Ою-өрнек: қазақ ұлттық қолөнеріндегі маңызы мен түрлері (сырмақ жасау мысалында)

Сабақ тақырыбы. Ою - өрнек сыр шертеді

Мақсаты: ұлттық өнерге сүйіспеншілікті арттыру.

Аннотация: ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында, жасанды киізден сырмақ жасау.

Ою-өрнек түрлерін дамыту барысында ұлттық қолөнеріміздің бір түрі сырмақ жасау.

Зерттеу жұмысы бойынша қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою - өрнек болып табылады. Ою-өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман - ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор.

І бөлім. «Өнер өрге жетелейді»

«Өнер таусыомас азық, сарқылмас байлық», - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де халықтың даналығы. Қазақ қолөнері көркемдік мән - мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған өнер қазынасының бірі ою - өрнек. Оларды жоғалтпай үйретіп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Қазақ халқының ою - өрнекке деген нтасы және сұлулыққа деген көзқарасы өте жақсы дамыған деп ойлаймын.

Ою - өрнек мағынасы бір - біріне өте жақын сөздер. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Қолөнерде

ою - өрнек салмай жасаған бұйымдарды көре алмайсыз. Киіз басудың өзінде киіздің үстіне басқан түсті жүн жабыстыру арқылы түрлі оюды ойластырып, мол мағына беріп жасаған. Кесте өнерінде текемет, аяққап, қоржын сияқты бұйымдарды кестелеуде ою - өрнек қолданамыз. Ою - өрнек салып жасаған бұйымдар көздің жауын алады, өте әдемі көрінеді.

Өнердің басқа түрлері секілді ою - өрнектің де оқушылардың ой - өрісі мен білімдерін жан - жақты дамытуға әсері мол.

ІІ бөлім. Ою - өрнек түрлері мен атаулары.

Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою өте көп. Ою - өрнектің бұл тобын, қазақ халқының ою - өрнектерінің төркіні деуге болады. Бұл дұрыс сияқты, өйткені «мүйіз» өрнегі өте ескі өрнек және ол көбіне мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі елдердің негізгі мәнері ретінде жиі кездеседі. Халқымыздың қоғамдық құрылысы, кәсібі мен күнкөрісі, ұғымы үнемі өзгеріп, үнемі даму үстінде болғанын еске алған жөн. Халықтың ою - өрнегі үнемі өзгеріп дамып отырады. Демек, қошқардың екі мүйізін межелеп бейнелеген оюлар бірте - бірте малдың және аңның төбесін, құлағын, тұмсығын қоса елестетіп тұтас бір композиция жасайды. Сөйтіп, мүйіз кейіптес өрнектердің барлығын қосып, «мүйіз оюы» деп атаған: қошқармүйіз, арқармүйіз, қырықмүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз, сынықмүйіз .


Ұқсас жұмыстар
Ашық сабақ: Атамекен - ата-бабамыздың мекені: сырмақ және ою-өрнек өнері
Сабақ жоспары: Ою-өрнек түрлері мен дайындау реттілігі
Ою-өрнекті сызып қиып жапсыру: қазақ ою-өрнектерінің түрлері мен мағыналары
5-сыныпқа арналған Шебер қолдар ұлттық ою-өрнек бойынша авторлық оқу-әдістемелік технология бағдарламасы
Ұлттық ою-өрнектер: түрлері мен символдық мағыналары
Қазақ ұлттық ою-өрнектері: түрлері, түстері және композициялық негіздері - сабақтар кешені
Ұлттық ою-өрнектердің түрлері мен жіктелуі
Қазақ ұлттық ою-өрнектері: түрлері, мағыналары және дорба тігу бойынша практикалық сабақ
Қазақ ою-өрнектері: тарихы, жіктелуі және тәрбиелік маңызы
6-сынып: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері - түрлері, шығу тарихы және композиция негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz