Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тақырып - Наурыз мерекесі

Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағұлымат беру,халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын үйрете отырып,Наурыз халықтың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату,өнерін,мәдениетін қастерлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағыналарын қарай оқушыларды адамгершілікке елін,Отанын сүюге,ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,киіз үй,бесік,қанатты сөздер,шарлар.
1. Ұйымдастыру.
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі <<нау>> -- жаңа, <<руз>> -- кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Наурыздың 22-сі мұсылман халқы үшін Жыл басы,күн мен түн теңелетңн уақыт.Сондықтан да Наурыз Ұлыстың ұлы күні деп аталады. <<Ұлыс>> деген сөз мемлекет деген мағынаны білдіреді.Бұл табиғаттың жер беті бусанып,қар еріп,көктемнің шыға бастайтын уақыты.Көктемде мал төлдеп,қыстан қиеалып шыққан халықтың аузы аққа тиіп,бір жасап қалады.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мейрам тойланатын болады.Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады.Киіз үйдің керексіз заттарын тазартып,үйдегі ыдыстарды сүт,айран,бұлақ суымен толтырған.Бұл-тоқшылықтың белгісі.Мереке сәлемдесуден басталады.Ер адамдар қос қолдап амандасса,әйелдер құшақтасып амандасады.Сәлемдескенде <<Жасың құтты болсын! Ұлыс береке берсін!>> деп тілектер айтады.Күн шыңып келе жатқанда <<Армысың,Қайырымды Күн-АНа !>> деп күнге басын иеді.Күнге тағзым еткен соң,ер адамдар қолдарына күрек алып,бұлақтарды тазартады. <<Бұлақ көрсең көзін аш>> деген сөздер айтылады.Бұлақ қасына ағаштар отырғызады. <<Бір тал кессең,он тал ек!>> деген сөз осыдан қалса керек.Түсте бүкіл жұр жеті түрлі тағамнан жасалған наурыз көже ішеді.Дастарханға ет тағамдары қойылады.Наурыз көжені тойып ішу керек,сонда жыл бойы тоқшылық болады.Дастархан басында жастар үлкендерден бата алған.Кешке жақын жұрт жұр айтысқа жиналады.Жастар алтыбақан тебеді,ұлттық ойындар ойнайды,ән айтадығби билейді.Наурыз-бақыттың бастамасы,ұлылықтың ұйытқысы,жақсының жаршысы,ынтымақтың белгісі,өмірге нұр сыйлаған,сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейітін күн.Наурыз құтты болсын!
ІІ. Тақпақтар
1-оқушы Гүлдана
Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар,халайық!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Ұлыс береке берсін,
Пәле-жала жерге енсін.
Наурыз мерекесі баршамызға құт - береке әкелсін!
2-оқушы: Аяла
Наурыз келді теңіздей шаттығымен,
Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.
Құтты дәмі,берек байлыңымен,
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.
3-оқушы Маржан
Келіңдер,Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік,жыр жырлайық,ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп,Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы уа,Халайық!
4-оқушы Ерасыл
Жүріңдер Наурыз тойңа басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын некен-саяқ.
Ән шырқап,би билейік,қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
5-оқушы Інжу
Наурыз қайта оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз.
Кең дастархан,даламыз,сахынамыз,
Ұлы мейрам-Наурызға шақырамыз.
6-оқушы Қыдырхан
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
ІІІ. Шашу шашу.
7-оқушы Назира
Уа,халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке,бұл тойдың,
Шашуларын шашайық.
8-оқушы Балзия
Шашу! Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа,жамағат,жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір!
Шашу! Шашу! Шашу!
Тойларда шашу шау салты елімнің.
Көңілім дархан,
Несібім мол болсын деп,
Дәм тат мынау шашылған көп шашудан.
9-оқушы Масур
Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
ІV.Көрініс.
10-оқушы Асылжан
Сәлем Анам-Алтын күн!
Сәлем,қарты халқымның!
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым.
1-жүргізуші.
Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға,батар күнге тәу-тәу.
11-оқушы Күн-Ана
О,қасиетті Жер-Ана! Алла тағаланың әмірін қалт жібермей орындап,адамзат үшін саған бас иемін.Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау-тасыңнан ,жан-жануарыңнан бастап адамзатына дейі қуаныш нұрын себу үшін,өзіңнің гүл көктеміңді,Ару көктемді шақырамын.
2-жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
12-оқушы Көктем Ару
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық,
Наурыз тойына жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен,жақсылықпен ашылсын.
Күн Ана
Зарыға күткен Жаңа жылым да,
Наурызым келді - ау!
Жаңа жылым жарылқа ,ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандық әрі кет,әрі кет.
Аласа,Алас! Бар бәледен қалас.
Наурыз батырым келе ғой!
13-оқушы Наурыз Батыр
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуағы халқымның.
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-кәрің.
Жыл иесі-Жаңа жыл
Құт иесі-Жаңа жыл.
Бақыт әкел еліме.
Құт береке молшылық,
Дари берсін жеріме.
1-жүргізуші
Рахмет,Наурыз батыр,Күн Ана ,Ару Көктем тоймызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!
14-оқушы Назира
Күре алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз.
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың.
Күн мен түнді теңелген,
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық наурыз көжеден.
15-оқушы Аяулым
Бүгін күн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз ,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
16-оқушы Нұрсұлтан
Ата-баба тойлаған,
Наурызым,армысың.
Дархан елім,кең далам.
Есен-аман бармысың.
17-оқушы Венера
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығымен шуағымен Күн ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
V. Сұрақ - жауап.
1. Киіз үй бөлшектерін ата.
2. Бала дәстүріне байланысты қандай салт дәстүрлер (тойлар)бар.
3. Ұлттық саз аспаптарын ата.
4. Ұлттық бас киімдерді ата.
5. Ұлттық ойындарды ата.
6. Жарапазан қай уақытта айтылады.
7. <<Жиен ел болмайды,желке ас болмайды>> деген, сөзді кімге айтады.
8. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады.
9.Наурыз көже қалай жасалады.
18- оқушы.Гүлім ай
Ұлы кұні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен,
Наурыз тойы құтты болсын!
Би: Қаражорға
19-оқушы Балзия
Санчыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдапғ
Бұйра бұлақ еркелеп,
Жерге төкті өрмегін.
20-оқушы Арай
Дастарханда дәміміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар,жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
21-оқушы Нұртөре
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада орманда,
Құстар әні төгілді.
22-оқушы Гүлдана
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
23-оқушы Арай
Айналайын балалар
Тоя ішсін деп тамсанып,
Тоғыз түрлі дәм салып.
Наурыз көже пісірдім.
Бұл көжеден татыңдар,
Көктем наурыз тойында.
VI. Жұмбақ жасыру
Дәмді-Дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Бұл не? Бұл дастархан.Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?
Қазақтың ұлттық тағамдары,
Жасымнан жақын бәрі маған.
Теңгермес ем мен оларға,
Ешбір асты ғаламдағы.
-Дастархан басындағы адамдар қалай отырады,асқа қатысты тиымдар мен ырымдармен танысу.
24-оқушы Сағыныш
Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында әр үйдің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
25-оқушы Гүлзия
Түрлді-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Сәнді көктем Нұрымен.
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын.
Ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру.
(қоақ күту тойлармен)
Ұлттық ойындармен таныстыру.
(Алтыбақан,қыз қуу,бәйге,ақсүйек)
Қорытындылау.
Қазақ халқының ежелден салт-дәстүрінің бірі бата - тілек білдіру. <<Сөз арқылы жаратушыға жалынып,жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата - бабаларымыз. <<Жаңбырмен жер көгереді,баиамен ел көгереді>>, <<баталы құл арымас>> -деген ой пәкікірді уағыздап,кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп,ақ ниетпен бата беріп,тілек білдіруді дәстүрге айналдырған.
Бата
Сұрасаң бата берейін,
Ақ тілекті төгейін.
Еліме берсін берекет,
Қашсын сырқат-бәлекет!
Кірсін дәулет есіктен,
Кетсін бейнет тесіктен,
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа!
Дастарханың мол болсын!
Абыройың зор болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт - дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің - деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың салт - дәстүрлеріне тоқталып кету
Ғажайыптар әлемі. қайталау
Жайнаған қазақ еліміз
Көрісу дәстүрі
М. дулатовтың "қош келдің - наурыз! "
Үстеудің түрлерін ажырату
Наурыз өлеңдері
Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрі. Наурыз – жыл басы
Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Пәндер