Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Басталған балалық көктемім, Қош бол, бастауыш мектебім
Тақырыбы: <<Басталған балалық көктемім,
Қош бол, бастауыш мектебім>>
Мақсаты: оқушылардың бастауышта білім негізін қалаған бастауыш сыныбын, білім мен тәрбие берген ұстаздарын құрметтеп, білімге құштарлығын арттыру, алған білімдерін негізгі сатыда көрсете білуге бағыт беру.
Мұғалім:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер және оқушылар! Бүгін осында жиналған бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасуға жиналып тұр. Осынау мамыр айының шуақты күнінде <<Басталған балалық көктемім, қош бол, бастауыш мектебім>> атты бастауышпен қоштасу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің 4-сынып бүлдіршіндері өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір сыныпқа есейгелі отыр. Олар қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген сүйікті ұстаздарына, аяулы ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4-сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Хор: <<Әрқашан дос біргеміз>>.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектебім- білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған төрт жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем мәңгі сені мектебім.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Мектеп-үйім, ұстазым менің - ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Мектебім-сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен- бұлақ, мен-қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән: <<Мектебім>>. Орындайтын Қойшекенов Нұрлыбек. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың,- деп келесі жырды ұстаздарына арнайды.
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Шернияз
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көретұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Нуржан
Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақбатаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Максут Гүлханның орындауында <<Мектебім>> әні шырқалады.
Жүргізуші:
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, ана болып көріндің,- дегендей, оқушылардың бастауыш сынып туралы жырларына кезек берейік.
Жандарбек
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім де бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар
Ақыл-білім жетіліп санасында.
Айша
Өзіңде өсіп көктедім
Бақытқа міне, жеткенім.
Балалығымның куәсі-
Сүйікті бастауыш мектебім.
Бибарыс
Болам мен елімнің қыраны,
Көгімде көк туым, жыр әні.
Қадамым басталды жаңарып,
Бастауыш білімнің бұлағы.
Ерасыл
Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Кажи
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма,
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма.
Бастауышта алған білім, жырларым
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Ортада <<Қазақстаным>> әнімен Қамидуллин Әсет. Қарсы алайық!
Данабек
Бастауышым-балбұлағым,
Лаулап жанған шамшырағым.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшар тау қыраның
Акжаркын
Бірдей біздің ойымыз бен сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп-ойнап біріміз бен біріміз.
Саги
Тәрбие білімді жалғаймын
Бүгін мен есейген жандаймын.
Қош бол, бастауыш мектебім,
Енді мен биікке самғаймын.
Асет
Жолыма сіздерден бата алам,
Көмегің көп бізге жасаған.
Әрқашан жаның бір менімен
Рахмет бәріңе ата-анам! бирге
Жүргізуші: <<Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға>>,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолға қалам ұстатып, оң мен солды танытқан, 42 әріпті жаттатып, білім нәрімен сүсындатқан мектептегі ана- ұстаз екені мәлім.
Бүгін мен керемет күйдемін,
Жақсылық тек сенен үйрендім.
Екінші анам ғой деп біліп,
Мен сені ұлың боп сүйгенмін.
Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен ана, әкедейсің.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсің.
Өзіңмен өмірді танығам,
Ізгілік тек сенен дарыған.
Балдырған кезімнен баулыдың
Ұстазым, мен сені сағынам.
Бір өтті өзіңмен қыс-жазым,
Ұстазым өзіңе ұқсадым.
Әлемді әріппен танытқан
Қош бол, алғашқы ұстазым.
Төрт жыл бойы нұрын төккен,
Аттандырған ақ тілекпен.
Ұстаз үмітін ақтаймыз деп,
Серт береміз шын жүректен!
Хажи: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалімдер еңбегі шексіз. <<Мұғалім-мектептің жүрегі>> деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Аяжан: Дұрыс айтасың,Хажи. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Бейбарыс: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз <<Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді>> деген екен.
Санат
Қиындық көрмеңдер өмірде,
Әрқашан ие бол сенімге.
Қанатын қатайтып ұшырдың,
Тілейміз денсаулық сіздерге.
Білім берген ұстаздар,
Бәріңізге мың алғыс!
Бота Бейсенованың әні <<Ұстазға мың тағзым>>. Орындайтын Қайырғалиева Рауза.
<<Ұстазға мың тағзым>>.
Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Толқынында біз жүземіз.
Желбіреген ақ желкені,
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.
Қайырмасы:
Ұстазым,
Жыр сазым.
Бір өзіңе,
Мың тағзым.
Ұстаз-ана, ұстаз-дана,
Нұрлы жүзің жанға пана.
Сенің маржан асыл сөзің,
Әнұранымдай жаңғырады санамда.
Жүргізуші:
Алғашқы ұстаз- ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын,- дей келе сынып жетекшілері Жанаргүл Қабылқызы мен Күләш Молдағалиқызының тілектеріне назар аударайық.
Қош бол, сүйікті,
Қош бол, қымбатты,
Балбұлақ- бастауыш мектебім.
Басталған балалық көктемім,
Қош бол, бастауыш мектебім.
Хор: <<Әрқашан күн сөнбесін!>>
Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл- суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын анам!
Болайын мен де аман!
Солнечный круг, небо вокруг,
Это рисунок мальчишки.
Нарисовал он на листке,
И подписал в уголке.
Припев:
Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда буду я!
Жүргізуші:
Мектеп директорының оқу ісі орынбасары Уразбаева Диляра Қадырғалиқызын құрметпен ортаға шақырамыз.
Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған балақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен әрқашан бала қамын,-деп ата-аналар құттықтауына кезек береміз.
Жүргізуші: Мерекеде бас қостық бәріміз де,
Жарасады әніміз бен сәніміз.
Әуенімен тербелейік вальстің,
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.
Вальс:А.Керімбекованың орындауындағы <<Ұстазым>> әні.
Осылайша <<Басталған балалық көктемім, қош бол, бастауыш мектебім>> кешін аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz