Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Жиһазға арналған жастықша тігу

Тақырыбы: <<Жиһазға арналған жастықша тігу>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қолөнер туралы білімдерін жаңа сабақпен байланыстыру, технологиялық саты бойынша жастықша тігуді үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың икемділігін, қол шеберлігін, өнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, карточкамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйм, суреттер (слайд), технологиялық нұсқау карта
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, бейнелеу өнері, сызу
Қажетті құралдар: 70х70, 50х50 см барқыт мата, ине, жіп, қайшы, сызғыш, бор немесе сабын
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V. Жаңа тақырыпты бекіту
VІ. Бағалау
VІІ.Үйге тапсырма.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу, даярлықтарын тесеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қолөнер дегеніміз не?
2. Қолөнер түрлерін ата?
3. Қолөнер иелері неше топқа бөлінеді, олар кімдер?



Гобелен
Кесте тігу
Әшекей бұйымдар жасау
Сырмақ, ши тоқк Қолөнер
Құрақ құрау
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу

Ұста
Қолөнер иелері Зергер
Шебер
Ісмер

Ұста - әр түрлі металдан, темірден тұрмысқа тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал - саймандар, қару - жарақ т.б. жасайтын адам.
Қара ұста - темір, мыс, жез, т.б. металдарды өңдейтін, темірден түйген адамды атаған. Ал, ақ ұста қара ұстаның жұмысын толық меңгерген, қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан сан алуан нәзік, көркем бұйымдар шебер адам. Кезінде ақ ұста кейін зергер деп атаған. Ұсталар тобы алтын, күміс сияқты қымбат тастарды қолданып, әшекей бұйымдар әзірлеген.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.
Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім - кешек, баскиімдерді әшекейлеп, сәндеуде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекше өзгерістер енгізіліп отыр. Мысалы, ою - өрнекпен әшекейлеген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі - түсті тастармен безендіру жиі кездеседі.
ІV. Сарамандық жұмыс
Қауіпсіздік ережесін қайталау
oo Инені арнайы ине түйреуішке қадап қою керек
oo Қайшыны ұсынғанда, ұшын өзіңе қаратып ұсын
oo Жіпті сабақтағанда ұзындығын, өзіңнің шынтағыңның ұзындығымен өлшеп алу қажет.
oo Жұмыс аяқталған соң құрал - жабдықтарды, жұмыс орныңды жинақта
Нұсқау карта бойынша жұмыстың орындалу ретін түсіндіру (2-сурет)
V. Жаңа тақырыпты бекіту
-Білемін - Білдім - Білгім келдеі
VІ. Бағалу (3-кесте)
VІІ.Үйге тапсырма
Жастықтың үстіңгі бөлігін тігіп аяқтау

Негізгі түстер
Үйлесетін түстер мен реңдер
Үйлеспейтін түстер мен реңдер
Қызыл
Қоңыр
Сары
Көк
Сия көк
Сұр
Алтындай сары, ақ, қараша
Алтындай сары, ақ
Жасыл, қоңыр, қара
Ақ, сары
Сары, қызғылт сары, ашық көк
Қызыл, қызғылт сары, көгілдір
Сия көк, кірпіш түсті, қызыл күрең
Күрең қызыл, күлгін
Күрең қызыл, сұр
Күогін, қызғылт қоңыр
Қоңыр, күрең жасыл, қара
Қоңыр, бозғыр қоңыр
1-кесте

Жұмытсың орындалу реті
1. Өлшемі 50х50, 70х70 болатын екі мата аламыз. 50х50 артқы бөлігі 70х70, алдыңғы бөлігі;
2. 70х70 см болатын алдыңғы бөлігін жан - жағынан 7 см қалдырып төртбұрыш сызамыз;
3. Ортасындағы төртбұрышты 3 см-ден бөліп торкөз сызамыз;
4. Сызбада көрсетілген сызықтардың бұрыштарын қосып тігеміз;
5. Жанындағы бүкпелерді бастыра көктеп тігеміз;
6. Алдыңғы бөлігімен артқы бөлігін қосып тігеміз. Ішіне губка салып, бекітіп тігеміз
2-кесте


Аты-жөні
Білімділігі
Сарамандық жұмыс
Сөйлеу мәдениеті
Қорытынды

3-кете

Ұқсас жұмыстар
Қалта астарын өңдеу
Бүгінгі сабақтың мақсаты құрақ құрау әдісін меңгеру
Диванға арналған (кестемен, жапсырмамен, ою-өрнекпен, құрақпен) шағын жастықшалар. шығындар.өзіндік құн. өзіндік құнды есептеу. 8 сынып
Құрақ жастықша тігу
Матаның негізгі қасиеттері
Құрастыру реті
Тігін бұйымдары
Қол тігістері
Шиномонтаждық стенд
Шебер қолдар. Ұлттық ою-өрнек
Пәндер