Үйде оқытылатын мүгедек және денсаулығы жарамсыз оқушылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс және ата-ана сауалнамасы

Үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогикалық

жұмыс жүргізу

Мүгедек және денсаулығы жарамсыз үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогтар оқушының ата-анасымен, мектеп педагог-психологімен және пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс атқарады.

Әлеуметтік педагогтың міндеті:

  1. Оқушы туралы мәліметті сынып жетекшісінен алу және оның әлеуметтік жағдайын, топтамасын анықтау;
  2. Оқушының отбасымен танысу;
  3. Оқушының үйін зерттеу актісін жасау, өзіндік арнайы бөлме бар немесе жоқтығын анықтау;
  4. Педагог-психологпен және ата-анасымен бірлесе оқушының мінез-құлқын, хал-ахуалын анықтау және байқау;
  5. Оқушының ата-анасымен сөйлесу, сауалнама алу және пән мұғалімдерінің тұрақты түрде баруын бақылауға алу.
  6. Оқушының бос уақытта немен айналысатынын, қалай және кіммен өткізетіндігін сараптау;
  7. Оқушының әлеуметтік ортада бейімделуіне көмектесу.

Үйде оқытылатын оқушы ата-анасына арналған

САУАЛНАМА

Құрметті ата-ана!

Сізден, мына төмендегі сұрақтарға толық жауап беруіңізді сұранамыз.

  1. Оқушының аты-жөні:
  2. Туған күні, айы, жылы:
  3. Мектебі, сыныбы:
  4. Сынып жетекшісі:
  5. Ауруының түрі:
  6. Қай уақыттан бастап үйде оқиды?
  7. Оқулықпен қамтамасыз етілуі (жете ма әлде жетпей ма?) :
  8. Сабақ кестесі (уақыты, пән атауы, мұғалімдері) :

  1. Сабақ ұзақтығы (неше минут) :
  2. Оқыту бағдарламасы қанағаттандырады ма?
  3. Оқушының оқу бағдарламасын қабылдауы:
  4. Жыл басынан қандай өзгерістер бар?
  5. Оқушының мінез-құлқы, мұғалімдермен араласу деңгейі қандай?
  6. Оқушы бос уақытында немен айналысады?
  7. Кіммен араласады?
  8. Оқушының ерекше қабілеті бар ма(сурет салу, компьютермен жұмыс жасау т. б. ) ?
  9. Сынып ұжымы мен баланың қарым-қатынасы (келіп тұрады ма, туған күніне келеді ме?)
  10. Оқушы сынып ұжымымен араласама?
  11. Мектептен көмек көрсетіледі ме?
  12. Мектептен қандай көмек керек?
  13. Ата-ананың аты-жөні(әкесі) :
  14. Ата-ананың аты-жөні(анасы) :
  15. Ата-ананың қызметі(әкесі) :
  16. Ата-ананың қызметі(анасы) :
  17. Отбасыда неше бала бар, аты-жөндері, туған жылдары?:
  18. Отбасы жағдайы (біреуінің астын сызыңыз) : өте жақсы, орта, төмен.

Ата-ана тілегі:

Сауалнамаға қатысқанызға рахмет айтамыз.

Әлеуметтік педагог :

Түзету коррекциялық жұмысы

Аты-жөні толық

Білім мекемесі

Сыныбы

Маманның пікірі

Баланың күшті жақтары

Баланың әлсіз жақтары

Түзете оқыту динамикасы аралықта

төмендегідей өзгерістер болды

Ұсынылды

Әлеуметтік педагог

Дәл бүгіннен бастап ( тренинг )

  1. Дәл бүгіннен бастап мен бақыттымын. «Адамдардың көпшілігі қанша бақытты болғысы келсе, сонша бақытты»деген сөзді басшылыққа аламын .
  2. Дәл бүгіннен мен өзімнің ойымдағы емес, мені қоршаған өмірге бейімделе бастаймын.
  3. Дәл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, өз үсті-басыма күтім жасаймын. Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулы- ғыма зиян келтірмеуге тырысамын.
  4. Дәл бүгіннен бастап мен өзімнің ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтырамын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын.
  5. Дәл бүгіннен бастап өзімді-өзім жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нәрсе жасауым керек: Мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын.
  6. Дәл бүгіннен бастап барлық адамдарға достық ниетпен қараймын, жақсы жағымнан көрінуге тырысамын. Мүмкіндігінше, өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем; ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын.
  7. Дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі барлық проблемаларды бір өзім шешуім мүмкін еместігін есте сақтаймын. Керек болса үлкендерден көмек сұраймын.
  8. Дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен, асығыстықпен шешімсіздіктенарылуға мүмкіндік береді.
  9. Дәл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын.
  10. Дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйісінуден және сүйікті болудан қорықпаймын, мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретініне сенетін боламын.

Ұқсас жұмыстар
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттермен жүргізілетін психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: Атырау энергетика және құрылыс колледжінің тәжірибесі
2014-2015 оқу жылы үшін әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары: оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау және құқықтық-профилактикалық іс-шаралар
Мұғалімнің оқушылармен және ата-аналармен кәсіби қарым-қатынасының мәдениеті
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және әлеуметтік-педагогикалық маңызы
Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру: әлеуметтік-педагогикалық жоба
Жасөспірімдерді әлеуметтендіру және әлеуметтік ортаға бейімдеу: мектептегі әлеуметтік-педагогикалық тәсілдер
Әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеуде ата-ана мен мұғалімнің ынтымақтастығы
Кеміс балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау: заңнамалық негіздер мен қызметтер
Жанұяның (отбасының) түрлері, қызметтері және әлеуметтік-педагогикалық аспектілері
Үлгерімі төмен оқушылармен жылдық жұмыс жоспары: диагностика, жеке-бағыттық жұмыс және мониторинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz