Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Фотографияларды өңдеу



Сабақтың тақырыбы: Фотографияларды өңдеу
Сабақтың мақсаты: Әлем деңгейіндегі ақпараттық технологияны меңгерген ,
компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру:
Білімділік:
оқушылардың мүддесі мен қабілеттерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы
орта білім мазмұнынының көлемін өздері анықтайтындай мүмкіндіктер
туғызу.
- Мектеп сайтын жаңарту
- Photoshop программасында жұмыс жасау дағдыларын тексеру
- Алған білім біліктерін практикада қолдана білу қабілеттерін бағалау
Дамытушылық:
оқушылар мен олардың ата-аналарының білімдік сұраныстарын ескере
отырып оқушылар дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз ету, олардың
өзіндік ерекшеліктерін , жеке тұлғаға бағдарлануды қамтамасыз ететін оқу-
тәрбие процесінің жаңа түрлері мен тәсілдерін ұйымдастыруды жүзеге
асыру
- практикалық дағдыларын дамыту
- өз бетімен жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, жүйелеу
қасиеттерін дамыту , пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелілік:
әлем деңгейіндегі ақпарттық технологияны қолдануда нәтижеге жетудегі
алғашқы қадамды , компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны
қалыптастыру
- өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық,
шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу
- адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру
Сабақ түрі практикаға бағытталған білімдерін қорытындылау, бағалау
сабағы
Қолданылатын материалдар:
- интерактивті тақта
- қалам
- указка
- Slate 2дана/бірі оқушы, екіншісі мұғалім үшін/
- Activote тестілеу пульті 8 дана
- Түрлі-түсті принтер
- Сканер /2 дана/
- Сабақ тақырыбы көрсетілген плакат
- Презентациялар /Компьютерлік графика, «Отбасылық альбомға шолу жаса»,
көзге жаттығу, «Таңқаларлық құбылыстар мен керемет құрылыстар»
әнімен/
- Флипчарттар/ тб, тест, бегущая дорожка /
- бағалау критерийлері / қонақтарға/
- Фотошуақ /оқушылар жұмыстарынан/ плакат
- Гимназия сайты www.gimnasy-seifullina.naro.ru
- Гимназия сайтындағы шығармашылық күнге арналған веб-страница
- Фотобумага
- Қайшы
- Скотч
- Цифравой фотоаппарат/5 дана/
- Видео-камера/ 2 дана суретке түсіріп алу үшін/
- Интернет жүйесі
- Ескі фотографиялар
- Алдын – ала оқушылармен фотошопта дайындалған эскиздер: коллаж, фон,
календарь 12 ай үстел календары
- Сағат/интерактивтік тақта элементі/
- Заметка /үй тапсырмасы көрсетілген/
- Қызыл лента, шарлар, есікке ромашка гүлімен оқушылар және мұғалім
фотографиясынан құралған макет, «Қош келдіңіздер!» кілемі, музыка

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2мин
Қонақтарды қарсы алу / «Шуақ» фотостудиясының ашылу іс-
шарасын жүргізу. Оқушыларды , қонақтарды сабақ тақырыбымен,
мақсат, міндеттерімен , сабақ жоспарымен таныстыру /бег
дорожк дайындалып қойылады/
Сабақ 10.00 - 10.45 өтеді
- Тақтада интерактивтік тақта сағаты, жинақталған үй тапсырмасы
заметкасы, бегущая строка шығып тұрады. Коврик «Қош келдіңіздер!»
[pic]

Қонақтарды қарсы алу: Құрметті оқушылар және әріптестер ! Сіздер «Шуақ»
фотостудиясының ашылу салтанатына келдіңіздер. Сіздерге ашылу рәсімін
орындауды өтінеміз.
- музыка ойналып тұрады
- лента, қыздар, табақ, қайшы

[pic] [pic]

1) Құраметті оқушылар және қонақтар! Сәлеметсіздер ме!
ҚР-сы жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты /БМЖМС/ негізгі
ережелерінде көрсетілген базистік оқу жоспарының
вариативті /жылжымалы/ бөлігін / 6.8 және 6.9
пункті/ негізге ала отырып «Компьютерлік графика»
курсы бағдарламасы жасалынды.
ҚР-ның жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
негізгі ережелерінде көрсетілген базистік оқу жоспарының вариативті
бөлігін негізге ала отырып «Компьютерлік графика» курсы бағдарламасын
жасадым, соның негізінде бүгін әлем деңгейіндегі ақпараттық технологияны
меңгерген , компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру
мақсатымен «Фотографияларды өңдеу» тақырыбында жоспарланған сабақты
бастауды рұқсат етіңіздер.

2. Өткен сабақты қайталау 10мин
- ТБ өту/ флипчарт/ slate пайдалану
Компьютермен жұмыс жасар алдында техника қауіпсіздік ережесін қайталайық.
Мұнда бізге Ақару мен Дана көмектеседі. / интерактивтік тақтаның
Activslate сымсыз планшеті-2дана/

[pic] [pic]

- Компьютерлік графикаға шолу жасау/ КГ презентациясы -кг
мүмкіндіктері: дизайн, чертеж, анимация; Фотография өңдеу- сапасы/
Яғни бүгінгі сабақта оқушылар кг курсын оқып үйренуде алған білім-
біліктерін пратикада қолдана білу қабілеттерін көрсетеді. Сонымен
практикалық жұмысқа көшпес бұрын Кг-ға кіріспе жасайық.
Презентация ашылады. «Компьютерлік графика»

[pic] [pic] [pic]

Бүгінгі сабақта фотографиялармен жұмыс жасайтын болғандықтан негізгі
амалдар мен Photoshop программасында қолданылатын негізгі саймандарды
қайталап өтейік:

[pic]

- Дайын жұмыстарға шолу /Оқушылардың өткен сабақтарда орындаған
жұмыстардан құрастырылған плакат/
[pic]

- Сабақта фотографияды өңдеу жұмысын кг-мен жұмыс жасайтын компьютерлік
программалардың бірі фотошопта орындайтын болғандықтан фотошоп
программасында қажет білім біліктеріңді тексерейік /тест интерактивтік
тақтаның Activote тестілеу пульті арқылы орындалады/

[pic] [pic]

3. Практикалық кезеңі
Мұғалім: Енді өздеріңнің былтыр және биылғы орындаған жұмыстарыңды арнайы
дайындалған фотошуақ коллажы көмегімен еске түсіре отырып сабақтың
практикалық бөліміне көшейік.
[pic] [pic] [pic]

Тапсырма оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттері бойынша таңдалып отыр.
Оқушыларға тапсырмалар беріледі 20 мин
Оқушылар «Шуақ» фотостудиясы ретінде жұмыс жүргізді.

1) Фотографияның фонын ауыстыру
2) Үстелге қойылатын календарь жасау
3) Шығармашылық күнге шақыру немесе сабаққа қатысқаны үшін алғыс айту
4) Ескі фотографияны өңдеу
Ескерту : тапсырма деңгейіне қарай оқушылар белгіленген жоба уақытынан
ерте аяқтаған болса, тапсырманы тағы бір рет қайталау тапсырылады.
Сонымен Дана және Құралай «ескі фотографияларды өңдеу», Ақару мен Гүлнұр
«Коллаж дайындау», Ботакөз бен Айдана үстелдік календарь дайындау», Аягөз
бен Динара «Фотография фонын ауыстыру» тақырыптары бойынша тапсырмалар
алды. Тапсырманың негізі ретінде сіздердің фотографияларыңызды алуға
рұқсат етіңіздер.
[pic]
- сандық фотоаппаратпен қонақтарды суретке түсіріп алу, фотошопта өңдеу
жұмыстарын орындау
/2 оқушыға бір тапсырма/, нәтижесі принтерден шығарылып , өңделіп,
қонаққа ұсынылады.
[pic]

Оқушылар фотоға түсіру жұмысын жүргізеді. Оны компьютерге кіргізеді.
Жұмысты бастайды.

«Оқушылар жұмыс нәтижелері»
Жұмысты аяқтаған соң баспаға кезекпен шығарып, дайындап, жұмыс
нәтижесін орындау барысын түсіндіріп бағалауға ұсынады.

[pic] [pic]

[pic] [pic]

Оқушылардың жұмыс нәтижелерін және білім-біліктерін бағалау қонақтар
сіздерге тапсырамын, яғни сіздерге таратылған бағалау критерийлері
бойынша әр оқушыны сабақ барысында бақылап отырып бағалап, қорытындысын
сабақ соңында маған өткізулеріңізді өтінемін.
Оқушылардың жұмысы дайын болғанша сіздерге «Компьютерлік графика
мүмкіндіктері арқылы туындаған таңқаларлық құбылыстар мен керемет
құрылыстар» тақырыбында дайындалған презентацияны тамашалауды ұсынамын.
[pic] [pic]

4. Сабақты қорытындылау 5мин
Сонымен Кг бізге не үшін керек ? деген сұраққа жауап іздеп көрелік, кім
айтады?
Жауаптар:
Оқушылар
-Үй жағдайында кг-ны пайдалана білу
-ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін әлемдік деңгейде меңгерген
жағдайға жету
- мектеп сайтын жаңартуда, көркемдеуде кг-ны қолдану
- кг-ны болашақ мамандық таңдауда компьютерлік сауаттылық негізін
қалыптастыру
5. Үй тапсырмасы 2 мин
Мұғалім : Ендеше өздерің айтқандай мектеп сайтын өңдеуде қажет болғандықтан
үй тапсырмасы былай болсын :
Бүгінгі сабақта орындалған жұмыс нәтижелерін гимназияның сайтындағы
бүгіні шығармашылық күнге арналып ашылған web-страницасының біздің сабаққа
арналған бөлігіне орналастырыңдар. /
[pic] [pic] [pic]
Сонымен сіздер мектеп сайтын тағы бір мәліметтермен толықтыратын
болдыңыздар.
Жасалынған жұмыстарды жоба веб-страницасын орналастырып, гимназия
сайтының шығармашылық күніне арналған бетіне орналастырып, интернет
жүйесіне жіберу/ жүктеу
[pic] [pic] [pic]

6. Оқушыларды бағалау 2мин
Бағалау келген қонақтарға тапсырылады
/ бағалау критерилері алдын-ала таратылып қойылады/
Енді сабақ барысындағы бағалау қорытындысын ала отырып сабақты аяқтауға
рұқсат етіңіздер.

[pic] [pic] [pic]

[pic]

Бүгінгі біздің «Шуақ» фотостудиясының ашылуына қатысқандарыңыз үшін рахмет.
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Программалық жабдықтама
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы
Бұйымның етегін өңдеу
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Технология пəнінен оқу бағдарламасы
Өңдеу тәртібі
Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу
Металдарды өндеу. металдарды кесумен өндеу
Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы
Пәндер