Салауатты ауыл - Саламатты Қазақстан Ауыл мен Қала

С. С. Утепкалиев
БҚО. Теректі ауданы.
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
мектебінің дене шынықтыру мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Салауатты ауыл - Саламатты Қазақстан: Ауыл мен Қала.
С абақтың мақсаты: Тақырыптың өзектілігіне, тақырыптың негізінде мәлімет жинау мен өз ойын ортаға салу, пікір талас арқылы білімін толықтыру, өз ойын еркін, мәдениетті, әдеби тілде жеткізе алуға баулу.
Сабақтың түрі: пікірталас (дебат Карл Поппер әдісімен ) .
Сабақтың көрнекілігі: слайд, газет-журналдардан жинақталған мәліметтер, ақпарат арқылы жинақталған материалдар, бейнетаспа т/б.
Пәнаралық байланыс : биология, тарих, қазақ тілі, математика, шет тілдері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Бүгінгі сабағымызда 9 «а, ә, б» сыныптар арасында өткізгелі отырған пікірсайыс сабағымызды бастаймыз. Сайысқа қатысушылар, бәріміз «бір шындық, екі өтірік» айтудан бастаймыз. Менен бастап сағат тілінің бағытымен бір шындық, екі өтірік айтып шығамыз. Бір айтылған шындық пен өтірік екінші қайталанбайды. Сонымен өтірік айтқан оңай ма? әлде шындық айтқан оңай ма?
Бірінші палатада (яғни топта) -3 скипер.
Олар 9 «б»- сынып оқушылары;
- скипер Жұбанғалиев Нұртас.
- скипер Орынбай Сұлтанбибарыс.
- скипер Тұрсынхан Санжар
Бұл топ мүшелері жалпы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде дамып, қарқын алуда деп ойлайды. Сол мақсатта өз ойларын ортаға салып талқылайды.
Екінші палатада (яғни топта) -3 скипер.
Олар 9«а»- сынып оқушылары;
1-скипер Тажкенова Лилия.
2-скипер Зейін Нұрберген.
3-скипер Сидахметова Шынар.
Бұл топ мүшелері жалпы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде емес, керсінше қалада жақсы дамыған деген ойда. Сол ойларын ортаға салып талқылайды.
Бақылаушы және бағалаушы топ;
9«ә» сынып оқушылары;
1 Жақсығалиева Аружан.
2. Амирова Жадыра. 3. Каримов Абзал.
Таим скипер. (Уақыт есептеуші. )
Бірінші топтың бірінші скипері Тұсынхан Санжар қарсылас командасына, бақылаушы, бағалаушы және таим скиперге (уақыт есептеуші) сондай-ақ көрермендерге амандасып болған соң, өз командасы мүшелерін толықтай таныстырып өтті. Біздің топтың қозғап отырған мәселесі, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде жақсы дамып, қарқын алуда. Одан әрі өз сөзін «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту және денсаулығын нығайтуға байланысты» біршама құжаттар қабылданғанын. Соның ішінде« Ел Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауы», «Қазақстан-2030 жылға дейінгі даму стратегиясы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «Қ. Р. медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы. «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» құжаттар қабылданғанын іске асып жұмыс жасап жатқандығы туралы толығырақ баяндап өтті. Сондай-ақ шалғай ауылдарға бөлініп жатқан кадр мәселесі туралы атап өтті. Бүгінгі таңда ақысыз, ақылы оқитын оқу орындары көптеп кездеседі. Сол оқу орындарын бітірген мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға барып, үкіметтің берген жеңілдігін пайдаланып, еңбек етуде. Соның бір айғағындай өзіміздің ауданда 22 ЖОББМ, 10НМ, барлығы 32 мектепте 76 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыс істеуде, бапкерлерді санамағанда. Олардың бәрі де өз мамандықтары бойынша еңбек етуде. Сөзінің соңында қарсы команданың үшінші ойыншысы сұрақ қойып, оған жауап қайтарылды.
Екінші топтың бірінші скипері Тажкенова Лилия бақылаушы, бағалаушы және қарсылас командаға сондай-ақ көрермендерге амандасып, өз тобын тоықтай таныстырып өтті. Қарсылас тобының бірінші скипері Тұрсынхан Санжардың атап өткен бағдарламаларына толықтай келісетінін айта кетіп, бірақ сол бағдарламалардың ауылда мықты жұмыс жасап жатқандығына қарсы пікір туғызды. Ауылда не спорт алаңы, не спортзалы бүгінгі таңдағы талапқа сай емес екендігі, оқушылардың аздығы, ауылдағы кадр мәселесінің кемшілік тұстарына толығырақ тоқталып, ауылдағы спорттың жағдайының сын көтермейтіндігін нақты фактімен айтып қарсылық білдірді. Сұрақ қойылып нақты жауап қайтарылды.
Бірінші топтың екінші скипері Орынбай Сұлтанбибарыс бірінші скипердің сөзін жалғастырып, толықтырды. Ауылдың балалары жастайынан еңбекке араласады. Еңбекке ерте араласқан оқушы кез-келген жаттығуларды ешбір қиындықсыз, берілген әрбір жүктемені жоғарғы қарқынмен орындайды. Кез-келген үй шаруасы бұлшық ет, буын қозғалыстарын дамытуға ықпал етеді. Ауылда жылқы малы көптеп кездеседі. Балалар жастайынан жылқыға мініп өседі. Атқа мінгеннің пайдасы өте көп. Сондай-ақ ауыл балалары құнарлы тамақпен тамақтанады. Айран, сүт, көже, қатық, май, құрт, ірімшік, қаймақ, қымыз, шұбат т/б құнарлы тамақтармен тамақтанған бала шымыр, шыныққан, әлді болып келеді. Бүгінгі таңда ауыл балалары арасынан көптеген мықты спортшылар шығуда. Соның бір айғағы ретінде ауданымызда өткен жеңіл атлетика жарысынан үздік шыққандар аудан намысын қорғап облстық жарысқа қатысып төртінші орынға ие болды. Атап айтар болсақ өзіміз мектебімізден қатысқан оқушылар Қанатқалиева Қымбат найза лақтырудан екінші орын, Нәсіпқалиев Бибол қол күресінен бірінші орынға ие болды. Ауылдық жерде борпылдақ топырақты жерде жүгіріп дағдыланған оқушы қалаға келіп стадионға түскен кезде емін-еркін жүгіріп еш қиындықсыз мәреге жетеді. Ауыл спортының бүгінгі таңдағы жағдайы өте жоғары дәрежеде деп ойлаймын. Осы бағытта біраз дәлелдемелер, фактілер айтып қорғап шықты. Сұрақ қойылып оған нақты жауап қайтарылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz