Жоба бойынша маржандап кестелеу және бисермен тігу әдістері

Сабақ тақырыбы: Жоба бойынша кестелеп тігу

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: оқушыларға кесте тігісінің түрлерін, орындалу әдістерін таныстыру;

ә) Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істеу шеберліктерін дамыту;

б) Тәрбиелігі: жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауп, тест иллюстративті, сарамандық жұмыс.

Көрнекілігі: сызба нұсқалары кестеленген бұйымдар, сөзжұмбақ.

Қажетті құралдар: ине, жіп, қайшы, моншақ түрлері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, сызу.

Сабақ барысы. І . Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ауызша таратпамен жұмыс. Үй тапсырмасын бекіту.

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Кесте тігісінің түрі.
  2. Сырт көрінісіне қарай шидің түрі.
  3. Ұсақ моншақ түрі.
  4. Мата түрі.
  5. Өзгермейтін стиль.
  6. Кестелеуге қажетті зат.
  7. Үй жасауының бірі.
  8. Аяқкиім түрі.
  9. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін стиль.
  10. Бұйымның әр жерін әсемдеу үшін қолданатын кесте түрі.

Жаңа сабақ. Кесте тігісінің түрі: «шынжырлап» тігу, «айқас»тігіс, «маржандап» тігу, «жатық» тігіс. «Маржандап кестелеу» деп - үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіне, мәнеріне қарай тізіліп алынған әр түрлі ұсақ маржандарды бастырып тігуді айтады. Мұндай әдістер тақия, сәукеле, өңір, қол дорба сияқты бір киер сән-салтанат . Маржандап кестелеу үшін, қазіргі уақытта бисер, моншақ стиклярусты пайдалануғаболады. Бисер дегеніміз - ұсақ, домалақ, сопақша моншақтар. Ал одан үлкендерін моншақ деп атайды. Стиклярустың бисерден айырмашылығы, ол ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді. Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, Үндістан.

Бисерді таңдау үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері түстері әр түрлі. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисер түрін мата, ине, жіпті, таңдай білу қажет.

Бисермен кестелеуүшін жібек матаға қарағанда табиғи қатқыл мата қолданған дұрыс. Бисер тігу үшін арнайы жіңішке №10, №11, №12 ине қолданған жөн. Жіптерді бисертүсіне сәйкес таңдаған жөн. Сарамандық жұмыс: ТҚЕ - еске түсіру.

  1. Жоба бойынша бисер таңдау.
  2. Таңдаған бисерге сәйкес жіп таңдау.
  3. Жоба бойынша маржандап кестелеу.

Сабақты бекіту . Сұрақ-жауап.

  1. Кестелеу түрлерін ата.
  2. Маржандап кестелеу дегеніміз не?
  3. Бисер түрлерін ата.
  4. Кестелеуге қарсы құралдарды ата?

Бағалау: оқушыларды орындаған тапсырмаларына байланысты бағалау.

Үйге тапсырма: жоба бойынша кестелеу.


Ұқсас жұмыстар
Технология пәні бойынша бисермен жұмыс: шығармашылық жоба таңдау және сабақ жоспары
Камзол тігу: қазақтың ұлттық киімі бойынша сабақ жоспары
Аяққап дайындау және ою-өрнектерді кестелеу технологиясы
Құрақ түрлері, үлгілері, тігу әдістері және жасалу технологиясы
Сыйлық заттар дайындау: шашқа арналған әшекей бұйымдарды бисермен тоқу әдістері мен технологиясы
Еңбекке баулу (4-сынып): Кестелі тақия тігу бойынша сабақ жоспары
Кесте тігу өнері: қолөнер дәстүрлері, тігіс түрлері және сабақ жоспары
Халат тігу технологиясы: үлгі бойынша матадан пішу - теориялық және сарамандық сабақ
Сабақ жоспары: бисермен гүл тоқу (айналдыра тоқу әдісі)
Кесте тігу: шығу тарихы, құрал-жабдықтары және практикалық сарамандық сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz