Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Негізгі геометриялық фигуралар

Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№10 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Атенова Балсайра Керимбаевна

Сабақтың тақырыбы: Негізгі геометриялық фигуралар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қарапайым және негізгі геометриялық фигураларды қаншалықты біліп танығандығын анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәнерін, ойын жеткізу, білгенін хабардар ету қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Пәннің қоғам өміріндегі, күнделікті тұрмыстағы рөлін көрсете білу. Оқушының өзін қоршаған ортаға эстетикалық көз қараспен қараауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталаау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, ұлттық тұрмыс заттары кескінделген бейне көрнекіліктер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
II. Қайталау. Білімді бақылау: Оқушылар дың есте сақтау қабілетін байқау үшін сұрақтар қойылады:
1. Жалпы геометрия пәні нені үйретеді?
2. Қандай фигуралар қарапайым геометриялық фигураларға жатады?
3. Негізгі геометриялық фигураларды ата?
III.Жалпы білімді бекіту:
Кез келген адамның <<Қандай геометриялық фигураларды білесің?>> деп сұрасаңыз, <<Үшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, параллелограмм, призма, куб, т.с.с.>> деп жауап береді. Негізгі ең қарапайым геометриялық фигура ол - нүкте.

1. Нүкте-жазықтықтағы берілген қандайда да бір белгі, бастама.
Түзу- нүктелердің жиынтығы. Ол шексіз созылады.
Егер түзудің кез келген екі жерінен кесіп алсақ, ол кесіндіні береді. Кесіндінің екі жақ шеті шектелген.
Сәуле - бір жағы шектелген, екінші жағы шексіз созылатын түзу.

2.Түзулердің әрекеті: b
Екі түзу қиылысады.
а
Екі түзу параллель орналасады, яғни қиылыспайды.
a
a║b
b
3.Екі бұрыш-сыбайлас

1 2 <1+<2=180°

Екі бұрыш вертикаль

1 2 <1=<2

4.Бұрыштардандың түрлері.
Сүйір бұрыш

1 <1 кіші 90°

Доғал бұрыш

1 <1 кіші 180°, үлкен 90°

Жазық бұрыш

1 <1 = 180°

Тік бұрыш

<1 = 90°
1
5.Үшбұрыштың бұрыш шамаларына қарай бөлінген түрлері:
Тік бұрышты үшбұрыш

Доғал бұрышты үшбұрыш

Сүйір бұрышты үшбұрыш

Тұжырымдама: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180° қа тең болады.

6.Төртбұрыштың екі түрі:
Тіктөртбұрыш-бұрыштары 90°қа тең. Екі ені, екі ұзындығы болады.

Шаршы-барлық қабырғалары өзара тең төртбұрыш.

7.Шеңбер. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны шеңбер деп аталады.

Сабақты қорытындылау.
Сонымен бізді қоршаған ортаның барлығы геометриялық фигуралардан тұрады екен. Қарапайым және негізгі геометриялық фигуралардың маңызы осында.
Тапсырма: Мына берілген фигуралардан қалаған заттарыңыздың бейнесін құрастырыңыздар.
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Орта мерзімді жоспар, математика. 1 сынып
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Топтарға сұрақтар дайындау
Математика пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
Бұрыштардың түрлері
Кеңістік фигуралары
Жұлдыз құрағын тігу
Геометриялық фигураларды ата
Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып
Діни экстремизмнің таралу қаупі
Пәндер