Мен Қазақстан Республикасының азаматымын

Елтай орта мектебі

Тақырыбы: «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын»

5-6 сынып

Дайындаған: Уахитова А. Ф.

Көктерек 2010-2011 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын»

Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ жеріне, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
  • Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайдтар, қанатты сөздер, мақал мәтелдер, схемалар.

Барысы:

Ән ұраны айтылады.

- Бостандық! - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы апрылысты жай тілмен тарих дейді.

Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 19 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті.

Тәуелсіздік хронологиясы:

  • 1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.
  • 1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышқа ерлік көрсетті.
  • 1992 жылы Қазақстан дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ мүше болды.
  • 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қабылданды.
  • 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта - теңге енгізілді.
  • 1995 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды.
  • 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды.
  • 1999 жылы ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды.

Оқушы:

19 жыл болды күн шыққалы Шығыстан,

Арайлап ат, алтын арай күміс таң.

Қазақстан Ғажапстан болады,

Қазақстан - күні ертеңі Гүлстан.

Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел - қазақ халқы. Қазақ халқы - ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Енді мына сұраққа жауап беріңдер, Еліміз өзінің несімен, қандай қасиеттерімен айбатты, айбынды?

Жауабы: Әнұранымен, туымен, елтаңбасымен айбатты, айбынды.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында не бейнелеген?

Жауабы: Балалар бір-бірден әңгімелейді.

“Біз кімбіз?” ой-толғанысы

Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз

Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

жастармыз.

Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

демократиялы зайырлы

құқықты көпұлтты

әлеуметті біртұтас

Ал енді сынып сағатымыздың келесі кезенімізге көшеміз. «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» сайысы түрінде өтеді. Сайысымыз кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Бәйге». Екі топқа сұрақтар беріледі. Қай топ дұрыс жауап береді 5 ұпайға ие болады.

1) Қазақтардың басын қосқан хан? (Абылайхан)

2) ҚР туының түсі? (көгілдір)

3) Қазақтың ұлттық сусыны? (қымыз)

4) Мұсылман халқының қасиетті кітабы? (құран)

5) Желтоқсан оқиғасы болған жыл? (1986 жылы)

6) Қазақ халқының тұрмыс үйі? (киіз үй)

7) Қазақстан Ркспубликасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

8) Ақындар сайысы? (айтыс)

9) Киіз үйде киелі орын қалай аталады? (төр)

10) Қалындық үшін берілетін төлем? (қалым)

11) ЕҚЫҰ саммитіне неше ел қатысты? (55)

12) Қазақстанның Швейцариясы? (Бурабай)

13) Қазақтың ата заңдары? («Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Жеті жарғы»)

14) ҚР ұлттық валютасы? (теңге)

15) 2011 жылы өтетін Азияда спорттық ойындары қандай қалада өтеді? (Алматыда)

16) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» бұл кімнің сөзі? (Абай)


Ұқсас жұмыстар
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Отан. Астанам
БҮБ стратегиясы
Мен – тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Азаматтық
Қалалар
Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу
Орал қаласы
Айтылған сөз
Жасыл түс
Астана-Бәйтерек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz