2015 жылғы Малайсары жалпы орта білім беретін мектептегі 7-10 сынып оқушылары арасындағы Жеті өнер, шеберлер сайысы

«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп»

мемлекеттік мекемесі

Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Жеті өнер, шеберлер» сайысы

2015 жыл

«Жеті өнер, шеберлер» сайысы

Сыныптан тыс сайыс сабақ:
Қатысатын сыныптар: 7 - 10сыныптың оқушылары арасында

Тақырыбы: «Жеті өнер, шеберлер» сайысы

Мақсаты :

1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт дәстүрін қалыптастыру арқылы оқушылардың ептілік, икемділік, шеберлік қабілеттерін арттыру.

2) Оқушылардың шығармашылық, бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

3) Қыздарды әдемілікке, ұйымшылдыққа, өнерге, шеберлікке, сұлулыққа баулу.

Түрі: Сайыс сабақ.
Барысы:
Талпынған әр шыңдарға жас таланттар
Білімнің ордасында ән халықтар
Күтіп тұр арман қуған өрендерді
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар
- Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым! Технология пәні бойынша өтетін «Жеті өнер, шеберлер» сайысымзға қош келдіңіздер. Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық.
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. (Муызка ойналады, қатысушыларды ортаға шақырамыз) .

7-сыны қыздары

8- сынып қыздары
9-сынып қыздары

10-сынып қыздары
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1-сайыс: Таныстыру. «Сәлем- сөздің анасы» , әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.

2-сайыс: Үй тапсырмасы. «Ас мәзірі».

3-сайыс: «Ою ойғанның ойы ұшқыр». Ою-өрнек қию

4-сайыс: . «Сал айнытпай болсаң егер суретші» әр топ алдарында тұрған адамды суреттеулері керек. Сурет салу сайысы.
5-сайыс: «Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді » Киім бөлшектерін қосып тігу

6-сайыс: «Шаштың сән үлгісі»

7-сайыс: «Қыздарға әсемдік жарасады» атты киім сән үлгісі.
жүргізуші:

1-ші сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың »--демекші, алғашқы сайысымыз

«Сәлем сөздің анасы».

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнер-білім жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

2-ші сайысымыз. Үй тапсырмасы. «Ас мәзірі» ортаға шығып өз жасаған тағамдарынды қорғап шығу.

Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген күнім
Жақсы ғой тағамның да білген сырын.
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер\
Дайындалған жаңашыл тағам түрін.
Өнер - білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты жетті. Ендеше сайыскерлер сөз кезегі өздеріңе беріледі.

жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз

3-ші сайысымыз. «Ою ойғанның ойы ұшқыр». Ою-өрнек қию

жүргізуші: Ою-өрнек қарасаң

Өңкей мүйіз тізілген

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Оюға шебер жан керек.

Ендігі кезекте төрт топ сайыскерлері өздері қалаған ою-өрнек түрлерін қиып, ойып көрсетеді.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» сайысын бастаймыз.

жүргізуші: ӘН

4-ші сайысымыз. «САЛ АЙНЫТПАЙ БОЛСАҢ ЕГЕР СУРЕТШІ»
Топтардан екі оқушы шығып алдарында отырған адамға қарай отыра сурет салады. Қажетті заттар А4 қағазы түрлі түсті қарындаштар, қара қарындаш.
суретті аяқтаған сон әділ қазыларға тапсырасыңдар.

жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз

жүргізуші: 5-ші сайысымыз. «Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді » Киім бөлшектерін қосып тігу

жүргізуші: Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиық түскенде,

Дорбаға салып жиыпты.

Көп киім тігіп біткенде,

Қиықты сәндеп тіккенде.

Құрақ көрпе болыпты, - демекші

Бұл сайыста сайыскерлеріміз киім бөлшектерін біріктіріп көктеп тігеді жылдамдатып тігіп болған соң әділ қазыларға тапсырылады.

жүргізуші: 6-ші сайысымыз. «Шаштың сән үлгісі»

Шаш үлгісін көрсету.
Әр топ шаш туралы өз ойларын ортаға салады.
шашын сәндейді. Дайын болған кезде ортада жүріп көрсетеді. Сөйтіп 4 топтың арасынан ең көркем безендірілген ару анықталады. Қай топтың жұмысы жоғары болса сол топқа жоғары ұпай қойылады.
Сайыскерлерге бастауға рұқсат етеміз.


Ұқсас жұмыстар
Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 2014-2015 оқу жылғы бастауыш сыныптар апталығы Білім бастауы: жоспар және қорытынды
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектептегі 5-6 сыныптарға арналған Әжеммен өмір ажарлы мерекелік-шығармашылық сайысы
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің Серіктестік желілік қоғамдастығының 2014-2015 ж. жұмыс жоспары
№6 орта мектептің 9-сынып оқушылары арасындағы Ойшылдар Алғырлар Тапқырлар зияткерлік сайысы - 2012 жылғы 24 ақпан
№81 жалпы білім беретін орта мектепте 2-сынып оқушылары арасында өткізілген қазақ тілі білім сайысы Жүзден жүйрік: ұйымдастыру және әдістемелік сипаттама (Қарағанды, 2013)
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің Туған жерім - табиғатым, тағдырым экологиялық сайысы
Аршалы №3 орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы география пәні білім сайысы
Ақсай қаласы жалпы білім беретін №4 орта мектебінің 2014 жылғы Информатика жазғы алаңы бағдарламасы
№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің 2014-2015 оқу жылы соңғы қоңырау салтанаты
С. Бреусов атындағы жалпы орта мектептің 9-10 сынып оқушылары арасындағы XXI зияткерлік сайыс: құрылымы мен тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz