6-сынып дене тәрбиесі сабағы: бір орында тұрып допты кеуде тұсында екі қолмен қабылдау

Изображение 022 БатысҚазақстан облысы

Орал қаласы М. Б. Ықсанов атындағы

№36 жалпы орта білім беретін

мектебінің дене тәрбиесі пәнінің

мұғалімі Еркингалиева Жадыра Тлешовна

Сабақтың тақырыбы: Бір орында тұрып допты кеуде тұсындаекі қолмен қабылдау

Сабақтың мақсаты:

- Ойын техникасының элементтерін үйрету, денсаулықты нығайту;

- Оқушыларға төзімділік, ептілік, жылдамдық қасиеттерді қалыптастыру.

- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу ;

Сыныбы: 6 «а»

Сабақтың өтетін орны: Спорт зал

Керекті құрал-жабдықтар: Ысқырғыш, баскетбол добы, кедергілер

Мазмұны
Мөл-шерлеме
Әдістемелік нұсқау
№: І. Дайындық бөлімі 15'
Мазмұны:

Сапқа тұру. Амандасу. Кезекшінің мәліметі. Сабақтың тақырыбын айту.

Саптық жаттығулар:

«Солға!»

«Кері айнал!»

«Оңға!»

«Кері айнал!»

«Оңға!»

«Бастауышының артынан оң иықпен алға бас!»

«Спорттық жүріс!»

Жүру жаттығулары:

- қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру;

- қол белде аяқ сыртымен жүру;

- қол алда, жартылай отырып жүру;

- қол тізеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

  • Жай жүгіріспен жүгіру;
  • Қолымыз белімізде, оң жағымен жылжу;
  • Қолымызбелімізде, сол жағымен жылжу;
  • Сол қол алда, артпен жүгіру;
  • Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
  • Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
  • Қолымыз белден төмен қойып өкшемізді алақанға тигізу;
  • Қолымыз алдақойып, тіземізді алақанға тигізу;

Жалпы дамыту жаттығулары:

  • Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
  • Б. қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
  • Б. қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз алшақ қойып, оңға 2 рет, солға 2 рет отырамыз;
  • Б. қ. 1 қолымызды созамыз, 2еңкейеміз, 3 отырамыз, 4 тұрамыз;
  • Б. қ. аяғымызды а иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
  • қыз балалар 15 рет отырып-тұру.
Мөл-шерлеме:

1'

5'

5'

4'

Әдістемелік нұсқау:

Оқушыларды тексеру, спорт киіміне назар аудару.

Қолды дұрыс айналдыру, аяқты бүкпей орындау

Арақашықтықты сақтау. Алақанға тізені тигізу, кеудені тік ұстау. Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау. Алаңды толық пайдалану.

Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.

Аяқты бүкпей, басымызды дұрыс айналдырамыз

Қолымыз алда дұрыс отырып-тұру

№: ІІ. Негізгі бөлім 25'
Мазмұны:

Жаңа сабақ: Бір орында тұрып допты кеуде тұсында екі қолмен қабылдау

Допты қабылдау және беру негізгі әдіс. Допты бір және екі қолмен қабылдауға болады. Допты нақты қабылдау үшін қолды алға созу керек. нақты әрі тура қабылдау жақсы ойнауға әсер етеді. Допты беру оның бастапқы қалпына байланысты бөлінеді:

  • кеудеден беру;
  • қабылдау;

Баскетбол ойнау кезінде ойыншы ең алдымен бастапқы қалыпта тұра білуді, допты алып жүруді, допты бір орында ұстап тұрып кеуде тұсынан қабылдауды, оң немесе сол қолмен допты ойынға қосуды үйренеді.

Баскетбол ойынына тән төмендегі қимыл-қозғалыс тәсілдерін үйрету;

- ұшып келе жатқан допты екі қолмен қағып алу;

- бір орында тұрып, жүріп, жүгіріп келе жатып допты басқа ойыншыдан кеуде тұсынан қос қолдап қабыдау;

- Допты кеуде тұсында ұстайды, шынтақ төменде, қолды алға жылжытуға байланысты доп алға қарай ұшады, осылай беру қолдың толық түзелуімен аяқталады.

Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны

Баскетбол ойыны 5х5

Мөл-шерлеме:

10'

15'

Әдістемелік нұсқау:

Қауіпсіздік ережесін айта отыру.

Алаңда тәртіп сақтау. C:\Users\Gulaihan\Documents\Сканирование\нац игр\баск.jpeg

C:\Users\Gulaihan\Documents\Сканирование\нац игр\баскетбол.jpeg Айқайлауға болмайды.

Бір-біріне кедергі келтірмеу, ойын барысында мұхият ойнау керек. Допты кеудеден қабылдаған кезде саусақты, қолдың басын қатты ұстау керек.

№: ІІІ. Қорытынды бөлім 5'
Мазмұны:

Жүру

Сапқа тұру;

Қорытынды бағалау

Үйге тапсырма

Қоштасу.

Бір саппен спорт залдан шығару.

Мөл-шерлеме:

1'

1'

1'

1'

1'

Әдістемелік нұсқау:

Жүрулерін қадағалау.

Толық сапқа тұруларын қадағалау

Сабаққа қатысуына байланысты бағалау. Мінез-құлықтарына баға беру.

Қолды бүгіп-жазу, кеуде көтеру.

Бір саппен шығуын қадағалау.


Ұқсас жұмыстар
Допты екі қолмен жоғарыдан беру және төменнен қабылдау: дене тәрбиесі сабақ жоспары
9Б сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабағы: допты тордың астынан және жоғарыдан екі қолмен көтеру
7-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабағы: баскетбол - допты екі қолмен кеудеден беру дағдыларын дамыту
5-сыныпқа арналған волейбол сабағы: допты екі қолмен төменнен және жоғарыдан қабылдау
Әдістемелік әзірлеме: Волейболда жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдау мен допты берудің әдістері
6-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағы: Бір қадам жасап екі қолмен кеудеден доп беру
Балабақшадағы дене тәрбиесі сабағы: 1,5 м арақашықтықтан допты лақтыру және екі қолмен қағып алу дағдыларын дамыту
Допты беру және қабылдау: 7-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған волейбол сабақ жоспары: допты астынан екі қолмен қабылдау және пас беру
Дене тәрбиесі сабағының жоспары: орыннан допты беру және қабылдау (волейбол)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz