Тақырып Жүрек жылуы

Сабақ жоспары

Күні : 20. 02. 2015 ж

Пән: «Өзін-өзітану»

Сынып: 2-сынып

Тақырыбы: «Жүрек жылуы »

24-сабақ, 89- бет.

Сабақтың типі: Дәстүрлі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Барлығына деген сүйіспеншілік. Көмек.

Мақсаты: «Қайырымдылық» «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту; .

Дамытушылық: Оқушыларды қамқорлық жасауға жетелеу; .

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, жүрекшелер, мейірімділік туралы әртүрлі суреттер.

Құрал-жабдықтар: Дербес компьютер, флешка.

Сабақтың кезеңдері
Жұмыс мазмұны
Бөлінетін уақыт
№: 1
Сабақтың кезеңдері: Ұйымдастыру кезеңі
Жұмыс мазмұны:

- Сәлеметсіздер ме оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Балалар өткен жолғы сабақта біз «Жүрек жылуы» атты тақырыппен танысқан болатынбыз, бүгінде сол тақырыпты жалғастыратын боламыз.

-Олай болса сабағымызды тамаша көңіл күймен, жан дүниемізді жадырататын тыныштық сәтімен бастайық.

Бөлінетін уақыт: 1 минут
№: 2
Сабақтың кезеңдері: Тыныштық сәті
Жұмыс мазмұны:

- Сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық. Ол үшін жайғасып отырайық. Ыңғайланып отырыңыз

(музыка қою)

-Балалар еркін отырып, көзімізді жұмамыз, тыныштық сақтап мен айтқан сөздерге назар аударамыз. Қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендерің жүректерің мейірімді Күн сияқты. Олда мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүрегіміз толы жылы мейірім мен жан шуағын ата-анамызға, туыс-туғандарға, ұстаздарға, достарымызға және бүкіл адамзат баласына таратайық. Осылайша жүрекжылуымызды бір-бірімізбен бөлісейік. Енді, осы мейірбан көңілімізді бұзбай

- Балалар бұл тыныштық сәтінде қандай сезімде болдыңдар?

- Балалар және көз алдымызға қандай нәрселерді елестетіңдер кім өз ойын айтқысы келеді?

Бөлінетін уақыт: 2 минут
№: 3
Сабақтың кезеңдері: Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс мазмұны:

Оқулықтың 93-бетіндегі берілген «Қайырымдылық» мәтіні бойынша оқушыларға сұрақтар қою.

- Сендер Мұхтардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

- Апасы Мұхтарға неліктен риза болды?

- Сендердің де қайырымдылық жасаған кездерің болды ма? Сондай жағдайда өздеріңді қалай сезінер едіңдер?

Бөлінетін уақыт: 5 минут
№: 4
Сабақтың кезеңдері: Дәйексөз
Жұмыс мазмұны:

Балалар тақтаға назар аударайық.

Жүрек жылылығы - жан жұбанышы,

өмір қуанышы.

Халық даналығы

-Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.

Бөлінетін уақыт: 5 минут
№: 5
Сабақтың кезеңдері: Әңгімелеу
Жұмыс мазмұны: Балалар, мен сіздерге қазір тамаша бір бейне материал көрсетемін. Тақырыбы «Адамгершілік аясында» қане, маған көрсетіңдерші, сендер зейіндеріңді қалай ұйымдастыра аласыңдар. Жақсы, жарайсыңдар, өте тамаша балалар! Көріп болғаннан кейін біз әңгімелесеміз. Сендер мен қойған сұрақтарға жауап беруге дайын болыңдар.
Бөлінетін уақыт: 10 минут
№: 6
Сабақтың кезеңдері: Сергіту сәті
Жұмыс мазмұны:

1. Әуен қосылып оқушылар «Көңілді күн» биін билейді.

Бөлінетін уақыт: 2 мин
№: 7
Сабақтың кезеңдері:

Шығармашы

лық жұмыс

Жұмыс мазмұны:
  1. ойын-жаттығу.

«Жүрекше» ойыны

Барысы: Оқушылар дөнгеленіп тұрады, оқушыларға жүрекше ұсынылады. Жүрешеде былай деп жазылады: «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз. . . » Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, жүрекшені соған береді. Ол өзі жанындағы балаға айтып, кезекпен бір-біріне береді, ойын осылайша жалғаса береді.

2. Дәптермен жұмыс.

Қанекей оқушылар дәптерімізді ашып мына тапсырманы орындайық.

Оқушы дәптеріміздің 29-30 беттерінде берілген тапсырмаларды орындаймыз.

  • Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар.
  • Суреттегі бос торкөздеріне «Ана деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар.
Бөлінетін уақыт: 7-10 минут
№: 8
Сабақтың кезеңдері: Хормен ән айту
Жұмыс мазмұны:

Қанеки, барлығымыз бірге топпен ән айтайық.

«Қошақаным»

Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Ойнап шықты жүгіріп.

Ақ маңдайлы Ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім оны сағынып

Қошақаным қайда екен?!

Демалыста өзімнің,

Тағы ерте барамын.

Бір қошақан бәрі-бір

Сені тауып аламын.

Бөлінетін

Ұқсас жұмыстар
Өткізген сыныптар
Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер.
Трапеция. қысқа мерзімді жоспар. 8 класс
Жүрек жылуы
Топ жұмысын бағалау парақшасы арқылы бағалау
Мектеп жолдары жаттығу
<<мейірімді жүрек>>
Оқушыларға стикерлерді толтыруды ұсыну
Менің қайырымды жүрегіме рахмет
Ата - аналарды таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz