4. Гидравликалық машиналар құрылысында қандай заң пайдаланылады?
5. Гидравликалық машинаға қандай зат пайдаланылады?
6. Паскаль заңын қатты денелерге қолдануға бола ма?
V. Үйге тапсырма: §34 - 35. 21-жаттығу №3.
VІ. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz