Күзде жапырақтардың сарғаюы: механизмдері және сабақ жоспары

Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
Мақсаты: Білімділік: Күзде өсімдіктердің тіршілігінде болатын өзгерістер туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, дидактикалық ойындар орындату арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп, қорытынды шығаруға машықтандыру
Тәрбиелік: Байқағыштыққа, бір-бірін құрметтеуге, қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу
Көрнекілігі: слайд, тірі бөлме өсімдігі, танымдық тапсырмалар
Әдісі: СТО элементтері, сұрақ- жауап,
Түрі: жарыс
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
- Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа сабақ
- Ой қозғау
- Оқулықпен жұмыс
- Сөздікпен жұмыс
- Өзіндік жұмыс
- Топпен жұмыс
- Сергіту сәті
Қорытынды
- Венн диаграммасы
- Үйге тапсырма
- Бағалау
Психологиялық дайындық: Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады
1 топ: Тамыр
ІІ топ Жапырақ
ІІІ топ Сабақ
Ал сіздер бір-бірлеріңе тілек тілеңдер
(оқушылар бір-бірімен қол алысады. )
Үй тапсырмасын тексеру:
Сабақ тобы
1Сабақ дегеніміз не?
2. Сабақтың түрлерін ата.
- Сабақтың атқаратын қызметі туралы айт.
Тамыр тобы
1. Тамыр қайдан пайда болады?
2. Тамырдың өсімдіктер тіршілігіне қандай маңызы бар?
3. Тамыр түрлерін атаңдар.
Жапырақ тобы
- Жапырақ деген не?
- Қызметін айт
- Жапырақ түрлерін ата
Жаңа сабақ: Ой қозғау
Ағаш жапырағы қай кезде әдемі көрінеді?
- Ағаш жапырағы қай кезде сарғаяды?
(Оқушылар ойларын тыңдау)
Жапырақтың қалай сарғаятынын тәжірбие жүзінде көрсету
Оқулықпен жұмыс
Сөздік жұмыс:
Хлорофилл - күн қуатының қатысуымен тамырдан келген су мен ауадан қант, крахмал сияқты қоректік заттар түзеді
Фотосинтез - көмірқышқыл газын тазартып, оттегімен байытады, күн энергиясының қатысуымен болтын құбылыс
Өзіндік жұмыс: «Кім зейінді» Көрсетілген суреттерден анықтау
Тамыр
Кіндік тамыр
Өзекті тамыр
Шашақ тамыр
Қорытынды:
Еркін жазу Егер мен жапырақ болсам . . . шағын эссе
Бағалау:
Үйге тапсырма: Оқу, мазмұндауға дайындалу