Сабақ жоспары :: География
Файл қосу
Қаратөбе өзен суларының құрамы мен экологиясы
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ЖОББМ
Авторы: Қалдыбаев Дамир Нұрлыбекұлы
9 сынып оқушысы
Ғылыми жетекші: Амангалиева Фарида Марксовна
жоғары санатты химия пәні мұғалімі
Жоба тақырыбы: Қаратөбе өзен суларының құрамы мен экологиясы
Зерттеудің өзектілігі: Қалдығайты өзен суының сапалық дәрежесі мен экологиялық жағдайы
Зерттеудің мақсаты: Жергілікті жердегі өзен суының ластану мөлшерін, физикалық-химиялық құрамын зерттеу және экологиялық проблемаларын айқындау
Зерттеудің міндеттері: Әр түрлі тәжірибе жасау арқылы өзен суының сапалық, сандық құрамын зерттеу. Су сапасының химиялық-аналитикалық құрамына талдау жасау. Өзен суын тиімді пайдалану арқылы ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру.
Зерттеудің ғылымилығы: Өзен суы құрамының мемлекеттік стандарттық нормативтік көрсеткішіне сай келуін тексеру және қадағалау. Өзеннің экологиялық проблемасын шешудің жолдарын ұсыну.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс тәсілдері саралау, зерттеулер, экологиялық бағалау, салыстыру, жалпылау, бақылау.
Табиғаттың ғажайып байлығы, тіршілік қайнары - су. ХІХ ғасырда өмір сүрген көрнекті неміс физиологі Эмиль Дюбуа Раймон <<Өмір дегеніміз - су>> деп бекер айтпаса керек. Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын рөлі ұлан-ғайыр, әрі сан алуан. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Оның құндылығы да,бірегейлігі де осында. Академик Е.А.Ферсман <<Су - жердегі ең маңызды минерал, онсыз тіршілік жоқ>> деген екен.
Батыс Қазақстан облысының жер беті суларына өзендер, көлдер, су қоймалары жатады. Олар жаңбыр және еріген қар суларының су қоймаларына, жер бедерінің төмен бөлігіне ағып жиналу процесінде пайда болады. Облыс территориясы бойынша 196 өзен ағады, оның ішінде тек сегізінің ағыны тұрақты, ұзындығы 200 шақырымнан асады. Бір географиялық аймақ шегінде орналасқан, алабының ауданы 50 кв. км. ден аз емес 14 кіші өзендер бар, қалған өзендер көктемгі су тасығаннан кейін кебеді де, тек терең ойыстарда да қалады. Облыстың барлық өзендері жазықтық өзендерге жатады. Облыстың шығысында Каспий маңы ойпатында аз сулы Шідерті, Жақсыбай, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты өзендері Байкөтен ойпатында ағынсыз алап құрайды.
Ауданымыздың мақтанышы мен байлығы - Қалдығайты өзені. Оның ұзындығы 242 шақырым, ал су жиналатын алқабы - 5800 шақырым. Өзен Алмастаудан оңтүстік батысқа қарай ағып, аудан жерін кесе өтіп, Төлен, Жолаққамыс сияқты үзік- үзік көлдерге құяды.Аңғары кең тік жарлы болып келе кей жері жайдақ, кей жылдары су арнасынын асып, шаруашылыққа, ел тұрғындарына қауіп төндіреді. Ол үнемі жауын - шашын, қар суымен әрі жер асты суларымен қоректенеді. Қалдығайты өзенінің ұзындығы 10 - 15 шақырымға жететін әр түрлі 40 саласы бар. Сол салаларының ең үлкені - Жарлы.
Қаратөбе өзен суларын биологиялық, химиялық тұрғыда сипаттап, химиялық құрамын зерттеу барысында ауыз сумен салыстырмалы түрде қарастырып, оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтадық.
Зерттеу жұмысы Қаратөбе аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханасымен мектептің химия зертханасында жүргізілді.
Зерттеудің бірінші кезеңінде құбыр суын, құдық суын , өзен суының үлгілерін аламыз.
1.Су көзі жанындағы жүргізілген зертеулер. Судың мөлдірлігін анықтау. Зерттелген суды стақанға құйып, оның бүйірінен ақ қағазбен тұспалап қараймыз. Судың мөлдірлігін, аздап лайлануын байқаймыз.
2.Судың түстілігін анықтау. Стақанның бүйірінен қарағанда судың түссіздігі, болар-болмас сарғыш түсін байқаймыз.
3.Судың иісін анықтау. Арнаулы ыдыстың 2/3 көлеміне зерттелетін су құйып, таза ағаш тығынмен жауып, қатты шайқаймыз. Содан соң тығынды ашып иісін байқаймыз. Бірінші иіскеудің өзінде-ақ күшті иіс сезіледі. Иістің сипаты мен өткірлігін анықтауда арнайы салыстыру кестесі пайдаланылады.
