Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Уақыттың өлшемдері - сағат,минут

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Қарағаш ауылы
<<Қарағаш орта мектебі>>КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қажибаева Тазагүл Сартаевна
Мектепішілік әдістемелік бірлестігінде
өткізілген математика пәнінен ашық
сабақ.2 сынып. 2012-2013 оқу жылы.Сабақтың тақырыбы:Уақыттың өлшемдері - сағат,минут.
Сабақтың мақсаты:
1. <<Уақыт>> түсінігін қалыптастыру;уақыттың өлшем бірліктері-сағат және минутпен, олардың ара қатынасымен таныстыру; уақытты сағат бойынша анықтай алу.
2. Ойлау қабілеттерін, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.
3. Уақытты үнемдеп, пайдалы өткізуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аукцион
Сабақтың көрнекілігі : Сағат макеті,слайдтар.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал слайд №1

Кіріспе сөз:
-Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекшк сабақ болады,себебі бүгін сабақта аукцион болады.Бүгін сабақта сендер екі топқа бөлініп, білімдерің саудаға түседі, яғни сендерге тапсырмалар беріледі.Әр тапсырмаларға 1-5 ұпай беріледі.Сендер топтың мүшелерімен ақылдасып тапсырмаларды сатып алып, орындайсыңдар.Қай топ тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ бүгінгі аукционның жеңімпазы аталады.
II Математикалық әстафета

III Жаңа материалды түсіндіру.
Жаңа материалды енгізуге дайындық жұмысы есебінде қозғалмалы тілдері бар сағат циферблатының моделін қолдану арқылы сарамандық жаттығулар жүргізіледі.
-Сағат тілдері бойынша сағат 3-ті (5,6,9)
Сағат макетімен жұмыс:
Сағаттың қандай уақытты көрсетіп тұрғанын айт.Циферблаттан таңертең нешеде тұратыныңды,нешеде ертеңгілік тамақты ішетініңді, мектепке сабақтың нешеде басталатынын көрсет.
Мұғалімнің көмегімен жүргізу:
<<қазір сағат 3 .Циферблаттан көрсет.Біраз уақыт өткеннен кейін екі тілі қабаттасады. Кіші тілі сағаттың 3-тен өтіп, 4-ке қарай кеткенін көрсетеді.
Үлкен тілі неше минут кеткенін көрсетеді.Үлкен тілі толық бір рет айналып шыққанда (60минут) кіші тілі тура сағат 4-ті көрсетеді . <<Сағат тілі ме, минут тілі ме?>> деген ойын жүргізіледі.Мұғалім сағат тілін көрсетсе, балалар қолын көтереді, минут тілін көрсетсе, қолдарын екі жандарында жаяды.
Әр топқа ұпай беріледі.
IVОқулықпен жұмыс
Осындан кейін балалар оқулықта берілген түсіндірмені оқиды.Мұғалім <<сағат>>, <<минут>> сөздерінің қалай қысқартылып жазылатынын көрсетеді және дәптерлеріне жазылады: 1 сағ=60 мин. Балалар минутқа тең аралық уақытта білу үшін мынадай түрдегі жаттығуларды орындайды.
1. <<Минутқа сана>>
2. <<Сандарды жаз. 1 минутта неше сан жазып үлгердің?>>
Әр топқа ұпай беріледі.
V Есептер шығару
1-топ:Ер -5 бала
Қыз-7 бала ?
Шешуі: 5+7=12 Жауабы: 12 бала

2-топ Келе жатты -5ер және 5 қыз бала
Кірді-10 бала ?
Шешуі: (5+5) +10=20 Жауабы: 20бала
Әр топқа ұпай беріледі
VI Сергіту сәті
Бала,бала балақай, қане алақан,
САусақтарын әйбат, былай,былай былай ойнат.
VII Геометриялық тапсырмалар

Әр топқа ұпай беріледі

VIII Салыстыру (слайд№7):

IX Жұптарын тап

X Рефлексия
Ұпайларын санап жеңімпаздарын табу.
XI Бағалау
Оқушылардың еңбегін мадақтау

Ұқсас жұмыстар
Қазанның қайнау уақытының өлшемі
Инерция.Кеңістік пен уақыт
Уақытты анықтау не үшін қажет
Смайлик арқылы бағалау
Мұғалімнің оқушылармен сәлемдесуі
Масса және күш
Сағат тілдерін сал
Заттың массасы
Уақыт және өлшеу
Бұрыштың түрлері. үшбұрышты сызғыш
Пәндер