Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Көңілді информатиктер

А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Жансейтова Айдана
Сабақтың тақырыбы: <<Көңілді информатиктер>>
Сыныбы: 8 а, , б сыныптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: сыныптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).
Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде тортар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты <<Көңілді информатиктер>> сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Сайысымызға 8 а, 8 б сыныптарынан құралған екі топ <<Көңілді информатиктер>> сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 8 - сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы: Таширова Жадыра
Мүшелері:
1.Байғараев Дәулет
2.Күзембаева Сәуле
3.Бәкірова Гүлмира
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1 - бөлім <<Таныстыру>>
2 - бөлім <<Көңілді тапқыштар>>
3 - бөлім <<Шешімін тап>>
4 - бөлім <<Бәйге>>
5 - бөлім <<Сөз тапқанға қолқа жоқ>>
6 - бөлім <<Кім епті, еркін ойлы?>>
7 - бөлім << Мақал - сөз мәйегі>>
8 - бөлім <<Полиглот>>
9 - бөлім <<Оқушылар шығармашылығы>>
Әр бөлімнен кейін әділ - қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
1 - бөлім - <<Таныстыру>>. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1 - топ <<Компьютер>>
Білімді ұрпақ - еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девизі: <<Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз>>
2 - топ <<Ақпарат>>
Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девизі: <<Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды>>
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ - қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады).
2-бөлім Көңілді тапқыштар сайысы. Әр топ дайындап келген әзілдерін көрсетеді. 5 әзілден көрсету керек.
3 - бөлімді <<Шешімін тап!!!>> бастайық. Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа - 10 ұпай.
1 - топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(<<Еnter>> батырмасы)
2) Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80 - ақ минут ұшты. Бұл қалай?
2 - топтың жұмбағы:
1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
2) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: <<әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз>>, - деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
3 - топтың жұмбағы:
1) Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)
2) Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?
Осымен 3 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп
4 - бөлімді бастайық <<Бәйге>> бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4. Функционалдық пернелер (F1 - ден F12 - дейін)
5. Зиянкес бағдарлама (вирус)
6. Файлдар жиыны (бума)
7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне (Delete)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)
Қызыл конверт сұрақтары:
1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)
2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің маманы (программист)
9. Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
Жасыл конверт сұрақтары:
1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)
3. Компьютер сымдары (кабель)
4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)
5. Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)
6. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)
7. Ең ұзын перне (пробел)
8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)
9. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5 - сыныптан)
10. Екілік жүйенің сандары (0, 1)
Осымен 4 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса - деп
5 - бөлімді бастайық <<Сөз тапқанға қолқа жоқ>>. Бұл сайыста әр топ өз топтарының бас әріпіне байланысты сөздер жазып шығады. 2 минутта 5 сөзден артық болу керек.
6 - бөлім. <<Кім епті, еркін ойлы?>>. Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге - 1 ұпайдан.
І топқа: модем, веб - камера, тышқан, процессор, Enter
ІІ топқа: кактус, сканер, диск, компьютер, электрондық пошта
Осымен 6 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.- деп
7 - бөлімді бастайық << Мақал - сөз мәйегі>> бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, <<анықтама>>- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні - жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Осымен 7 - бөлім аяқталды әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.- деп
8 - бөлімді бастайық <<Полиглот>> топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
/ ақпарат, информация, information/
2. Сақталған құжатты ашу командасы?
/Файл - ашу, файл - открыть, file - open/
3. Windows - дегеніміз не?
/ОЖ, операционная система, Operation system/
4. Қажет емес символды алып тастау пернесі -
(өшіру, удалить, delete)
5. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.
(себет - корзина - basket)
6. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?
(терезе - окно - windows)
7. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.
(кітапша - блокнот - notebook)
8. Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.
(бит - бит - bit)
9. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)
10. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады? Бес, пять, фаив
Осымен 8 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
9-бөлім. <<Оқушылар шығармашылығы>>. <<Менің мектебім>>, <<Менің сыныбым>>, <<Менің туға жерім>> тақырыбында бинебаян көрсету. Қорғау.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына,- деп
Информатикаға мың алғыс! - деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).

Ұқсас жұмыстар
Тапқыр информатиктер
Қай кездері қолданылған есептеу құралдары
Физика біліктілері
Сайыстың шарты
Жас информатик (сыныптан тыс шара) 8" а" сыныбы
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР интеллектуалды сайысы
Құжатты баспаға шығару құрылғысы
Паскаль. массив
Арифметикалық машинаны
Сабақтар - сабақ
Пәндер