Солтүстік Американың жер бедері және пайдалы қазбалары


Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут)
1) Сыныпқа кірісімен оқушылармен сәлемдесіп, кезекшінің көмегімен түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Сыныпта психологиялық ахуал туындату үшін «Жүректен жүрекке» әдісін қолдану.
3) «Жер бедері», «Пайдалы қазбалар» ұғымдарынан қиылған қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу.
«Қарлы кесек» Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы туралы сұрақтар қою:
1) Солтүстік Амерканың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесін ата? /Мак-Кинли, 6193м/
2) Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі қалай аталады? /Өлім аңғары-86 м/
3) Солтүстік Амеркадағы ең суық жерді білесің бе? /Гренландия аралының орталығы-70С/
4) Д/ж ең ұзын жер асты үңгірін білесің бе? /Флинт-Мамонт, Ұзындығы-500 км/
5) Аляска жағалауын зерттеген саяхатшылар кімдер?
/Витус Беринг, Алексей Чириков/
6. Солтүстік Амеиканың шеткі нүктелерін атап, картадан көрсет.
7. Материктің қай бөлігі жаппай мұз басу кезеңінде күшті тілімденуге ұшырады?
/ солтүстік жағалауы/
8. Х. Колумб бастаған испан экспедициясы материктің қай жерлерін зерттеді?
9. Солтүстік Америка табиғатының қандай басты ерекшеліктері бар?
Жаңа тақырыпқа даярлық
(2 минут)
Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қою.
Балалар сендер неліктен жер бедері мен пайдалы қазбалар ұғымдарын таңдау арқылы топқа бөліндік деп ойлайсыңдар?
-Ал енді осы тақырыпқа қандай мақсат қояр едіңдер?
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын табады.
-Жер бедері мен пайдалы қазбалар туралы түсінік қалыптастыру, картамен жұмыс жасауға дағдылану -деп топпен ақылдаса отырып мақсатын қояды.
Жаңа тақырыпты меңгерту
(17 минут)
Слайдтағы мәліметтер мен электронды оқулықты пайдалану арқылы Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы мәлімет беріп, бағыт-бағдар беру.
Мағынаны тануда Жигсо әдісімен оқулықтағы 123-126 бб-дегі 30 тақырыпты екі бөлікке бөліп оқу.
Тақырыппен танысып, оқып болған соң, жұпта және өзара топта талдап, спикерлер келесі топқа барып түсіндіріп, қайта өз тобына оралып, топта постер арқылы қорытындылап, қорғауды ұсыну.
- Жигсо әдісі арқылы оқулықтағы 123-126 бб-дегі 30 тақырыпты екі бөлікке бөліп жекелей оқиды. Жұппен талдап, спикерлер келесі топқа барып түсіндіреді, қайта оралып өз тобына қосылып қортындыға келіп, постер арқылы қорғайды.
Оқулықпен мәтінді жекелей-5 мин, жұпта-2 мин, топпен-6 мин, қорғау-4 мин.
Бекіту
(5 минут)
«Қызыл лента» әдісімен сабақты бекіту. Сөйлем дұрыс айтылса лентаға бір қадам жақындау, дұрыс айтылмаса орнынан қозғалмайды:
1) Солтүстік Америка жер бедерінде 1/3 бөлігін таулар алып жатыр. +
2) Гудзон шығанағының жағалауы қатты майыспағандықтан, мұнда ойпаттар тараған. -
3) Антропоген дәуірінде материктің 50 с. е дейінгі солтүстік бөлігі бірнеше рет жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, қазаншұңқырлар көптеп кездеседі.
-(40 с. е)
4) Материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы ұзын жүйесі созылып жатыр. +
5) Анд испан тілінде аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі»деген мағынаны білдіреді. -(Кордильер)
6) Йеллоустон үстіртінде 3000 -нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар. +
7) Солтүстік Американың ең биік нүктесі-Аконкагуа. -(Мак-Кинли)
8) 1849 ж алтын іздеушілер аптап ыстыққа, шөлге шыдамай «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. +
9) Солтүстік Америка материгі пайдалы қазбаларға бай: темір, мыс, никель, мұнай мен газ, тас көмір кен орындарының мол қоры бар. +
10) Кордильера тау жүйесінің қойнауы қорғасын мен мырышқа өте бай -(мұнай, газ, уран, алтын) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz