Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жұлдызым менің жоғары
Мерзiмі: № 31 Тақырып: Жұлдызым менің жоғары
Құндылық:Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік.
Мұғалiм: Т. Кдырниязова Сынып: 10
Сабақ мақсаты:
Жақсы тілек, сенімінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру; Міндеттері:
-Жақсы тілек, жақсы сөздің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру;
Ішкі сенімдерін дамыту;
Ізгілікке тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын>>.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
Үй тапсырмасына>>Жүрегім соғып тұрғанда>> мәтінін үйден оқу
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
Қалай ойлайсыз үлкендер неліктен жұлдызым жоғары болсын деп неге айтқан?
Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?
Адам жұлдызы жоғары болу үшін не істеу керек?
Әр адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
Біздің ұлттық мінезіміз қандай?
Ойын: Оқушыларға карточкалар таратылады. Тапсырманы эмоциямен көрсетіп, айту керек. Оқушылардан қандай әсер алғандары туралы сұралып, талданады.
-Қайырлы таң!
-Сәлеметсіз бе!
-Қайырлы күн!
-Қайырлы кеш!
-Ассалаумағалейкум!
Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз.
<< Талапты ерге нұр жауар>> Халық сөзі
1. Әңгімелеу.
Тарих не дейді?
Жұлдыздар әлемі әр алуан. Шығыс халықтарында біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болыпты. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды белгілі болған. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты.
Негізі ата-бабаларымыз бір күндік немесе бір маусымдық ауа райының, жолсапарда бағыт бағдарын Ай мен Күннің, Үркер, Темірқазық сынды жұлдыздардың орналасуы, құбылуы арқылы бағамдап біліп отырған. <<Қарашаның қайтуы, күннің тоқырауы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, ай тоғамы>> деген ұғымдарды пайдаланған. Қыста күн құлақтанса, ол қатты аяздың белгісі, жазда күн кенет ысып кетсе - көп ұзамай жаңбыр жауады, қыста кемпірқосақ туса - жыл берекелі, мал төлді, егін, шөп бітік болады, шолпан жарқырап туса - егін, шөп, жеміс бітік бітеді, ай қораланса - жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды, жазда жұлдыздар жарқырап тұрса - келер күн ыстық болады деп жорамалдар жасаған. Ал ең негізгі мәліметтер жұлдыз-жорамал арқылы туады. Оның қазіргі адамдар өміріндегі маңызы мен орны, жұлдыз жорамалға деген көзқарас, күннен күнге оң пікір тудырып, тіпті жұлдыз жорамалға сеніп өмірлік серігіне қосылып, немесе жұлдыз жорамал арқылы жолға шықпайтындар да кездесіп жатады.
1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
<<Жұлдызым менің жоғары>> тақырыбына эссе жазу
1. Топпен ән айту.
<<Рух пне тіл>>
1. Үй тапсырмасы.
1. №31 сабақ, Жұмыс дәптерінде берілген тапсырманы орындап келу.
1. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.Баяу әуен қойылады.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ Кдырниязова Толқын Намысқызы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz