Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс

Сабақтың жоспары (теория)
Пәні: Информатика
Мамандығы: Емдеу ісі
Тобы: 19 Фкк
Сабақтың тақырыбы: WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс
Сабақтың түрi: Аралас сабақ
Сабақтың өтілу түрі(формасы): Сыни тұрғыдан ойлау
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыс, СТО технологиясы .
Мақсаттары:
1.Бiлiмдiлiк Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
құрылымы , стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға пәнге деген қызығушылығын арттыру.
2.Дағды машығын ұйымдастыру Оқушылардыұ ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Компьютерде жұмыс істеу іскерлігін дамыту
3.Тәрбиелiк Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Мамандығына қойылатын талаптар:
Не бiлуi керек
Не жасай бiлу керек Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті дамыды

Пәнаралық байланыс: медицина, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың жабдықталуы: слайдтар, электрондық оқулық
ТОҚ интерактивті тақта, компьютерлер
Үлестiрiлiп берiлетiн материалдар деңгейлік тапсырмалар, оқушының жеке бағалау парағы
Әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері
Уақыты
1
Сабақты ұйымдастыру, оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа қатысу мен дайындықты тексеру
а) сәлемдесу;
б) түгендеу;
в) оқу құралдарын тексеру;
г) оқушылар назарын сабаққа аударту
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, топ басшылары сайланады. Сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерін бағалайды, ал топ басшыларын мұғалім бағалайды.
1-2 мин
2
Оқытушының кiрiспе сөзi, сабақтың мақсаты мен жоспарын айтуы.
Оқушылардың оқу-таным қызметін жүйелеу.
Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен тапсырмаларды дифференциалды түрде беру арқылы мәтіндік редактордың мүмкіндіктерін меңгеріп білімдерін қорытындылау
1-2 мин
3
Білім тереңдігін тексеру, фронтальды, жалпылай сұрау, тестілік бақылау.
"Ой сергіту" кезеңі
(үй тапсырмасын сұрақтар бойынша сұрау)
Бақылау сұрақтары..
1. Power Point бағдарламасы қалай іске қосылады?
2. Бағдарламаның қандай мүмкіндіктері бар?
3. Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?
4. Презентация дегеніміз не?
5. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны өңдеуге бола ма?
6. Слайд дегеніміз не?
7. Бағдарламада слайдтар белгіленуінің неше варианты бар?
8. Слайдпен жұмыс істеудің режимдері бар?
9. Слайдқа суреттерді қалай енгіземіз және енгізілген суреттердің түрін
өзгертуге бола ма?
10. Презентация мәтіндерін өңдегенде қай режимде жұмыс жасаймыз?
11. Саймандар тақтасы не үшін керек?
12. Слайдтарды баспаға қалай береміз?
10-15 мин

4

Жаңа сабақты түсіндіру
Түсіндіру жоспары
1. "Мағынаны тану" кезеңі
(жаңа сабақты электрондық оқулықпен түсіндіру)
2. Жеке жұмыс: <<Жетістік деңгейі>> компьютерде деңгейлік тапсырма орындау. Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы теориялық білімдерін, практикамен ұштастырады. 3 топқа, 3 түрлі тапсырма беріледі. Өз білімдерін бағалауға үйрету.
І деңгей. <<Білімімізді тексерейік>> тест
ІІ деңгей. <<Біз мәтін жаза аламыз>>
ІІІ деңгей. <<Біз сурет саламыз>>
ІV деңгей. Шығармашылық деңгей
WordPad мәтіндік бағдарламасын іске қосып, <<8 наурыз - Халықаралық аналар мерекесі>> деген тақырыпта сурет енгізу, эссе немесе өлең шығару

45-55 мин

5
Тақырыпты бекiту. Тестiнiң сұрақтарына жауап /қосымша 2/
WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

1-2 мин
6
Сабақты қорытындылау, баға қою.
"5"- "4"- "3"-
Кері байланыс. <<Менің сабаққа деген пікірім>>
1-2 мин
7
Үй тапсырмасы
Өткен тақырыптарды қайталау, тест жұмысына дайындалу (VipTest)
1-2 мин

Қосымша 2
Жаңа түсініктер:
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мұмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін ұзінділерін косута, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, тұрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға
болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысын жазып қоюға да болады.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖYenМЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad. құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad. мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad. мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді

WORDPAD - та құжат құру
1.WordPad. құжат кұру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:
Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.
Қаріп түрлерін кұрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту ұіпін Формат - Шрифт(Формат - Қаріп) командасын орындаймыз.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
3. Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
1. Құжаттарды сақтау және ашу:
WordPad. мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде *.dосболады.
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл - Открыть командасын орындаймыз Жаұа құжат құзу үшін: Файл - Создать командасын орындаймыз
Құжаттарды басу:
Құжат құрудың соңғы сатысы - оны баспаға беру. Құжатты баспаға басу әрекеттері:
1. Файл - предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)
2. Файл - Печать

Қосымша 2
І деңгей. <<Білімімізді тексерейік>>

1. Windows операциялық жүйесі орнатылған кезде, автоматты түрде жарлықтары Стандартты тобына орналасатын программаларды атаңыз:
А) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот;
В) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Развлечения;
С) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Microsoft Excel;
Д) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Microsoft Word.

2. WordPad мәтіндік редакторы қалай іске қосылады?
А) Бас менюдегі Бағдарламалар - Қалыпталған - WordPad;
В) Сілтеуіш (Проводник) терезесінде Windows бумасындағы Write шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы;
С) Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде Windows - Бас меню - Бағдарламалар - Қалыпталған - WordPad біртіндеп ашу арқылы;
Д) Бас менюдегі Орындау командасын орындағанда ашылған терезеде WordPad деп теріп жазу арқылы.

3. WordPad бағдарламасының атқаратын қызметі қандай? (дұрыс емес жауапты көрсетіңіз)
А) өлшеміне шек қойылмайтын құжаттық файлдар құру және оларды оқу, өңдеу;
В). txt және. doc файлдармен жұмыс және оларға стиль құру;
С) Мәтіндік құжаттарды және Блокнот программасында жазылған мәтіндерді форматтау;
Д) Көп терезелі режимде жұмыс істеу.

4. WordPad редакторында меню қатарының дұрыс жазылған командалар тізімін көрсетіңіз:
А) Файл, Түзету, Түр, Енгізу, Формат (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат);
В) Файл, Түзету, Түр, Енгізу, Анықтамалық (Файл, Правка, Вид, Вставка, Справка);
С) Файл, Түзету, Түр, Анықтамалық (Файл, Правка, Вид, Справка);
Д) Файл, Түзету, Енгізу, Формат (Файл, Правка, Вставка, Формат);

5. WordPad редакторында жазылған құжатты файлға қалай сақтауға болады?
А) Файл - Сақтау (Файл - Сохранить) командасын орындау арқылы;
В) Басқа атпен сақтау үшін Файл -..... деп сақтау (Файл - Сохранить как)
С) Саймандар тақтасындағы Сақтау батырмасын шерту арқылы;
Д) Программа терезесін жабу кезінде ашылған терезедегі Иә (Да) батырмасын шерту арқылы.

ІІ деңгей. <<Біз мәтін жаза аламыз>>

1. WordPad бағдарламасын іске қосу;
2. Қазақша қаріп түрін және өлшемін 16 - ға тең деп алыңыз.
3. Мақалдарды дұрыс мағынасымен жазу.
1) Білім басы - зейнет, соңы - бейнет.
2) Білімдіге күні жарық,
Білімсіздің дүние қаріп.
3) Өнер - жанып тұрған бұлақ,
Ілім - ағып жатқан шырақ.
4. Мақалдарды ерекшелеп алып, ортаға туралау

ІІІ деңгей. <<Біз сурет саламыз>>

1. Paint графиктік бағдарламасын іске қосу.
2. Жұмбақ шешуін тауып, суретін салу, түрлі түске бояу.
3. Жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазу.
1) Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
Бұл не?(Дәптер)
2) Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар
Бұл не? (Қоңырау)
4. Салынған суретті көшіру командасымен WordPad бағдарламасына көшіру.
5. Суретті <<Білім>> деген атпен сақтау.

ІV деңгей. Шығармашылық деңгей
WordPad мәтіндік бағдарламасын іске қосып, <<8 наурыз - Халықаралық аналар мерекесі>> деген тақырыпта сурет енгізу, эссе немесе өлең шығару.

Ұқсас жұмыстар
Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс.Құжаттың құрылымы
Wordpad мәтіндік редакторымен жұмыс жайлы ақпарат
Wordpad мәтіндік редакторы. 7-сынып. қысқа мерзімді жоспар
Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс
Мәтін бойымен жылжыту
Мәтінді пішімдеу
Жаңа сабақ
Қарапайым мәтіндік редактор. редактор интерфейсі
Wordpad-тың қосымша мүмкіндіктері
Мәтінді ауыстыру
Пәндер