Сабақ жоспары: 1-20 дейінгі сандарды қайталау және пысықтау (0ә сынып, математика)

Бекітемін:

Күні: 24. 04. 2015

Сынып:_0ә
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: 41-сабақ.
Математика
Білім беру саласы: Таным
Сабақтың тақырыбы: 1 - 20 дейінгі сандар
Сабақтың мақсаты: 1. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, дамыту
1 - ден 20 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушлық мақсаты: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, логикалық есептер, санамақтар

Оқу іс - әрекетінің барысы
І. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
II. Балалардың назарын сабаққа аудару.

-Балалар, біздер алдыңғы сабақтарда 1-ден 20-ға дейін сандармен таныспыз, енді сол сандарды қайталап көрейік.
- Вагон сандары ретімен тіркелген бе?
- Онда ретімен тіркеп алайық.
- Енді вагондарды ретімен санайықшы.
- Енді кері санайық.
- Вагондар саны нешеу екен?
ІIІ. Балалар, кім бауырсақ ертегісін біледі? Кел айтып бере ғой.

Бауырсақты қояннан құтқару үшін біз қоянның тапсырмасын орындайық.
Дәптермен жұмыс жасаймыз.
1- тапсырма. Қалдырған сандарды жаз. Әрбір екінші жапырақты сары түспен боя.

Қасқырдан құтқару үшін біз осы дәптердегі 2- тапсырманы орындайық.
2- тапсырма. Әр ыдысқа бір қарындаштан қос. Әр ыдыста неше қарындаштан болады?
IV. Сергіту сәті.
Балалар сергіп алдық қой, енді бауырсақты аюдан құтқарайық. Ол үшін ауызша есептер шығарайық. Мен жұмбақ жасырам, сендер жауабын айтасыңдар.
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
- Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан,
Алып жеді Мұратқан.
Қанша қалды алмұрттан?
(екі)
- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)
- Табақта төрт өрік,
Қолымда бір өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?
(5)
- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
(0)
V. Шығармашылық жұмыс. Түлкіден құтқару тапсырмасы: Бұл бұйымдар бір сөзбен қалай аталады?
VI. Қорытындылау
«Көршісін тап» ойынын ойнаймыз.
Енді балалар, мына сандарды ретімен кім орналастырады?

VII. Мадақтау

C:\Users\Soul_love\Desktop\Актолкын\Слайд8.JPG

C:\Users\Soul_love\Desktop\Новая папка (5)\20150423_123242.jpg C:\Users\Soul_love\Desktop\Новая папка (5)\20150423_124434(0)-1.jpg


Ұқсас жұмыстар
1-сынып математикасы: 11-20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыруға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
1-сынып: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту; қосу кестесін құрастыру бойынша сабақ жоспары
Жай және құрама сандарды қайталау - 5-сынып математика сабақ жоспары
Ашық сабақ: 1 Д сынып математикасы - Қайталау, 1-10 сандарды қосу және азайту
1-сынып математикасы: 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту бойынша пысықтау сабағы
1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау: ертегі арқылы есептеу және логикалық ойлауды дамыту
3-сынып математика пәні: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлуді пысықтау сабақ жоспары
4-сынып математика сабақ жоспары: көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу (қайта пысықтау)
4-сынып математика: көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу, қашықтық-уақыт-жылдамдық материалдарын пысықтау сабақ жоспары
2-а сыныпқа арналған математика: Қайталау және есептер шығару пысықтау сабақ жоспары (2014-2015 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz