Арифметикалық прогрессия - тарауына есептер шығару

«АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССЯ» ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сейтенова Анар Газизовна
Павлодар облысы, Май ауданы
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебі
- Тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау, формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту;
- Пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету, математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету;
- Оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, намысын қорғауға баулу; сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу.
Оқулық, есептер жинағы, постер
Ой қозғау сұрақтары жазылған үлестірме қағаздары
Флипчарттар
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс -әрекеті
Сәлемдесу
Сыныпты топқа бөлу: І топ: Жемістер, ІІ топ: Гүлдер
ІІІ топ: Автокөлік түрлері
1. «Кубизм» стратегиясы арқылы:
1. Тізбек және оның берілу тәсілдері
2. Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір
3. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайтынымызды түсіндір
4. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын тұжырымда
5. Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті
6. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысының формуласын тұжырымда
2. Теориялық білімдерін постер арқылы қорғау
ІІІ. Топтық жұмыс:
1. Есептер шығару
2. Өмірмен байланысты есептер:
І топқа берілетін тапсырма
1) Арифметикалық прогрессияның а 9 мүшесін табыңдар: 0, 2; 1;
2) Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын есептеңдер 10; 8;
ІІ топқа берілетін тапсырма
1) Арифметикалық прогрессияның а 9 мүшесін табыңдар: 1; -1; . . .
2) Арифметикалық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар а 1 = -10; d= 2;
ІІІ топқа берілетін тапсырма
1) Арифметикалық прогрессияның а 9 мүшесін табыңдар: -23; -19; . . .
2) Егер х n = 2n+1 болса, онда { х n } тізбегінің алғашқы жүз мүшесінің қосындысын табыңдар.
Есеп №1 . Екі практикант 204 м 2 плитаны төсеуі керек. Өздеріне күнделікті тәжірибе жинақтай келе практиканттар екінші күннен бастап әр күнде алдыңғысына қарағанда 2 м 2 артық плита төседі. Артығымен қалған плиталар оларға 7 күнге дәл жетті. Еңбек өнімділігін арттыруды жоспарлаған мастер олардың осы жұмысты аяқтауы үшін тағы да 5 күн керектігін анықтады. Сонда олар алғашқы күні қанша м 2 плиталар төсеген?
Есеп № 2 . Ауа ваннасын қабылдауды бірінші күні 15 мин бастайды және оны қабылдауды әр күн сайын 10 минутқа арттырып отырады.
Ауа ваннасын қабылдаудың ұзақтығы 1 сағ 45 минут болу үшін неше күн аталған режимде қабылдау керек?
Есеп № 3 . Бөренелерді сақтау үшін төмендегі суретте бейнеленгендей қатарлайды. Егер астынғы қабатында 12 бөрене қатарланса, онда әр қалауда неше бөрене бар?
ІV. Білімді қорытындылау:
1. Біліміңді тексер.
2. «Блум түймедағы»
Деңгейлік тапсырмалар:
«А» деңгейі: Теңдеуді шеш: 2+5+8+ . . . +х = 155
«Б» деңгейі: a 1 + a 6 = 26, a 2 + a 3 = 18 болса, онда арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесін тап.
«В» деңгейі: а 1 =-5, d=3 болатын арифметикалық прогрессияның алғашқы он екі мүшесінің қосындысын тап.
- Қарапайым сұрақ:Прогрессия деген сөзі нені білдіреді?
- Нақтылау сұрағы:Арифметикалық прогрессия формулаларын есептер шығаруда қолдана аласың ба?
- Түсіндірмелі сұрақ:Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі, қай кезде кемімелі болады?
- Шығармашылық сұрақ:«Арифметикалық прогрессия өмірде» тақырыбында эссе жазу.
- Бағалау сұрақтары:Бүгінгі сабақта не жақсы, не жаман болды?
- Практикалық сұрақ: Берілген сурет бойынша прогрессия құрастыр
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz