Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Мәтінді пішімдеу. Абзацты пішімдеу

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Абзацты пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режимдерін қолдануды үйрету, мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды пішімдеудің жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, жаңа сабаққа зейінін аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. WordPad мәтіндік редакторында мәтінді теру ережелері.
<<Теңге ілу>> әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту. Видеоролик көрсету.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. <<Ертегілер елінде>> әдісі арқылы, берілген тапсырмаларды орындау .
1. Кітаптан түйінді оқу.
Мәтінді ерекшелеу үшін тышқан құрылғысы мен пернетақтада пайдаланылады. Мәтіннің әр түрлі үзінділерін ерекшелеу үшін Word бағдарламасында бірнеше ерекшелеу әдістері бар:
:: Сөзді ерекшелеу үшін, оған тышқан құрылғысымен екі рет шерту қажет;
:: Сөйлемді ерекшелеу үшін - тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын 3 рет шерту қажет;
:: Мәтінді толық ерекшелеу үшін - Ctrl+A пернелер үйлесімін бас керек;
:: Азат жолды(абзацты) белгілеу үшін тышқан құрылғысының сол жақ пернесін үш рет шерту жеткілікті.
Мәтін үзінділерін ерекшелегеннен кейін, Қаріп терезесін мәзір қатарынан Формат - Шрифт командасын орындау арқылы көреміз. Ашылған терезеде Қаріптің түрін, көлемін, түсін, көлеңкесін, қалың, қиғаш және асты сызылуы амалдарын орындауға болады.
Қаріппен жұмыс жасағаннан соң, Азат жол терезесін мәзір қатарынан Формат - Абзац амалын орындаймыз. Ашылған терезеде Азат жолды сол жағынан, ортасынан, оң жағынан, екі жағынан да түзету, екі сөздің және екі жолдың арақашықтығын және шегіністі белгілеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы.
Азат жолды пішімдеу үшін өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің және беттерді ортаға түзету, осы сияқты параметрлерін қолдануға тиімді болып келеді.

5. Сабақты бекіту сұрақтары:
:: Мәтін үзінділерін қандай жолмен ерекшелеуге болады?
:: Қаріп пен Азат жолдың терезелерін қалай ашамыз?
:: Баяндама және реферат жазған кезде, қаншасыншы қаріпті қолданамыз?
:: Азат жолды теруде қай перненің көмегімен бастапқы шегінісін жасаймыз?
:: Көшіру амалын қай пернемен орындаймыз?

6. Сабақты қорытындылау.
Оқушылар компьютерде Тест ИВТ бағдарламасымен тест тапсырады.

7. Оқушыларды бағалау
ТестИВТ бағдарламасы арқылы алынған тест қорытындысын талдап, мақтау қағазымен марапатталады.

8. Үйге тапсырма:
1. Оқулықтан 167 беттегі §21 тақырыпты оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.
2. Өткен тақырыптардан 5 - 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру

Ұқсас жұмыстар
Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтін абзацты пішімдеу
Мәтін абзацын форматтау. Құжатты пішімдеу
Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. құжаттарды құру және сақтау. мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. қаріп. абзацты пішімдеу. 5 сынып
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып. Информатика
Жаңа сабақ
Ms word мәтіндік редакторы. мәтіндік құжаттарды пішімдеу
Пәндер