4.Өзен суының сапасына ластану көздерінің әсері. Ластандыратын негізгі көздері: қалдық сулар, тұрмыстық-шаруашылық қалдық сулары, жаңбыр сулары. Олардың ластануы көктемде қар еріген кезде жүреді (қар суы өзен маңындағы қоқысты жуып, өзенді ластайды).
Су көзінің атауы: Жер беті сулары. Қалдығайты өзені
Сынама алыну күні: 16.10. 2014 жыл
Зерттеу мақсаты: Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптары
Көрсеткіштердің атауы
Анықталған концентрациясы
Нормативтік көрсеткіштері
Өлшегіштегі түсі
-
Көрсеткіштегі мөлдірлігі
-
Иісі
-
Жүзіп жүрген қоспалар
-
рН
7,81
6-9
Ерітілген оттегі мг О2/дм[3]
13,9
4,0 кем емес
Жалпы темір мг/дм3
0,06
0,3 кем емес
Хлоридтермг/дм3
531,7
350,0 кем емес
Сульфаттармг/дм3
341,0
500,0 кем емес
Аммиакмг/дм3
0,4
2,0 кем емес
Нитриттермг/дм3
табылған жоқ
3,0 кем емес
Нитраттармг/дм3
1,9
45,0 кем емес
Мысмг/дм3
0,01
1,0 кем емес
Қорғасынмг/дм3
табылған жоқ
0,03 кем емес
Мырышмг/дм3
0,124
5,0 кем емес
Кадмиймг/дм3
табылған жоқ
0,001 кем емес
Кестеден көріп отырғанымыздай, өзен суының рН-7,81, яғни әлсіз сілтілік орта көрсетіп отыр. Қалдығайты, Жақсыбай өзендерінің сынауларында никель,хром,сынап,қорғасын, кадмий анықталмаған.
SPARK сандық өлшеуіш құрылғының көмегімен өзен суының қышқылдығы мен сілтілігін анықталды.
Мақсаты:
Судың өткізгіштігін және pH деңгейін анықтау үшін әр түрлі көздерден су сынамасына талдау өткізу.
Материалдар мен жабдықтар:
* Мәліметтерді жинау жүйесі
* pH датчигі
* Өткізу датчигі
* Мензурка, 250мл (4)
* Ойықталған цилиндр,100мл
* Шағын сыйымдылық (Сірке су қосылған ерітінді үшін)
* Тамызғыш
* Араластыруға арналған былғауыш
* Ақ сірке су, 250 мл
* Су үлгісі 250 мл(3)
* Дистиллиірленген су, 250 мл
* Жапсырмалар
* Маркерлер
Су үлгісінің түрі
Органолептикалық көрсеткіштері
pH
Өзен суы
Сарғыш түсті,жер иісті
8,8
Құбыр суы
Түссіз,иіссіз
9,4
Құдық суы
Түссіз,иіссіз
9,2
Қалдығайты өзенінде бөгет салу құрылысы салдарынан өзен арнасында құмығу процесі орын алуда. Жақсыбай өзенінде тұз құрамының өскендігі байқалады. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық субьектілері шаруашылық обьектілерін өзен жағасынан аластатылуы су көздеріне тасталатын қалдықтар санын біршама азайтты. Қазіргі уақытта аудан көлемінде жер қорларының бүлінуі негізінен өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс орналастырмау болып отыр. Жылма-жыл елді мекен ішінде пайда болған тұрмыстық қалдықтар шығару кезінде мекемелер мен тұрғындар қалдықтарды орналастыру тәртібін сақтамай немесе белгіленген орынға апарылмай жер бетінің құнарлы қабатын бүлдіруде.
Зерттеу жұмысына пікір
Қаратөбе өзен суларын сипаттай отырып, оның құрамына талдау жасалған. SPARK сандық өлшеуіш құрылғының көмегімен өзен суының қышқылдығы мен сілтілігін анықтаған. Қалдығайты өзенінің әлеуметтік-экологиялық проблемасының шешу жолдарына ізденіс жұмысын жүргізген. Өзен суын тиімді пайдалану арқылы ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге өз үлесін қоса білді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Т. Отаров << Қаратөбе жер - су аттары >>, Қаратөбе,1996 ж
2. Қаратөбе ауданы: Тарихи-танымдық анықтамалық. Орал: Дастан,2008., 84 б
3. Ж.М.Туремуратова. Жайық өңірі. Алматы, 2001 ж
4. БҚО Қаратөбе ауданы. ІІІ бөлім. М.Н.Сдықов. Орал, 2006 ж
5. БҚО Энциклопедия. <<Арыс>> баспасы. Алматы,2002 ж
6. А.Ғ. Ғалымов, М.А. Ғалымов, В.И. Амельченко. Батыс Қазақстан облысының географиясы
7.Ұ. Асқарова <<Экология және қоршаған ортаны қорғау>>
8.Ә.Бейсенова., Ж.Шілдебаев Экология. Алматы: <<Мектеп>> 2005ж

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz