Файл қосу

Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы.Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің қажеттілігі

№ 16 орта мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі Сейдеханова Ш.Ж
7 кл. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §12 Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы.
Мақсаты Феодалдық мемлекеттердің орталықтанған монархияларға айналуы сол заманның талабына сай озық құбылыс болғанын ашып көрсету.
2.а)Нақтылы тарихи фактілер арқылы оқушылар феодалдық қоғамның барлық озық ойлы күштерінің король билігін нығайтуға, ал корольдің сол озық күштерге арқа сүйеуге тырысқанын тереңдетіп түсіндіру.
б)Оқушыларды өздігінен жұмыс істету арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін қалыптастыру
3.Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру
Әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше кітаппен жұмыс, пікір алмасу
Көрнекілік :интерактивті тақта,карта, кесте, сызба
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру.
II Жаңа тақырып. Жоспар 1. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің қажеттілігі.2 Европадағы сословиелік-өкілдік монархия
Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы

Ауылшаруашалығында Қолөнершілер

1.Жаңа жерлер игерілді, оны өңдеу сапасы артты 1.қолөнешілер өз еңбегімен күн көре алды
2.Үш танапты егістік түрі таралды 2.қолөнер кәсібі егіншіліктен бөлінді
3.Темірден жасалған еңбек құралдары көбейді 3.Қолөнер бұйымын ауылда өткізу шектеулі еді
4.Ауылшаруашылығының жаңа салалары дамыды 4.Сондықтан қолөнершілер қалаға кетті
5.Шаруаларда азық-түлік қоры жиналды 5 қолөнешілер мен саудагерлер негізгі қала
тұрғындары болды.
Кездескен кедергілер
Қалалардың феодалдарға бағыныштылығы феодалдардың зорлық-зомбылығы қолөнер мен
сауданың дамуына кедергі жасады
қала тұрғындарының өз тәуелсіздігі үшін күресі
Тәуелсіздігін алған қалалар - коммуналар деп аталды
Сауда дамыды------Жерорта теңізіндегі сауда Испанияны,Франция мен Италияны Византиямен және Шығыспен байланыстырды
Солтүстік және Балтық теңіздері арқылы жасалатын сауда сотүстік Германия қалаларын Нидерландия,Скандинавия және орыс елімен байланыстырды.
Дегенмен
Феодалдар арасындағы өзара соғыстар жол бойындағы тонаушылық
Феодалдық бытыраңқылық
Осының бәрін жою үшін ---- король билігін күшейту қажеттілігі туды.
XII-XIV ғғ.басында көптеген Европа елдерінде сословиелік-өкілдікмонархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты <<Сословие>> дегеніміз әлеуметтік топтар: шаруалар, феодалдар, дінбасылары, әскери адамдар, әкімшілік қызметкерлер, қала халқы.
<<Монархия>>-грек тілінен аударғанда <<бір адамның билігі>> дегенді білдіреді Халық қолдаушылығына мұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін (салық салу, заң шығару) әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып қабылдайтын.
1-ші сословие------ дінбасылары
2-ші сословие-------дворяндар
3-ші сословие--------шаруалар, ауқатты қала тұрғындары, қолөнершілер, қала кедейлері
Өкілетті билік түрлері
Кастилияда 1137ж құрылып---- кортес деп аталды
Англияда 1265ж құрылып---- парламент деп аталды
Францияда 1302 ж.құрылып----- бас штаттар деп аталды
Чехия мен Польшада ------ сейм деп аталды
IV Пысықтау 1 Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды? 2.Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтірді? 3.Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты? 4. Монархия деген не? 5. Европа елдерінде өкілетті билік түрлері қалай аталды?
Б) Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Елде күшті король билігін орнатуға кімдер қарсы шықты?
а) қалалықтар ә) ірі феодалдар б) орта және ұсақ феодалдар в) шаруалар г)саудагерлер
2.Орталықтанған король билігінің күшеюіне не себеп болды?
а) қолөнер кәсібінің егіншіліктен бөлініп шығуы ә) қалалардың өз тәуелсіздігі үшін күресі
б) шіркеудің қолдауы в) товарлы шаруашылықтың дамуы г) сауданың өркендеуі
3.Көпестер қай сословиеге жатты?
а)1-ші ә) 2-ші б) 3-ші
4. Сословиелік өкілдік монархия алғаш қай елде пайда болды?
а) Чехияда ә) Польшада б) Францияда в) Кастилияда г) Англияда
В) Шығармашылық тапсырма
-Төмендегі тарихи оқиғалардың себептері мен салдарларын кестеге жазыңдар.

Қолөнер кәсібінің егіншіліктен бөлініп шығуы
Орталқтандырылған
король билігінің күшеюі
себебі
салдары
себебі
салдары

V Үйге тапсырма §12 оқып, мазмұндау, кестені толықтырып жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы
7-сынып, V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін
Үндістандағы феодалдық құрылыс
ХІ-ХҮ ғасырлардағы Англия
Англия. Ағылшын парламенті. Германия
XI-XV ғасырлардағы Англия. Англиядағы өркениетті өкімет билігінің даму жолдарын ашып көрсету
Экономикалық жүйе
Қазақстан тарихынан тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Металдардың құрылысы, химиялық және физикалық қасиеттері
Оқушыларды металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру
Пәндер