Қазақстанның сәулет өнері. Әсем Астана

Сынып: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы. Қазақстанның сәулет өнері. Әсем Астана.

Сабақтың мақсаты.

а) Білімділік: Сәулет өнері тарихы жайлы мәліметтер беру. Қазақстан сәулет өнерінің дамуы туралы түсінік беріп, оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Отан туралы білімдерін толықтыру. ә) Дамытушылық: Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. б) Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын сүйе білуге, Қазақстанның болашағына деген сенім және елу елдің қатарына ұмытылуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, слайд т. б.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әнгімелеу,

Сабақтың түрі: жана сабақ

Сабақтың барысы.

  1. Қызығушылықты ояту

Бейнелеу өнерінің түрлері

Ой қозғау

- Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?

- Қазақстан дегенде көз алдымызға не елестейді?

Қазақстан- Қазақстанның бас қаласы Астана, Мемлекеттік тіл- қазақ тіліміз бар, Көп ұлттар тұрады, Кең байтақ жеріміз бар, Тұңғыш президенті бар-Н. Ә. Назарбаев, Пайдалы қазбалары көп, Тәуелсіз мемлекетпіз, Рәміздері бар, Мәдениетіміз бар, Өнеріміз бар, Дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан ел.

  1. Мағынаны тану

Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою- өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабажа хатун кесенесі («Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында) . Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын өмірге әкелген. 9 - 14 ғ. Ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 шілде- астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды 1997 жылы 10 желтоқсан- Ақмола Қазақстанның астанасы. 1998 жыл 6 мамыр-Елбасы Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусым- ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы. Олай болса бүгін біз Қазақстанның бас қаласы Астананың көрікті жерлерін сырттай тамашалауға саяхатқа шығамыз.

2002 жылы Еуразияның кіндігі-Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. монументтің биіктігі 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория -алаң бар.

Ақ Орда соңғы дамыған құрылыс әдісімен салынған жаңа резиденция. Президенттің жаңа резиденциясы-Есілдің сол жағалауындағы басты офистік ғимарат-367 шаршы метрді құрап, қазақстандық мәрмәр және гранитті пайдаланып салынған. Ғимараттың ең биік шыңы, шарықтаған қыранның бейнесін көрсеткендей 80 метрді құрайды.

Президент Ақ Ордасында екі елдің ел басшыларының кездесу залы немесе мәжіліс залы орналасқан. Ел басшыларының кездесу залы Алтын зал деп аталады. Ғимараттың құрылысы 2001 жылдың қыркүйек айынан басталды. Арнайы ашылу салтанаты 24. 12. 2004 жылы болды. Бұл ерекше ақтастан соғылған сарай бейбітшілік пен мемлекеттің қуатты бейнесінің символын береді.

Изображение 020

“Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010жылы шілденің 5-ші жұлдызында ашылды. Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан. “Хан Шатыры”бірегей кешені жобасының авторы-танымал, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында болып отыр.

«Нұр-Астана» орталық мешіті

2005жылы 22 наурыздан бастап Астананың сол жағалауының ғажайып келбетіне, жаңа бір көз тартатын ғимаратына айналды. Ұзындығы 63 метр 4 мұнарадан құрылған. 5 мың адамға арнап салынған. Алтынмен апталған Нұр Астана мешіті ислам дінін уағыздаумен қатар барша Астаналықтарды татулыққа, ізгілікке шақырумен келеді”.

Изображение 013

2003жылы “Бейбітшілік және кілісім сарайы”салынады. “Бейбітшілік және келісім сарайы”-ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді. Биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида формасында салынған. Ғимарат жасанды он бес метрлік үйінді үстінде орналасқан. Әртүрлі әлемдік дәстүрлі діндер өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұражайы, Өркениет университеті, 1500 орындық Опера театры орналасқан.

Изображение 023

1997 жылы атауы “Конгресс Холл” деп өзгертілген “Тыңгерлер сарайы” бүгінде қазіргі заманғы концерттік зал ғана емес, сонымен қатар, Астана қаласының басты мәдениет орталығының бірі болып саналады. Онда өткізілетін шаралар Қазақстанның жас елордасының мәдени, сондай-ақ саяси өмірінің қалыптасуының іргетасы ретінде тарихқа еніп отырады. Мысалы, 1999жылы Елбасын ұлықтау рәсімі, Рим папасының Астанаға сапары, Қазақстан Республикасы Президентінің алыс және таяу шет мемлекеттер басшыларымен кездесулері - Конгресс-Холдың тарихында із қалдырды.

Думан ойын-сауық кешенінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүретін мұхиттық аквариум. Мұхит аралдың су қоры 3 миллион литрді құрайды.

Изображение 012

К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры”


Ұқсас жұмыстар
Сәулет өнері жайлы ақпарат
Сәулет өнері
Елбасы туралы шығарма
Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту
Музыка пәнінен оқу бағдарламасы
Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған өлең жолдарынан үзінділер
Астана-менің көзіммен
Мен өз Отанымның азаматымын
Мынау Астана қаласының қай жері
Астана-жердің кіндігі, астана-елдің бірлігі 2 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz