Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қамшы өру

Тақырыбы: <<Қамшы өру>>
Сабақтың білімділік мақсаты: қазақ халқының өнерін дәріптеу ,келешек ұрпаққақамшы өру өнерін үйрету,өнер туындылары арқылы эстетикалық талғамын бейнелеу.Дағдыларды жаңарту,белгілі әдістердің әсерін бекіту,тапсырманы орындауға немесе білім іскерлігін жаңа жағдайға бейімдеу;
Дамытушылық: ұлттық мақтаныш сезімін ояту,эстетикалық талғамын ұштау,өнерге ынтасын дамыту,әдемілікке,сұлулыққа,талғампаздыққа тәрбиелеу;
Тәрбиелік: оқушыларды өз елін,қазақтың қолөнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:тарих,сызу,геометрия.
Материалдық техникалық жабдықтау:
1.Құрал-жабдықтар,аспаптар (4-таспа жіп),қайшы;
2.Техникалық карта,плакаттар,альбом-суреттер;
3.Мұғалімге арналған әдебиеттер:
Технология .6-сынып.
Тері және былғары материалдарын көркемдеп жөндеу."Мектептегі технология",№11,2003ж.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабаққа қатысуды бақылау(түгендеу)
3.Жұмыс киімін және сабаққа дайындығын тексеру.
2.Өткен материалды қайталау.Не білесің?
1.Карточкалық тапсырмалар бойынша өткен сабақта меңгерген білімдерін тексеру.Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
-Теріні қалай бояйды?
-Теріні көркемдеп өңдеуге қажетті құрал-саймандарды ата?
-Талқы дегеніміз не?
Сөзжұмбақ шешу.
1.Асау жылқыны ұстағанда қолданылатын құрал.
2.Ауздықсыз жүгеннің түрі.
3.Ерсіз атқа салынатын киізден жасалатын бұйым.
4.Ат арба жеккенде көтерме салатын темір.
5.Қамшының сабына қолданылатын ағаш

Үй тапсырмасын жалпылама қорытындылау.
Миға шабуыл.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспар:
1.Қазақ халқының қолөнері,тері өңдеу және одан алынатын бұйымдар,қамшы өру.
2.Қамшының қолданылуы,түрлері.
3.Қамшы өру,таспасы.
Халық қолөнері-дүнижүзінің әр халқына тән,бұл халық қазынасы,ғасырлар мұрасы.Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін жайт көп ғасырларға созылған көшпелі өмір.Төрт түлік малдың етін,терісін,жүнін,тіршілік қажеттілігіне жұмсай білген халқымыз,бір емес бірнеше ғылым саласын іс жүзінде игерген.Солардың ішінде кеңінен пайдаланған өнер туындысы-тері өңжеу мен және одан қажетті бұйымдар жасау,соның ішінде ат әбзелдерін жасау,ат әбзелінің құрамына кіретін бұйымдардың бірі-қамшы.

Оқушының білімділік деңгейін толықтыру
Қамшы-ат,көлік,мал айдауға арналған жабдық.
Қамшы-қорғануға,қарсыласын ұрып жығуға арналған суық қару.
Қамшыгерлік-қорғана білетін және жауын жайратып салатын машық(мамандық).
Қамшы-әрбір малшының қолында жүретін еңбек құралы және елеусіз құрал.Қамшыны ертеде әйелдерді босандырып алуға қолданған.Ондай қамшы-қасиетті адамдардың қамшысы болған.
Қамшының түрлері
Ат қамшы Шашақты қамшы
Қасиетті қамшы Шыбыртқы қамшы
Дырау қамшы Орама қамшы
Дойыр қамшы Шолақ қамшы
Киелі қамшы Ұзын қамшы

Қамшының спортпен байланысы
Қамшы арқылы жауынан қорғана алатын не жайратып салатын адамдар-қамшыгер деп аталады.Қамшыгерлік тума қасиет емес.Адам табиғатындағы тездік,ептілік,сәндік,сезімталдық,өткірлік,батырлық,сескенбейтін сеттілік сияқты ішкі қасиеттермен ұштасып жататын мамандық.

Ұқсас жұмыстар
Баланы бесікке салу
Жігіт сұлтаны байқауы
Өру өнері
Жігіт сұлтаны. 2 сынып
Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар
Жеті атаңды ата
Аталар айтқан асыл сөз
Наурыз төл
Батырлар ауылына саяхат
Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Пәндер