Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
АЙТУҒА ОҢАЙ ток-шоуыны
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! ҰОС ардагерлеріне тағзым көрсету салтанатын ашық деп жариялаймыз. Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күнді барлығымыз мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, гүл шоқтарын қояйық.
(Оқушылар өлеңдерін оқып, гүл шоқтарын қояды)
<<Ешкімде, ешқашан да ұмытылмайды>>. Бұл сөздің астарындағы мағынаны өткенге емес, болашаққа арналған. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы елімізде мәңгі сақталады. ҰОС ардагерлері ұрпақтарына және тыл ардагерлеріне Жеңістің белгісі георгиевская лента тағылсын.
(оқушылар георгиевская лента тағады)
<<АЙТУҒА ОҢАЙ>> ток-шоуыны
Жүргізуші: Жеңіс!!!!!!! Иә, бұл сөз тек айтуға оңай. Бұл сөздің астарында қайғы-қасіретке, қауіп-қатерге, қан төгіс пен төгілген жасқа, сұрапыл, сұмпайы оқиғаларға толы Ұлы Отан соғысы жатыр. Уақыт тарих бетін парақтаса да, күндер өтіп, ай алмасып, зымырап жылдар өтсе де, ешбір уақыт ұзақтығы бұл кезеңді ұмыттырмайды. бұл соғыс ұрпағы ұмытпауы үшін де ұмытылмайды. Соғыс сөзін бүгінде Жеңіс сөзіне айналдырғалы 70-жыл. Әрине, өткенді алмастыра алмасақ та, әкелер қатарынан қалған ерлерді, жорық жолын жеңіспен аяқтаған майдангерлерді, асыл тастай құрметтеп, шежіре бұлағындай бағалай алатын ұрпақпыз. Бүгінгі <<Айтуға оңай>> ток-шоуымыздың тақырыбын <<1418 күн мен түн>> деп алып отырмыз. Ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелеріміздің ұрпақтарымен кездесу кешіне қош келдіңіздер.
Бұл кеш елі мен жері үшін жанын қиып, туған елдің бір уыс топырағын болса да жау қолына бермеу үшін күрескен бабаларымыздың ерлігін жас ұрпаққа дәріптеп, олардың бала-шағасына айтып кеткен әңгімелерін тыңдап, көкейіміздегі сұрақтарды қою мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей.
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті. Қане барлығымыз соғыста құрбан болғанг жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.
(1минут үнсіздік)
Олай болса алдымен, соғыс жылдарында 21 жаста болған қыршын қыз, бүгінде немере-шөбере сүйіп отырған, 95 жастағы Мәрияш әжеміз жайлы бейнехабарды тамашалайық.
ВИДЕО: Марияш әже
Жүргізуші: Бүгінгі шарамыздың қадірлі қонағы болып мектебімізге ауылымыздың құрметті ақсақалы Талла атамыз бен ақ жаулықты анамыз Бибәтима әже келіп отыр. Қошемет көрсетіп қояйық! (шапалақ)
-Ата, сұм соғыс басталған кезде неше жаста едіңіз? Соғыс деген сөздің мағынасын сол кезде қалай түсіндіңіз?
Талла атының сөзі
-Батима әже, сіз де 13 жастағы өрімдей бала болған екенсіз. Соғыс басталғанда қайда болдыңыз?
Батима әженің сөзі
Жүргізуші: ауылымыздың тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Әпек Тлеубергенов 1906 жылы дүниеге келген. Соғыс басталған соң әскерге шақырту алған жас солдат 1942 жылы майдан даласына аттанады. Туған елге 1946 жылы оралған жеңмпаздың ұрпақтары да студиямызға келіп отыр. Қарсы алыңыздар Тәуекел Тілеубергенов.
Соғысқа қатысып елі-жері үшін жанын салған, барын берген қазыналы қарттарымыздың бірі Әбсат Ерманов еді. Әбсат ата 1920 жылы дүниеге келген. 1938 жылы әскер қатарына шақырылып, енді туған жерге ораламын деп жүргенде соғыс басталып кетіп, атамыз 8 жыл оқ астында, жау қасында жүрген. 1941-1946 жылдар аралығында Сталинград майданында болып, жеңісті өзге жерде қарсы алған. 2001 жылы қайтыс болған атамыздың ұлы Елубай Ерманов бүгін бізде қонақта. Қош келдіңіздер!
-Тәуекел ата, Әкеңіз соғыс жайлы естеліктерімен бөлісті ме? Майдандас достары жайлы сізге айтатын ба еді?
Тәуекел Тлеубергеновтің сөзі
-Елубай көке, Әкеңіз фашистермен кездескен бе? Ең алғаш майданға аттанған кезін айтатын ба еді?
Елубай Ермановтың сөзі
Баға жетпес естеліктермен бөліскендеріңізге көп рахмет! Келесі кезекті әнге берсек. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр қыздарымыздың біріне арналған <<Әлия>> әнін Мөлдір Түркебаеваның орындауында тамашалаңыздар.
ӘН
Жүргізуші: Соғыста асқан ерлік көрсеткен жас солдаттың бірі Әнихан Рахметов. Әнихан ата 1941-1946 жылдар аралығында соғыста болып, 3 рет жарақат алған. Бірнеше медальдармен, марапаттаулардың иегері болған атамыздың ұлы Қалдыбай Әниханұлы бүгін бізбен естеліктермен бөлісуге келді.
Жерлесіміз Дүйсен Тлеуов Сталинград, Украина майданында соғысқа қатысқан. Қан соғыста 4 рет жарақат алып, кейіннен ауылшаруашылығының дамуына атсалысқан батырдың ұрпағы Боранбай Дүйсеновті ортаға шақырып, әңгімеге тартсақ.
Алдымен Соғыс ардагері, <<Ерлігі үшін>>, <<Германиядағы жеңісі үшін>> медальдарының иегері Нүрпейіс Құрманбаевтың ұлы Нұрлан Нүрпейісов туралы хабардар болайық
(Оқушы Нұрлан Нүрпейісов туралы жинаған материалдарын айтады)
-Әкелеріңіз соғыста ерекше есте қалған оқиғаларымен бөліскен шығар. Айта отырсаңыздар.
Көрермендер тарапынан қонақтарымызға сұрақ болса, қоюға рұқсат.
КӨРЕРМЕНДЕР
Көп көп рахмет, енді кезекте сол сұрапыл жылдардан естелік көрсек экранға назар аударайық
ВИДЕО
Жүргізуші: Ауылымыздың мақтаныштары, батыр аталарымыз ағайынды Қожахметов Іскендір мен Қожахметов Тапай ата. Жастайынан майдан даласына аттанған ағайындылар соғыс аяқталған соң да ауылда мал бағып, шөп шауып қызу жұмысқа араласқан. Батырлар ұрпағы Құлжанбай, Мағау Қожахметовтерді ортаға шақырайық.
-Аға, ардагердің ұрпағы болған қандай?
-Соғыста алған жарақаттары қаншалықты еді? Қай жерінен жарақат алған?
Кезекті тағы бір әнге берсек деп отырмын.
Ән
Қорытынды сөз: 4 жыл. 1418 қан мен терге, жас пен үмітке толы күн мен түн. Бұл соғысқа қатысқан мыңдаған азамат оттың ортасында жалынға түсіп, оқтың жылдамдығынан, бомбаның жарылғанынан, жауыз фашистің зұлымдығынан құтыла алмады. Жанын қиып кете барды, ең бастысы олар ұрпағына Жеңіс сыйлады. Ал, тәуелсіз елдің таңын көрген ата-әжелеріміз бақытты. Олар бейбіт күнді көзбен көрді, жүрекпен сезінді. Майданда қан кешкен батырларымыздың ерлігі бір төбе, ал тылдағы, ауылда, совхозда, елді-мекендерде қалған бала-шаға, қыз-келіншек, қарттарымыздың жеңісті жақындатудағы еңбегі өлшеусіз. Оларды біз бүгінде тыл ардагері деп келеміз. Мың тағзым етеміз! Соғыстың аяқталғанына 70 жыл толса да жеңімпаздарымыздың жүрек түбінде сақталған қара дақ ешқашан өшпейді. Айтуға оңай.... Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Мереке құтты болсын, ағайын! Жеңісті күндерде жолыққанша!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz