Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы: <<Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі>>
/Тәрбие сағаты/

Дайындаған: 8 <<а>> сынып жетекшісі Бүркітова Айдана

2014-2015 оқу жылы
Бекітемін: Есендосова А
Сыныбы:
8 <<а>>
Күні: 27.04.2015

Сынып жетекші: Бүркітова А.Е
Сабақтың тақырыбы:
Тақырыбы: <<Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі>>
Мақсаты :
Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Керекті жабдықтар:
шаңырақ, қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, видео
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе

Сергіту сәті: <<Әр ұлттың сәлемдесуі>>
Топқа бөлу: <<Достық>> , <<Бірлік>>, <<Ынтымақ>>
Әр ұлттың сәлемдесуін көрсетеді
Оқушылар топқа бөлінеді
Тұсаукесер:
Тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін:

* Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсындар?
* Сергіту жаттығуында және топқа бөлуден нені көре аламыз

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Негізгі бөлім :

Тапсырма:
1 топ<<Достық>> : көрініс <<Әнет бабаның Төле балаға айтқан өсиеті>>
2 топ<<Бірлік>>: Көрініс <<Қырғыз бен грузин айтысы>>
3 топ: <<Ынтымақ>> Постермен жұмыс <<Суреттер сөйлейді>>

Тапсырма:
Берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру (5 мин)
<<Достық>> тобы:
1. Досыңды мақтағаның - ... (өзіңді жақтағаның)
2. Досы көппен сыйлас, ... (Досы азбен сырлас)
3. Досы жоқ адам - ... (Тұзы жоқ тағам)
4. Досы көптің жаны семіреді, ... (Асы көптің тәні семіреді)
5. Досы көпті жау алмайды, ... (Ақылы көпті дау алмайды)
<<Бірлік>> тобы:
1. Бірлігі жоқ ел тозады, ... (Бірлігі күшті ел озады)
2. Тірлік, тірлік түбі - ... (бірлік)
3. Саусақ бірікпей ... (Ине ілікпейді)
4. Бірлік бар жерде ... (тірлік бар)
5. Кеңесіп пішкен тон ... (келте болмас)
<<Ынтымақ>> тобы:
1. Ынтымақ жүрген жерде, ... (Ырыс бірге жүреді)
2. Ырыс алды - ... (ынтымақ)
3. Ынтымақ болмай ... (іс оңбас)
4. Теңге тиыннан, ... (Ынтымақ ұйымнан)
5. Сырттан келген жаудан да ... (Іштен шыққан дау жаман)

1 топ<<Достық>> : көрініс көрсетеді <<Әнет бабаның Төле балаға айтқан өсиеті>>
2 топ<<Бірлік>>: Көрініс көрсетеді <<Қырғыз бен грузин айтысы>>
3 топ: <<Ынтымақ>> Постермен жұмыс жасайды <<Суреттер сөйлейді>>
1топ 2 топты <<Бас бармақ>>
2 топ 3топты <<Екі жұлдыз, бір ұсыныс>>
3 топ 1 топты <<Бас бармақ>> арқылы бағалайды

Видео роллик тамашалайды. Видеодан көрген мәліметті әңгімелеп айтады

Әр топ оқушыларына берілген мақал-мәтелдерді жалғастырады

Қорытынды

1 топ<<Достық>> : Өлең жолдарын құрастыру
2 топ<<Бірлік>>: <<5 жолды өлең>> құрастыру
3 топ <<Ынтымақ>>: <<Ынтымақ - достық кепілі>> эссе жазу

Қағаздан адам бейнесін жасап, тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазу және топтастыру тапсырыылады

1 топ: Өлең жолдарын құрастырады
2 топ<<Бірлік>>: <<5 жолды өлең>> құрастырады
3 топ <<Ынтымақ>>: <<Ынтымақ - достық кепілі>> эссе жазады
Әр топтан бір-екі оқушы сөйлейді

Қағаздан адам бейнесін жасап, тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазады, топтастырады.

<<Жаса Қазақстан>> әні Қонқабаев Сағадат

Тақырыбы: <<Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі>>
Мақсаттары: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Көрнекілігі: шаңырақ, қанатты сөздер, видеопроектор, слайдтар, видео

Пай - пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағың,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ,
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға.
Тағзым жасаймын қырларға
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанда.
1. <<Жаса Қазақстан>> әніне Қонқабаев Сағадат

Таңы атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын
Міне осындай бар менің Республикам!
Кеш жарық! Ауылымның ақжаулық
аналары мен ардақты азаматтары!

Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 20 жыл ішінде Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде!

Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.
Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп, бүгінгі 1 - мамыр Татулық, бірлік, ынтымақ күнімен баршаңызды құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойына орайластыра өткелі отырған
Ассамблея.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен <<Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы>>деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясын өткізген болатын. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік <<Бір ел - бір тағдыр>> ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған <<Болашақтың іргесін бірге қалайық>> атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.
Ассамблеяның ХҮІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухы - дәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырды.
Біз, ел азаматтары, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс - ынтымағы тасыған, өркені дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!

Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, түрік, грузин.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр - деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста.

Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін ортамызға шақырамыз. Қырғыздар, Молдавандар, Армяндар, Тәжіктер, Грузиндер, Азербайжандар, Түркімендер, Орыстар, Өзбектер, Украиндар өз өнерлерін ортаға салып, баптарын сынау үшін қонақтарын қарсы алайық. Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың <<Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ>> - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір.
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады - деп <<Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі>> атты фестивалімізді бастаймыз.

Ортамызға Қырғыз - Қазақ
бір туған дегендей, өз өнерлерін ортаға
салу үшін айыр қалпақты қырғыз ұлтының
өкілдері келіп отыр. Қырғыз ұлтын сахна
төріне шақырамыз!

Молдова бау мен бақша, жүзім елі,
Қысы жұмсақ, шұрайлы туған жері.
Халқы Молдован мен гагауыздар,
Орыс, украин, словян - ата тегі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.

Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.



Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік
Ынтымақ
Достық
Бірлік

Ұқсас жұмыстар
Татулық табылмас бақыт
Ұлт тарихын баяндайтын слайдтар, фотогалереялар негізінде сол ұлттың Қазақстандағы өмірін баяндау
Татулық - бірлік бастауы 9 сынып
Қазақстан туған елі
Пропорция
Атай шалқан отырғызды (орыс ертегісі)
Ақ жаулықты әжелер, салт-дәстүрді үйретер келіндерге
"бір халық – бір ел – бір тағдыр" ашық тәрбие сағаты 7-8 сынып
Қазақстан-2050 стратегиясы бір халық-бір ел- бір тағдыр жайлы
Назарбаевтың арқасында мұндай ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік
Пәндер